Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 270 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын: «37-1) Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтiк паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;». 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|