ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 2002 жылғы 19 тамыз N 918
"Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.16. N 557 қаулысымен.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.16. N 557 қаулысымен.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 19 тамыздағы
N 918 қаулысымен
бекiтiлген

Қаржыландыру көздерiне қарамастан, құрылысқа арналған
жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргiзу,
сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан
жобаларды бекiту ережесi

Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.23. N 1656 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз, 2009.10.31. жарияланды) Қаулысымен.

1-бөлiм. Қаржыландыру көздерiне қарамастан, құрылысқа арналған
жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргiзу

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қаржыландыру көздерiне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.
Осы бөлiм ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерiнiң, коммуникациялардың жаңаларын салуға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы) және жұмыс iстеп тұрғандарың өзгертуге (қайта жаңартуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге), сондай-ақ аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға арналған жобалардың сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Құрылыс жобаларына мемлекетаралық сараптама жүргiзу тәртiбi халықаралық шартқа сәйкес белгiленедi.
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Ереже мемлекеттiк кешендi қала құрылысы сараптамасын жүргiзу тәртiбiне қолданылмайды.
3. Бөлiмде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурстық (тендерлiк) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын (шектеулерiн), сондай-ақ құрылыс объектiлерiнiң негiзгi техника- экономикалық көрсеткiштерiн қамтитын құжаттама;
2) құрылыстың ықтимал қауiптi объектiлерi - функционалдық мақсаты, технологиялық өндiрiстiк үдерiстерi, пайдалану сипаттамалары бойынша адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiретiн, техногендiк және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiнiң бұзылу қаупiн туғызатын объектiлер;
3) техникалық жағынан күрделi объектiлердiң құрылыс жобалары - мақсаты мен жауапкершiлiк деңгейiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық жағынан күрделiлер қатарына жатқызылған ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы.
4. Жобалардың сараптамасын тиiстi лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте жобаларды мемлекеттiк сараптауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға жүзеге асырады. Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектiлерi жүзеге асырады.
5. Жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға (бұдан әрi - Мемсараптама) белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының тiзбесiне қосылады.

2. Сараптама жүргiзу тәртiбi

. Жобалардың сараптамасы олар бекiтiлгенге дейiн жүргiзiледi. Мiндеттi сараптамаға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген құрылысқа арналған жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы аяқталмаған болып саналады және одан әрi iске асыруға жатпайды.
7. Жобалардың жеке және заңды тұлғалар орындайтын сараптамасы шығындарды қаралатын жобаның құнына жатқыза отырып, шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк сараптама жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Мемсараптама белгiлейдi.
8. Жобалардың сараптамасы объектiлердi пайдалануға енгiзгеннен кейiн олардың тұрақты жұмыс iстеуiн жобалық шешiмдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарға:
1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекiтiлген қала құрылысы (жоспарлау) шешiмдерiне және осы құрылыс учаскесiнiң (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестiгiне;
2) мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтерде белгiленген жарылыс және өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi мiндеттi талаптарды, инженерлiк, энергия және ресурс үнемдеушi, экологиялық және санитарлық талаптарды сақтауға;
3) қабылданған көлемдiк-жоспарлық және сындарлы шешiмдердiң, қолданылатын материалдар мен инженерлiк жабдықтың негiздiлiгiне, құрылыс құрастырмаларының сенiмдiлiгi мен төзiмдiлiгiне;
4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген құрылыс көлемдерiнiң негiздiлiгiне және орындылығына;
5) көрсеткiштердiң, оның iшiнде құрылыстың есептiк немесе сметалық құнының негiздiлiгi мен дұрыстығына арналған сараптамалық бағалауды қамтиды.
9. Сараптама жүргiзген кезде жобаны әзiрлеушiде жобалау (жобалау-iздестiру) жұмыстарының тиiстi түрлерiне лицензиясының болуы немесе болмауы да белгiленедi.
10. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемлекеттiк нормативтерде көзделген көлемде ұсынады.
11. Жобаның ұсынылған материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттiк нормативтерде белгiленген талаптарға сәйкестiгi олар сараптамаға түскен күнiнен бастан күнтiзбелiк бес күн iшiнде тексерiледi.
Жобаның толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместiгi белгiленген жағдайда тапсырысшыға (инвесторға) не ол уәкiлеттiк берген бас жобалаушыға жетiспейтiн материалдар не жобаны құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтiру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрi - Хабарлама) жiберiледi.
Егер тапсырысшы (инвестор) не ол уәкiлеттiк берген бас жобалаушы жетiспейтiн материалдарды ұсынбаса не ол ұсынған материалдар құрамы бойынша талаптарға сәйкес келмесе, онда жоба Хабарлама жiберiлген күннен бастап жетi күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн оның себебiн жазбаша негiздей отырып, қайтарылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.12 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
12. Мемлекеттiк сараптаманың құзыретiне жатпайтын және сараптамалық жұмыстар нарығының субъектiлерi жүзеге асыратын жобаларға сараптама жүргiзудiң мерзiмдерi мен ұзақтығы олардың шарттарында белгiленедi, бiрақ күнтiзбелiк қырық бес күннен аспауы тиiс.
Жобаларға мемлекеттiк сараптама жүргiзудiң мерзiмдерi мен ұзақтығы шартта белгiленедi, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Техникалық жағынан аса күрделi объектiлердi (кешендердi) салуға арналған жобаларға не Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн кешендi қала құрылысы құжаттамасына мемлекеттiк сараптама жүргiзген кезде оның ұзақтығы 60 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салуға арналған жобаларға мемлекеттiк сараптама жүргiзудiң ұзақтығы 15 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Мемлекеттiк сараптама жүргiзу ұзақтығының көрсетiлген шектеулерi жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңiмен әзiрлеу және осы Ереженiң 21-тармағында көзделген құрылысты кезең-кезеңiмен жүргiзу барысындағы сараптамалық сүйемелдеу режимiнде оны жүзеге асыруға қолданылмайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.12 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
13. Бекiтiлген жобалық шешiмдерге және негiзгi техника-экономикалық көрсеткiштерге әсер ететiн өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлетiн жобалар жаңадан әзiрленетiн жобалар үшiн белгiленген тәртiппен қайта сараптауға жатады.
14. Әзiрленген және сараптама жүргiзiлгеннен кейiн үш және одан да көп жыл iшiнде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескiрген болып саналады әрi заңнама белгiленген тәртiппен жаңадан сараптама жүргiзiлгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
15. Осы бөлiмге сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекiтуге және оларды iске асыруды бастауға (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне және құрылыс жүргiзуге рұқсаттар беруге) жол берiлмейдi.
16. Жобалардың сараптамасын жүргiзетiн (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғалар инвестициялардың тиiмдiлiгiн талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне тәуелдi емес. Өкiлдi, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның сараптаманың кәсiптiк қызметiне араласуға құқығы жоқ.
17. Жобалардың сараптамасын жүргiзетiн (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар берiледi:
1) жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша жобаларды бекiтуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жiберу;
2) тапсырысшы қорытындыларда келiсiлген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда бұрын берiлген оң қорытындыны керi қайтарып алу;
3) қаралып отырған жобаның мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаны әзiрлеушi жекелеген мамандар тұлғасындағы тапсырысшыларынан сараптаманы сапалы жүргiзу үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты заңнамада белгiленген тәртiппен сұрату және алу;
4) белгiленген тәртiппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшiн мамандарды тарту.
18. Сараптамаға жататын, бiрақ мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын құрылыс жобаларының тапсырысшысы (инвесторы) өз қалауы бойынша сараптамалық жұмыстар нарығы субъектiсiнiң лицензиясы бар кез келген жеке немесе заңды тұлғаны сарапшы ретiнде таңдауға не жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлғаға жүгiнуге құқылы.
3. Жобалардың мемлекеттiк сараптамасы
19. Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне:
1) мемлекеттiк инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылатын, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен шығарылатын өнiм немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттiк меншiк үлесi көзделетiн;
2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы жөнiндегi, әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарының қол жеткiзуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бiрегей және сирек ландшафттарды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн белгiленiп отырған пайдалану бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялар негiздемелерiнiң, техника-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы жатады.
20. Мемлекеттiк сараптамаға, сондай-ақ межелi немесе берiлген параметрлерiн, көрсеткiштерi мен сипаттамаларын (техникалық ерекшелiктерiн) қамтитын бөлiгiнде құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектiлер бойынша мердiгерлiк жұмыстарға (қызметтерге) мемлекеттiк сатып алу жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалар жатады.
21. Кезең-кезеңiмен жобалау және салу көзделген объектiлер мен кешендер бойынша жобалардың мемлекеттiк сараптамасы (сараптамалық сүйемелдеу) тиiстi кезеңдер бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Сараптамалық сүйемелдеудi жүзеге асыру тәртiбi сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттiк нормативтерде белгiленедi.
22. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылары өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жобалардың кешендi мемлекеттiк сараптамасын жүргiзуге тартылған сарапшылар ретiнде өз мамандарының қатысуын қамтамасыз етедi.
23. Жобаны қарау нәтижелерi бойынша және жобаның бөлiмдерi қорытындыларының тартылған сарапшылар дайындаған тұжырымдарын ескере отырып, мемлекеттiк сараптама:
1) жобаны және оның негiзгi техника-экономикалық көрсеткiштерiн бекiтуге ұсынумен;
2) жобаны пысықтауға қайтару туралы;
3) мемлекеттiк сараптаманың осындай қорытындысының себептерiн көрсете отырып, жобаны қабылдамау туралы тұжырымдарды қамтитын жиынтық сараптамалық қорытынды жасайды.
24. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қоспағанда, жобалау алдындағы құжаттама бойынша оң қорытынды оны белгiленген тәртiппен бекiту және инвестордың құрылыс объектiсiн инвестициялау жөнiнде шешiм қабылдауы, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу үшiн негiз болады.
25. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша оң қорытынды оны белгiленген тәртiппен бекiту және жобаны iске асыру жөнiндегi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру үшiн негiз болады.
26. Мердiгерлiк жұмыстарды (қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттама құрамындағы техникалық ерекшелiк бойынша оң қорытынды конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекiту, сондай-ақ мердiгерлiк қызметтердi жеткiзушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн бағалау үшiн негiз болады.
2-бөлiм. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан
жобаларды бекiту
1. Жалпы ережелер
27. Осы бөлiм объектiлер мен олардың кешендерiн салуға (қайта жаңартуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге), инженерлiк және көлiктiк коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекiту (қайта бекiту) тәртiбiн белгiлейдi.
Мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан объектiлер бойынша жобаларды бекiту тәртiбi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттiк нормативтерге сәйкес жүзеге асыралады.
28. Осы бөлiмде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және оның нәтижелерiне кол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк орган;
2) бюджеттiк инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды iске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттiң активтерiн құру есебiнен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру;
3) бюджеттiк инвестициялық жоба - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде бюджет қаражаты есебiнен iске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектiлердi тұрғызуға (салуға) не қолда барларын қайта жаңартуға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
4) құрылысқа мемлекеттiк инвестициялар - бюджеттiк инвестициялар есебiнен, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiкпен не мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлетiн мемлекеттiк емес қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыру;
5) қайта есептеудiң жоспарлы коэффициентi - 2001 жылдың айлық есептiк көрсеткiшiне қатысты сәулет, кала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тиiстi жылдың айлық есептiк көрсеткiшiнiң өзгеру индексi;
6) құрылыстың есеп айырысу құны - құрылыс объектiсiнiң (кешенiнiң) құрылысқа арналған жобалау алдындағы құжаттаманы әзiрлеген кезде мемлекеттiк нормативтер бойынша айқындалатын құны;
7) құрылыстың сметалық құны - құрылыс объектiсiнiң (кешенiнiң) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзiрлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын құны.
29. Құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейiн үш айдан кешiктiрмей бекiтуге ұсынылуға тиiс.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы оны iске асыратын жылға дейiн бекiтiлуге тиiс.
30. Мемлекеттiк инвестиңиялар есебiнен салынатын объектiлер бойынша жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздеме) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы олар бекiтiлгеннен кейiн iске асырылылуға тиiс.
31. Әзiрлеу аяқталғаннан кейiн ол бойынша үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескiрген болып саналады әрi заңнама белгiленген тәртiппен жаңадан сараптама жүргiзiлгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
2. Бекiту тәртiбi
32. Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейiн мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын объектiлер мен кешендердi салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны:
1) ағымдағы бағамен 1300000 (бiр миллион үш жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiн болса - мемлекеттiк органдар - бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтуге тиiс;
2) ағымдағы бағамен 1300000 (бiр миллион үш жүз мың) айлық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары болса - сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтуге тиiс.
Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.04 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
33. Құрылысын қаржыландыру мемлекеттiк кепiлдiкпен не мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлетiн мемлекеттiк емес қарыз қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын объектiлер бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарыз алушының ұсынуы бойынша осы бөлiмде белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi және қайта бекiтедi.
34. Жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекiту (қайта бекiту) Ереженiң 32-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тәртiппен негiзгi техника-экономикалық көрсеткiштердi, оның iшiнде құрылыстың есеп айырысу немесе сметалық құнын көрсете отырып жүзеге асырылады.
35. Салу ұзақтығы бiр жылдан жоғары объектiлер бойынша жұмыстардың құны тиiстi жылдың айлық есептiк көрсеткiшiнiң негiзiнде айқындалатын қайта есептеудiң жоспарлы коэффициентiн қолдана отырып, көлемдi жылдар бойынша бөлiп, құрылыстың нормативтiк мерзiмiн ескере отырып айқындалады.
«35-1. Құрылыс мерзiмi бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннiң техникалық жағынан күрделi және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен iске асырылатын) объектiлерi үшiн әзiрленетiн жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы құрылыстың жиынтық сметалық есептемесiнде құрылыс құнының сметалық есептемесiнiң 10 %-ы мөлшерiнде тапсырысшының иелiгiнде қалатын қаражат резервiн көздеуi кажет.
Құрылыс мерзiмi бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннiң техникалық жағынан күрделi және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен iске асырылатын) объектiлерi үшiн құрылыс құнының сметалық есептемесiнiң 10 %-ы мөлшерiнде тапсырысшының иелiгiнде қалатын қаражат резервiн пайдалану тәртiбiн индустриялық саясат саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 2-кiшi бөлiм 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.30 № 289 Қаулысымен.
36. Ереженiң 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау алдындағы құжаттаманы бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға:
1) қағаз және электронды жеткiзгiштегi жобалау алдындағы құжаттаманы;
2) мемлекеттiк сараптама қорытындысын ұсынады.
37. Ереженiң 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға:
1) жобаға түсiндiрме жазбаны;
2) қағаз және электронды жеткiзгiштегi жобалау-сметалық құжаттаманы;
3) мемлекеттiк сараптама қорытындысын ұсынады.
38. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бекiтiлген сәттен бастап оларды әзiрлеу аяқталды деп саналады.
39. Бюджеттiк инвестициялық жобалар бекiту туралы бұйрықта көрсетiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығына сәйкес қаржыландырылады.
40. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттердiң аумағындағы құрылыс қызметi аумағында аталған жоба iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасын түзетудiң және оларды қайтадан бекiтудiң
(қайта бекiтудiң) ерекшелiктерi
41. Егер жобаны iске асыру басталғанға дейiн немесе белгiленген объектiнi салу барысында оған объектiнiң конструктивтi схемасына, оның көлем-жоспарлық, инженерлiк-техникалық немесе технологиялық шешiмдерге әсер ететiн қағидаттық сипаттағы өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудiң негiзделген қажеттiлiгi, сондай-ақ құндық және басқа да бекiтiлген техника-экономикалық көрсеткiштердi қозғайтын өзге де объективтi факторлар туындаса, бұрын бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы қайта өңделуi мүмкiн.
42. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техника-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
43. Бюджет комиссиясы қарамай және ұсынбай бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеде немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның үлгi жобасында көзделмеген бюджеттiң қосымша шығыстарына әкеп соқтыратын жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша құрамдас бөлiктердi енгiзуге байланысты бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.12 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
44. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.12 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
45. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.12 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
46. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету (қайта бекiту) қажеттiлiгi құрылыс үдерiсiнде туындаған жағдайда, онда құрылыстың жай-күйi туралы мәлiметтер мен орындалған жұмыстар актiлерiнiң көшiрмелерi Ереженiң 32-тармағына сәйкес қайтадан мемлекеттiк сараптама жүргiзу және қайта бекiту үшiн ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгiзiледi.
Бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша тиiстi бюджет комиссиясының шешiмi қосымша ұсынылады.
Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.21 N 746 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
47. Құрылыс мерзiмi үш жылдан астам және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 қыркүйектегi № 791 қаулысы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн iске асырылатын жылу-энергетика кешенiнiң техникалық жағынан күрделi объектiлерiн жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзету кезiнде шығындар тәуелсiз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстардың актiлерiне сәйкес ескерiледi.
Ескерту. 3-кiшi бөлiм 47-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.04 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 19 тамыздағы
N 918 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 30, 346-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 17, 146-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 353 қаулысымен бекiтiлген сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлетiн 2-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 95-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн 6-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi "Жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 сәуiрiндегi N 632 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 227-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina