Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 311 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 қыркүйектегi № 939 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 қыркүйектегi № 939 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1-тармақтағы «Атырау,» деген сөз алып тасталсын; 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Атырау,» деген сөз алып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|