Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi № 343 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылгы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 45-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiнде: 2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын: «отандық және шетелдiк селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|