ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 қыркүйектегi N 903 Қаулысы
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде сауда саясатын жетiлдiру, ықпалдасу үдерiстерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген

Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.26 N 353 Қаулыымен.

Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

Келiмбетов
Қайрат Нематұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға

Айтжанова
Жанар Сейдахметқызы

Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция iстерi министрi, төрағаның орынбасары

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрi, хатшы

Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бiрiншi вице-министрi

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi

Ерғожин
Дәулет Едiлұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi

Өмiрияев
Мүслiм Тайырұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Толымбаев
Берiк Зиябекұлы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрi

Әлiмқұлов
Еркеғали Амантайұлы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi төрағасының орынбасары (Монополияға қарсы агенттiк)

Досмұхамбетова
Балжан Ибатқызы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары

Жұмадiлдаев
Әнуар Серқұлұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы

Мамашева
Дина Талғатқызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары

Сәдуақасов
Дәрмен Қанатұлы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Стратегиялық әзiрлемелер және талдау орталығының Бәсекеге қабiлеттiлiктi талдау секторының меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Әкiмбекова
Айжан Тәуешқызы

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-экономикалық мониторинг бөлiмiнiң консультанты (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

2. Комиссия қызметiнiң мақсаттары

РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
4. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудi (әкетудi) реттеудiң кеден-тарифтiк және тарифтiк емес шараларын қолдану жөнiндегi, тарифтiк квоталарды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру жолымен Қазақстанның әлемдiк сауда жүйесiне тиiмдi ықпалдасуы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.

3. Комиссияның мiндеттерi

РҚАО-ның ескертпесi!
5-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
кедендiк баж ставкаларын енгiзу және өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
сауда қызметiн дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерiне қосылу шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру үдерiсiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндiрушiлерге елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактiсi немесе осындай зиян келтiру қаупi бар немесе жоқ екенi туралы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиiстi қорытындысы негiзiнде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзiрлеу;
тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне оның сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
мемлекеттiк қауiпсiздiкке, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу ретiнде жедел тәртiппен қабылданатын шараларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудiң (әкетудiң), оның iшiнде сандық тыйымдарын немесе шектеулерiн қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау;
преференциялардың ұлттық схемасын өзгерту және нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әрiптестерiмен, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелерi жөнiндегi ұстанымын әзiрлеу болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шеңберiнде:
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру, тауарлардың импорты кезiнде тарифтiк квоталарды, iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды, кеден-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады;
Комиссияның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартады.

5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
РҚАО-ның ескертпесi!
8-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

9. Комиссияның хатшысы Комиссияның отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
РҚАО-ның ескертпесi!
10-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.

11. Егер Комиссияның отырыстарында Комиссия мyшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

11-1. Мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер қаралған жағдайда, Комиссияның отырыстарына мемлекеттiк органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.
Комиссия отырысының материалдарына қоса тiркеу үшiн мемлекеттiк органның қорытындысы мемлекеттiк орган басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, жазбаша түрде ұсынылуы тиiс.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң
2009.06.22
N 959 Қаулысымен.

12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.

13. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткiзген оның орынбасары, сондай-ақ мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ол бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.

14. Қажет болған кезде Комиссияның шешiмi хаттаманы ресiмдей отырып, оның мүшелерiне жазбаша сауалдама жүргiзу жолымен қабылдануы мүмкiн.

15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 123-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 367-құжат).

4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 маусымдағы N 506 қаулысы .

5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 733 қаулысы .

7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 маусымдағы N 585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 23, 299-құжат).

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina