Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 сәуiрдегi № 364 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық, жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Бюджеттiк бағдарламалар» деген 7-бөлiмде: «Бюджеттiк бағдарламалар» деген 7.1-кiшi бөлiмде: 010 «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенiн құруды несиелеу» деген бюджеттiк бағдарламада: «Бюджеттiк шығындар көлемi» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «0» деген сан «3 587 617» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттiк шығындар жинағы» деген 7.2-кiшi бөлiмде: «2011 жыл» деген бағанда: «Бюджеттiк шығындардың барлығы:» деген жолдағы «35 304 595» деген сандар «38 892 212» деген сандармен ауыстырылсын; «Дамудың бюджеттiк бағдарламалары» деген жолдағы «32 879 382» деген сандар «36 466 999» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|