ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 Қаулысы
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлiк берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын , 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 15-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Қоса берiлiп отырған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiк беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға;
2) жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде радиациялық қатер аймақтарында және жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша):
1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне:
салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, өтемақы сомасын көрсете отырып, өтемақы төлеу жүргiзiлмеген не iшiнара жүргiзiлген азаматтардың қолданыстағы теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн;
салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасы мен күнiн көрсете отырып, өтемақы төлеу толық жүргiзiлген азаматтардың жабылған теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн берсiн;
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.

4. "Қазпочта" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша):
1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде өтемақы алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасын көрсете отырып, 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде өтемақы төленгенi туралы қалалар мен аудандар бөлiнiсiндегi азаматтардың электронды және қағаз жеткiзгiштердегi тiзiмдерiн аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне берсiн;
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:
1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу және оларға жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiк беру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;
1-1) қажеттiлiктi ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiлердiң жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiктердi дайындауға жыл сайын қаражат көздесiн;
2) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1788-ХII қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 18, 22-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 сәуiрдегi
N 397 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат);

3) "Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 34 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 18-құжат).

7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 20 ақпандағы
N 110 қаулысымен
бекiтiлген

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiк беру ережесi

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Осы Ереже Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды (бұдан әрi - азаматтар) тiркеудiң, ядролық сынақтар келтiрген залал үшiн оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудiң және жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) берудiң тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
2) өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
4) өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйымдар;
5) арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу, оларға жеңiлдiктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлiктi беру үшiн аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
6) азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiру, даулы мәселелердi шешу үшiн облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар.
Арнайы комиссиялардың, азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялардың жұмыс органы облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен айқындалады;
7) iс қағазының макетi - азаматтың осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi; жеке басын, тұратын жерiн куәландыратын құжаттарды, жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шартты, 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру (жұмыс iстеу, әскери қызмет) фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды қамтитын өтемақы алуға арналған жеке iс-қағазының макетi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

2. Азаматтарды тiркеудiң және оларға куәлiк берудiң тәртiбi

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Iс қағазының макеттерiн қалыптастыру және 1949-1965,
1966-1990 жылдарда радиоактивтiк ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын, тұрған, жұмыс iстеген немесе қызмет өткерген (оның iшiнде мерзiмдi) азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау үшiн меншiк нысандарына қарамастан, кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде комиссиялар құрылады.
Комиссияның құрамына әкiмшiлiктiң, қызметкерлердiң және басқа да тұлғалардың өкiлдерi кiруi мүмкiн.
3. Iс қағазының макеттерiн қалыптастыру:
1) жұмыс iстейтiн азаматтарға (зейнеткерлерден басқа) - негiзгi жұмыс орны бойынша;
2) зейнеткерлерге (жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоса алғанда), мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға, жұмыс iстемейтiн азаматтарға - жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарында;
3) iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және басқа да әскери құралымдардың зейнеткерлерiне - зейнетақы тағайындалған жерi бойынша;
4) медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң, медициналық-әлеуметтiк ұйымдардың қамқорындағыларға - тиiстi мекемелердегi тұратын жерi бойынша;
5) бас еркiнен айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтарға - еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiнде жүргiзiледi.
Iс қағазының макеттерi мен өтiнiштер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Азаматтардың өтiнiштерi мен iс қағазының макеттерiн тiркеу журналына тiркеледi.
Eгep жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып белгiленген жағдайда, зейнеткерлердiң (жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоса алғанда), мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың, жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн азаматтардың iс қағаздарының макеттерiн тiркеу 4-қосымшаға сәйкес Бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналында жүзеге асырылады.
Азаматтардың өтемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтемақы тағайындау туралы өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен өтiнiш беру үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. Бұрын берiлген куәлiкпен және осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiлген куәлiкпен қатар, мыналар тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн және кезеңiн растайтын құжаттар болып табылуы мүмкiн:
1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;
2) еңбек кiтапшасы;
3) оқу орнын бiтiргенi туралы диплом;
4) әскери билет;
5) туу туралы куәлiк, орта бiлiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк;
6) алынып тасталды
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.09.19 N 880 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 1319 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
5. Ұсынылатын анықтамалар фирмалық бланкiлерде орындалуы немесе олардың тiркеу нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiлген бұрыштама мөртабаны болуы тиiс. Оларда оның негiзiнде анықтама беру жүргiзiлген құжат, берген ұйымның мөрiмен куәландырылған анықтамаға қол қойған адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi көрсетiледi.
6. Қарулы Күштерде, iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген, Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы ядролық жарылыстардың салдарларын жоюға қатысқан адамдар тиiстi анықтаманы қорғаныс, iшкi iстер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдарынан алуына болады.
7. Егер тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса, онда азамат өзiнiң ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы өтiнiшпен тұрғылықты жерi бойынша сотқа жүгiне алады.
8. Шаруашылық кiтаптарына сәйкес берiлген мұрағат анықтамаларында күнi мен айы көрсетiлмей, тұрған жылы ғана көрсетiлген жағдайда, анықтамада көрсетiлген тұру кезеңi толығымен тұру жылына есептеледi.
9. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссиялары қалыптастырылған iс-қағаздарының макеттерiн құжаттар алынған күннен бастап бес күн iшiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес тiзiм бойынша арнайы комиссияларға жiбередi.
Құжаттар арнайы комиссияларға түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады. Көшiрме мен түпнұсқаның сәйкестiгiн арнайы комиссияның уәкiлеттi мүшесi куәландырады.
10. Iс қағаздарының макеттерi келiп түскен кезде арнайы комиссиялар жиырма күннен аспайтын мерзiмде:
1) азаматтардың iс қағаздары макеттерiн осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналына (бұдан әрi - Журнал) тiркеудi;
2) iс қағазының макетi ресiмделген азаматқа өтемақының төлену (төленбеу) фактiсiн тексерудi:
"Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Банк), "Қазпочта" акционерлiк қоғамының тiзiмдерiн (тiзiлiмдерiн) салыстырып тексерудi;
қажет болған кезде Банкке немесе "Қазпочта" акционерлiк қоғамына азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат сұратуды;
аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезең iшiнде өтемақы төлеуге арналған тiзiмдерiмен салыстырып тексерудi;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу (тiркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрi - Шешiм) қабылдауды жүргiзедi.
Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргiзiлмеген теңгерiмнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешiмде банктегi мұндай шотты жабу қажеттiгi туралы көрсетедi және бұл мәлiметтердi банкке тiзiм бойынша бередi.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10-1. Тексеру қорытындысы бойынша iс-қағаз макетi ресiмделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактiсi анықталған жағдайда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылданады.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006.09.19. N 880 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
11. Қосымша сұрау салулар, тексерулер жүргiзу қажет болған жағдайларда, арнайы комиссиялардың iс қағаздарының макеттерiн қарау мерзiмiн оның төрағасы бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
12. Арнайы комиссиялар Журнал деректерiнiң негiзiнде Шешiм қабылданған күннен бастап бес күн iшiнде 6-қосымшаға сәйкес комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс қағаздары макеттерiмен және арнайы комиссиялардың Шешiмдерiмен бiрге өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
Арнайы комиссия комиссия төрағасы растаған тiзiмге сәйкес бес жұмыс күнi iшiнде азаматқа осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлiк бередi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
13. Арнайы комиссиялар тiркемеген азаматтардың iс қағаздарының макеттерi олар Шешiм қабылдаған күннен бастап бес күннiң iшiнде қайтарылу себептерi мен арнайы комиссиялардың ұсынымдары көрсетiле отырып, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына тiзiм бойынша қайтарылады.
14. Өтiнiш берушi арнайы комиссиялардың әрекеттерi мен Шешiмдерiне азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссияларға не сот тәртiбiмен шағымдана алады.

3. Өтемақыны тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi

15. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс қағаздары макеттерiн тиiстi журналға тiркейдi және осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
16. Өтемақы тағайындау үшiн өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс қағаздарының макеттерiн олар алынған күннен бастап бес күннiң iшiнде өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, Астана және Алматы қалалары филиалдары арқылы өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
Ic қағазының макетiн дайындау барысында теңгерiмнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда, өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобасында анықталған өтемақы сомасын қоспағанда, (теңгерiмнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетiн сома көрсетiледi, бұл ретте:
1) төленетiн өтемақының есебi былайша жүргiзiледi:
аударылған соманың күнi бойынша теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебi не өтемақы төлеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш анықталады;
теңгерiмнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш санына ауыстырылады;
төлеу сәтiнде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң шамасын негiзге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтiнде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрiнде есептелген өтемақы төленуге қойылады;
2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлiгiн төлеудi Банк тiкелей жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
17. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiлер деп танылған және арнайы комиссиялар тiркеген азаматтарға өтемақыны тағайындау "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында айқындалған радиациялық қатер аймақтары , жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақтар бойынша, оған қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумақтық-әкiмшiлiк құрылымында болған өзгерiстерге қарамастан, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында 1949 жылдан бастап 1965 жыл және 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде толық тұрған әр жыл үшiн жүргiзiледi.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29 N 1319 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
18. Өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар он күн iшiнде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iс қағаздарымен қоса өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, Астана және Алматы қалалары филиалдары арқылы өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
19. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгiн жасайды және оны өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалары филиалдарына ұсынады.
Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалары филиалдары жиынтық қажеттiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ай сайын 25 күнге дейiн жiбередi.
20. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi жылға арналған мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегiнде ұсынылған қажеттiлiкке сәйкес өтемақы төлеуге арналып көзделген қаражатты бөледi және өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның шотына аударады.
21. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражатқа және төлеу тәртiбiне сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiн жасайды.
22. Өтемақыны төлеу өтемақы алушылардың таңдауы бойынша өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардағы олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
22-1. Бас бостандығының айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға өтемақы төлеу сотталғандардың жазасын өткеру жерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бiр мерзiмнен кейiн, толық немесе бөлiп-бөлiп, алдын ала келiсiлген үстемеақысымен не онсыз, тiкелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиiстi республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерге берiлуге тиiс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрiнде қайтару шарттарымен беретiн ақша бойынша операцияларды есепке алу үшiн қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару жолымен жүргiзiледi (бұдан әрi - жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ).
Мемлекеттiк мекеменiң жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-сына қаражат түскен кезде қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемесi өтемақы сомасын сотталғандардың жеке шоттарына аударады, бұл ретте өтемақы сомасынан ұстаулар жүргiзiлмейдi.
Сотталғандардың жеке шоттарына есепке алынған өтемақы сомалары бойынша өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым мен қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемесi арасында салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
Ескерту. Ереже 22-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.08.15 N 747 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
23. Төленген сомалар бойынша өтемақы төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
Өтемақы төлеу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу өтемақы төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi.
24. Бұрын куәлiк алмаған азаматтар оны арнайы комиссияға тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн және кезеңiн растайтын құжаттарды қоса отырып, осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш беру арқылы алуға құқылы.
Азаматтардың тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсi және кезеңi расталған жағдайда арнайы комиссия бес жұмыс күнi iшiнде азаматқа өтемақы алу құқығын iске асыру туралы белгiсi бар куәлiктi бередi.
Ескерту. Ереже 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
25. Куәлiгi жоғалған жағдайда, оның иесi арнайы комиссияға жоғалту және телнұсқасын беру туралы осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi. Өтiнiшке тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн және кезеңiн растайтын құжаттар қоса берiледi. Арнайы комиссия өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей азаматқа «Телнұсқа» деген мөртабан басылатын куәлiктiң телнұсқасын бередi.
Ескерту. Ереже 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
26. Куәлiктi, оның iшiнде оның телнұсқасын берудi арнайы комиссия жүзеге асырады және осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарға куәлiк берудi есепке алу журналына белгiлейдi.
Ескерту. Ереже 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
1-қосымша

Өтемақы тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi органның басшысы
_____________________________
_____________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
_____________________________
_____________________________,
жеке басын куәландыратын құжат
СТН__________________________,
жеке шоты N__________________,
банктiң атауы________________

Өтiнiш

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындауды сұраймын.
____________жылдан__________жылды қоса алғанда________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн
растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.
1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Күнi ______________________ Қолы_________________________________
____________________________________________________________________
(кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
"__"____________200__жылы______данада қабылданды.

Қолы____________ __________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
2-қосымша

Азаматтардың өтiнiштерi мен iс қағаздарының макеттерiн
тiркеу журналы
____________________________________________________________________
(кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)

Р/с
N

Өтiнiш
берушiнiң
Т.А.Ә.,
туған жылы

Мекен-жайы

Радиациялық қатер
аймағында тұруы

Ұсынылған
құжаттардың
тiзбесi (нөмiрiн,
күнiн және берудi
жүзеге асырған
органды көрсете
отырып)

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
3-қосымша

Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына
_______________________________________________________,
(кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)
аудандық (қалалық) арнайы комиссияларға
iс қағаздарының макетiн тапсырған азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә.

Туған жылы

Тұратын жерi

Iс қағазын-
дағы парақ
саны

1

2

3

4

5

Берген:
Комиссияның төрағасы:_____________________
Комиссияның хатшысы:______________________

Күнi ___________________________
М.О. (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң)

Қабылдап алған:___________________________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________

Күнi ___________________________
М.О.

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
4-қосымша

Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналы

Р/с N

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiнiң туған жылы

Өтiнiш берушiнiң санаты
(жұмыс iстейдi, жұмыс iстемейдi, зейнеткер, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушы)

Өтiнiш қабылданған күн

Радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны

Ұсынылған құжаттар тiзбесi
(нөмiрiн, күнiн және берудi жүзеге асырған орган)

Iс макетiн ұсынған ұйымның, кәсiпорынның және мекеменiң атауы

Арнайы комиссияның шешiмi

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
5-қосымша

Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

_____________________________ ауданы (қаласы) әкiмiнiң жанындағы
___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының
азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешiмi

N ____хаттамаға, күнi _______________
Азамат ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

1. Азамат ________________
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.

2. Өтiнiш берушiнiң өтемақы төлемдерi туралы деректерiн "Қазақстан Халық Банкi" АҚ-ның (бұдан әрi - Банк), "Қазпочта" АҚ-ның деректерiмен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:
Азамат: ____________________________________________________
1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңге өтемақы төлеу жүргiзiлген жоқ/жүргiзiлген (қажеттiсiнiң асты сызылсын);
_______(күнi көрсетiлсiн)_______ теңге___ тиын сомасында жүргiзiлдi.

2) теңгерiмнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнiмен N көрсетiлсiн) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды.

3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
(шоттың N мен түрi көрсетiлсiн)

Банктiң деректерiне сәйкес, ол бойынша қаржыландыру жүргiзiлмеген,
өйткенi өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.

3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:
1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргiзiлмеген және теңгерiмнен тыс арнайы шотында көрсетiлген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған
_______ (күнi көрсетiлсiн) ашылған N______ теңгерiмнен тыс арнайы
шот жабылсын.
2) Банк N________ теңгерiмнен тыс арнайы шотқа _________(күнi
көрсетiлсiн) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеудi жүзеге асырсын.

4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас
тартылсын.

5. Қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушi хабардар етiлсiн.

Комиссияның төрағасы _________________
Комиссияның мүшелерi _________________
Мөрдiң орны

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
6-қосымша

____________________________________________________________________
(ауданның/қаланың атауы)
арнайы комиссиялары iс қағаздарының макеттерiн өтемақы
төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық
(қалалық) бөлiмшелерiне жолдайтын азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш иесiнiң
Т.А.Ә.

Туған
жылы

Тұратын жерi

Iс қағазындағы
парақтардың саны

1

2

3

4

5

Берген:
Арнайы комиссияның төрағасы:______________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________
Күнi:______________
М.О.

Қабылдаған:____________________
Мөртаңбаның орны
Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның
аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы:____________
Маман:__________________
Күнi:___________________

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тiркеу,
оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
6-1-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушiнiң жеңiлдiктер мен өтемақы
алу құқығын растайтын
КУӘЛIК

Ескерту. Ереже 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Сериясы_____________________________________№________________________
Тегi_________________________________________________________________
Аты__________________________________________________________________
Әкесiнiң аты_________________________________________________________
Туғаны жылы__________________________________________________________
____19____ж. бастап_____ж. аралығында________________________________
қатер аймағында орналасқан___________________________________________
_______________________________________________________________тұрды,
____19____ж. бастап_____ж. аралығында________________________________
қатер аймағында орналасқан_____________________________________тұрды,
_____________________________________________________________________
(куәлiктi берген мекеме)

Берiлген күнi М.О. Қолы

Куәлiк мерзiмсiз және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берiлетiн жеңiлдiктер туралы («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңынан) қысқаша мәлiметтер

Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетiлген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға сараланған бiржолғы ақшалай өтемақыға кепiлдiк берiледi.
Сонымен қатар, бұл азаматтар Заңда белгiленген шеңберде:
жеңiлдiктi шарттармен зейнетақы;
стажды есептеу бойынша жеңiлдiктер;
қосымша еңбекақы, зейнетақы төлемi, стипендия мен жәрдемақы;
жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқылы.
ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер санаториялық-сауықтыру мекемелерiнде тегiн сауығуға (медициналық көрсеткiштер бойынша) құқылы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________сома
мөлшерiндегi бiржолғы өтемақы төлеудi________________________________
_____________________________________________________________жүргiздi
(ұйымның атауы, күнi, мөртаңба)

Алушының жеке қолы_______________________

Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
7-қосымша

Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм

200 ж. "____"_______ N ______

ҚР Еңбекминiнiң _____________ облысы бойынша департаментi,
өтемақы алушының iс-қағаз N _______

Азамат ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

Жынысы _______ Туған күнi 19___жылғы "______"____________

1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының 1992 ж. 18.12. Заңының 12-бабына сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ ж. дейiн тұрған
кезең үшiн _________ теңге сомасында (______ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындалсын.

Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-де)

2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
жылы ___________ теңге (АЕК-де________)
жылы ___________ теңге (АЕК-де _______)

3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақы алынып тасталсын).
__________________________________________________________________
(сомасы жазумен, теңге)

жылы ____________ теңге (АЕК-де_________)

4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бac тарту негiздемесi)

Тексерiлдi және бекiтiлдi:

M.O. Департамент директоры ____________ ______________
(қолы) (тегi)
Зейнетақы және жәрдемақы
тағайындау жөнiндегi бөлiмнiң
бастығы ____________ ______________
(қолы) (тегi)

Тағайындау жөнiндегi маман ____________ ______________
(қолы) (тегi)

Шешiм жобасы дайындалды:

М.О. ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы ___________ ______________
(қолы) (тегi)

ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы ____________ ______________
(қолы) (тегi)

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тiркеу,
оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
8-қосымша

Ескерту. Ереже 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тiркеу және есепке
алу және оларға жеңiлдiктер алу құқығын
растайтын куәлiктi беру жөнiндегi арнайы
комиссияның төрағасына__________________
________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________,
_______________________________________
жеке басын куәландыратын құжат

Өтiнiш

Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiнiң жеңiлдiктер алу құқығын растайтын куәлiктi (куәлiктiң телнұсқасын) берудi сұраймын.
_______________бастап_______________ қоса алғанда_______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.
Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:_______________
Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.

Күнi__________________________ Қолы___________________
_____________________________________________________________________
(кесу сызығы)

Азамат____________________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
«__»___________ 20___ жылы_______ данада қабылданды.
_____________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә.)

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың, салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тiркеу,
оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы төлеу ережесiне
9-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлiк (куәлiктiң телнұсқасын) берудi есепке алу журналы
_____________________________________________________________
куәлiк берген органның атауы

Ескерту. Ереже 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

р/с №

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Мекенжайы

Берiлген күнi

Куәлiктi (куәлiктiң телнұсқасын) алушының қолы

Куәлiктi (куәлiктiң телнұсқасын) берген адамның қолы

1

2

3

4

5

6


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina