ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 Қаулысы
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
2) есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасының пайдаланылуы туралы есептер берудi қамтамасыз етсiн.
4. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiнде:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тапсырыс берушiлер – денсаулық сақтау саласының бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарлар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) медициналық техника – аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшiн медициналық мақсаттарда жеке, кешендерде немесе жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар және жабдық
7-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу iс-шараларын жүргiзу үшiн пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тiгу материалдары, бекiтетiн таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бiртектес тауарлар мен қызметтер – бiрдей болмаса да, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас құрамдауыштардан тұратын тауарлар мен қызметтер, бұл оларға бiрдей функцияларды орындауға және оларды өзара алмастыруға мүмкiндiк бередi;»;
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) әлеуеттi өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе сатып алу үдерiсiне қатысатын заңды тұлға;
11) жосықсыз әлеуеттi өнiм берушiлердiң (өнiм берушiлердiң) тiзбесi – бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңiмпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушiлер, шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған өнiм берушiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган қалыптастыратын мәлiметтер;»;
2-тармақтың 12), 18), 20) тармақшаларында, 39-тармақтың 2) тақмақшасының үшiншi және алтыншы абзацтарында, 43-тармақтың екiншi абзацында, 78-тармақтың 1) тармақшасының үшiншi және бесiншi абзацтарында, 131-тармақтың 4) және 5) тармақшаларында «жеке кәсiпкер», «жеке кәсiпкерлер», «жеке кәсiпкердi», «жеке кәсiпкерлердi» деген сөздер тиiсiнше «кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға», «кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар», «кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаны», «кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс берушi немесе осы Ереженiң 88-1-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшiн тапсырыс берушi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) шетелдiк өндiрушi (дайындаушы зауыт) – шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының резидентi емес және толығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндiрiлген немесе қайта өңделген, белгiленген тәртiппен тауардың шығу тегi туралы сертификаттармен расталған тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндiретiн шетелдiк заңды тұлға;»;
«20-1) Қазақстан Республикасының резидент еместерi – Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын шетелдiк жеке және заңды тұлғалар;»;
7-тармақта:
2) тармақшадағы «тәсiлдерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) медициналық техниканы сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тұлға ұйымдастырған кезде:
екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып тендер өткiзу;
бiр көзден сатып алу тәсiлдерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.»;
8-1-тармақта «медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейiн «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
8-2-тармақта «дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды» деген сөздерден кейiн «, медициналық техниканы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөлiм мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
«8-1-тарау. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруы
88-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейдегi медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң қаражаты есебiнен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болады.
88-2. Ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберiнде бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы бекiтiлген күннен бастап күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға әрбiр атау бойынша медициналық техниканың тiзбесi, саны, мерзiмi, жеткiзу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшiн бөлiнген сома қамтылатын ақпаратты ұсынады.
88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органнан ақпарат алған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сатып алынуға тиiс медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың (техникалық өзiндiк ерекшелiгiнiң) оңтайлы параметрлерiн анықтау үшiн медициналық техниканың сұратылған үлгiсiнiң бейiнi бойынша мамандардан және/немесе медицина ұйымдарының мамандарынан және/немесе медициналық техниканың сараптамасын жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссияның құрамында сатып алынатын медициналық техниканың бейiнi бойынша сарапшылар топтары құрылуы мүмкiн. Сараптама комиссиясы және/немесе сарапшылар тобы мүшелерiнiң жалпы саны тақ саннан және кемiнде үш адамнан тұруы тиiс.
88-4. Сараптама комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган берген ақпараттың негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде сатып алынуға тиiс медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының (техникалық өзiндiк ерекшелiгiнiң) оңтайлы параметрлерiн анықтайды. Сараптамалық қорытынды әрбiр бетiне қол қойылып, ал соңғы бетiне сараптама комиссиясының немесе сараптама тобының мүшелерi қол қойып жазбаша ресiмделедi және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса берiледi.
88-5. Сараптама комиссиясы оны құру туралы шешiм қабылданған сәттен бастап медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әрбiр атау бойынша медициналық техниканың тiзбесi, саны, мерзiмi, жеткiзу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшiн бөлiнген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзiндiк ерекшелiк) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың тiзiмiн қалыптастырғанға дейiн жұмыс iстейдi.
88-6. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы үш жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiлерге сатып алынатын медициналық техниканың тiзiмiн қарау және бекiту үшiн жiбередi.
88-7. Тапсырыс берушiлер бес жұмыс күнi iшiнде сатып алынатын медициналық техниканың тiзiмiн қарайды және жазбаша түрде бекiтедi, оның әрбiр бетiне қол қойылады, ал соңғы бетiне тапсырыс берушiлердiң өкiлдерi қол қояды және олардың мөрiмен бекiтiледi, содан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға берiледi.
Тапсырыс берушiлер сатып алынатын медициналық техниканың тiзiмiне тапсырыс берушiлердiң толық атауын, банктiк деректемелерiн, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефондарының, факстерiнiң нөмiрлерiн, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс берушi өкiлiнiң лауазымын және Т.А.Ә. қоса беруi тиiс.
88-8. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiлер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тiзiмдерiнiң негiзiнде әрбiр атау бойынша медициналық техниканың тiзбесi, саны, мерзiмi, жеткiзу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшiн бөлiнген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзiндiк ерекшелiк) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тiзiмiн құрады.
88-9. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру осы Ереженiң 3-бөлiмiнiң 10 және 11-тарауларында көзделген тәртiппен сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тiзiмi негiзiнде жүзеге асырылады.»;
3-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бөлiм. Бiрыңғай дистрибьютордың дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi»;
91-тармақтың 1) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарында «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
92-тармақта:
«бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
«тендерлiк комиссиясын» деген сөздерден кейiн «(бұдан әрi – комиссия)» деген сөздермен толықтырылсын;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Комиссияның құрамына бiрыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, қызметкерлерi, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның және/немесе тапсырыс берушiлердiң өкiлдерi енгiзiледi.»;
95-тармақта «бiрыңғай дистрибьютор басшысының орынбасарынан» деген сөздер «бiрыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлiмшесiнiң немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының басшысынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
96-тармақта «бiрыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
98-тармақта «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«100. Қажет болған жағдайда бiрыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы клиникалық фармакологтардан және/немесе медициналық техниканың сұратылған үлгiсiнiң бейiнi бойынша мамандардан және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан не дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құра алады.»;
102-тармақта «бiрыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
103-тармақта:
1) тармақша «бiрыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «бұйымдардың» деген сөзден кейiн «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейiн «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
«бiрыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
104-тармақта «бiрыңғай дистрибьюторға» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға» деген сөздермен толықтырылсын;
107-тармақта «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
108-тармақта «Бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
109-тармақтың екiншi бөлiгiнде «бiрыңғай дистрибьютордың» деген сөздердiң кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
113-тармақта «бiрыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
117-тармақта «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
118-тармақтың екiншi бөлiгiнде «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
119-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Кодекске, осы Ереженiң 8 және 12-тармақтарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiне сәйкес сатып алынатын дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптарға сай келмесе;»;
126-тармақта:
«бұрын берген баға ұсыныстарын» деген сөздердiң алдынан «лот бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«екi кезеңдi рәсiмдер» деген сөздердiң алдынан «осы лот бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
128-тармақта «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 129-1 және 129-2-тармақтармен толықтырылсын:
«129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн тендердiң қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiлердiң тендер жеңiмпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрi – сатып алу шарты) жасасу үшiн қабылдау-беру актiсi бойынша тапсырыс берушiлерге беруге тиiс.
129-2. Тапсырыс берушiлер медициналық техниканы сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тендер жеңiмпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиiс.»;
131-тармақта:
бiрiншi абзац «бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
«дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
«бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
«жеткiзу шартына» деген сөздерден кейiн «немесе сатып алу шартына» деген сөздермен толықтырылсын;
«бiрыңғай дистрибьюторға» деген сөздерден кейiн «немесе тапсырыс берушiге» деген сөздермен толықтырылсын;
«бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
«жеткiзу шартының», «жеткiзу шарты» деген сөздерден кейiн «немесе сатып алу шартының», «немесе сатып алу шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
«бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
«медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейiн «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада «нақтылайды.» деген сөз «нақтылайды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) шетелдiк өндiрушiнiң (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогы жоқ тек бiр дәрiлiк заты немесе медициналық мақсаттағы бұйымы ғана тiркелгенде.»;
132-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
«бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейiн «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы Ереженiң 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бiр көзден сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiрыңғай дистрибьютор әлеуеттi өнiм берушiден мыналарды сұратады:
1) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
2) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тiркелгенiн және олардың осы Ереженiң 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
3) сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған немесе апостильденген үзiндi көшiрмесi не шетелдiк өндiрушiнiң (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа заңдастырылған немесе апостильденген құжат не құрылтайшының – шетелдiк жеке тұлғаның нотариалды куәландыратын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесi;
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасы бар шетелдiк заңды тұлға жарғысының заңдастырылған немесе апостильденген көшiрмесi;
5) нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасы бар дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiруге және/немесе көтерме, бөлшек сатуға шетелдiк өндiрушi (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын лицензияның заңдастырылған немесе апостильденген көшiрмесi.»;
133-тармақта:
бiрiншi бөлiк «Бiрыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейiн «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздер «дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «жеткiзу шарты» деген сөздерден кейiн «немесе сатып алу шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
«Жеткiзу шарты» деген сөздерден кейiн «немесе сатып алу шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
«бiрыңғай дистрибьютормен» деген сөздерден кейiн «немесе тапсырыс берушiмен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:
«135-1. Осы Ереженiң 134-тармағының екiншi абзацында көзделген жеткiзу шартын жасасуға қойылатын талаптар осы Ереженiң 131-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда бiр көзден сатып алу тәсiлiн қолдану нәтижелерi бойынша шетелдiк өндiрушiмен (дайындаушы зауытпен) жасалған жеткiзу шарттарына қолданылады.»;
138-тармақта «дәрiлiк заттар» деген сөздерден кейiн «, медициналық мақсаттағы бұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Жеңiмпаз болып белгiленген әлеуеттi өнiм берушi жеткiзу шартына қол қойылғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай дистрибьюторға осы Ереженiң 12-қосымшаға сәйкес осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен жеткiзу шарты немесе сатып алу шарты құнының 3 %-ы мөлшерiнде жеткiзу шартын немесе сатып алу шартын әлеуеттi өнiм берушiнiң сапалы және уақтылы орындауын кепiлдiкпен қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжаттың түпнұсқасын бередi.»;
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiне 2 және 4-қосымшаларда:
«жеке» деген сөз «кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын, «заңды тұлғаның» деген сөздер «кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiне 9-қосымшада:
6-тараудың 6-тармағында:
алтыншы бөлiктегi «20» деген сандар «5» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер тапсырыс берушi Шарттың 4-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртiбiн бұзса, Бiрыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберiнде басқа құқықтарға залал келтiрмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 %-ы, бiрақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 %-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемi түрiнде соманы шегеруге құқылы.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес осы Ережеге 12-қосымшамен толықтырылсын.
5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1, 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы
1. Осы облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабына және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Қағида облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдалану тәртiбiн айқындайды:
010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз етуге және кеңейтуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер»;
038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер».
2. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттiк сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi:
1) 2011 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердiң есебiнен бiрыңғай дистрибьютордан сатып алынатын амбулаториялық және стационарлық емдеу кезiнде өңiрлер бөлiнiсiндегi дәрiлiк заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың тiзбесi мен көлемiн айқындайды;
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасының жергiлiктi органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберiнде жергiлiктi деңгейдегi медицина ұйымдарына арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ автокөлiктiң тiзбесiн келiседi.
4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз етуге және кеңейтуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер аурулардың профилактикасына, салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыруға; АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргiзуге; есiрткiге тәуелдiлiктен зардап шегетiн тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргiзуге; ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректiң ишемиялық ауруларының, қант диабетiнiң бар-жоғын тексерiп-қарауға; балалардың нысаналы топтарына «В» және «С» гепатитiн анықтауға скрининг жүргiзуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында әлеуметтiк қызметкерлер институтын енгiзуге; бастапқы медициналық санитариялық көмекке арналған шығыстарды теңестiруге; наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсiпорындарында, санаторийлерде, мейiрбикелiк күтiм ауруханаларында науқастарды емдеуге; тiс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа бiткен жақ-бет мүшелерiнiң патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсету бөлiгiнде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн кеңейтуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететiн медициналық көмек сапасының нәтижелерiн ескеретiн бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифiне қосымша компоненттi төлеуге (бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифiне ынталандыратын құрамдас бөлiк); вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын, жiтi миокард инфаркты бар науқастар үшiн тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерiмен ауыратын балаларды, ересектердi емдеуге арналған препараттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды, реналдық анемиясы бар бүйрек фукнциясының созылмалы жеткiлiксiздiгiмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды сатып алуға пайдаланылады.
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлiк сатып алуға пайдаланылады.
6. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсiпорындарында, санаторийлерде, мейiрбикелiк күтiм ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; аурулардың профилактикасына, салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыруға; есiрткiге тәуелдiлiктен зардап шегетiн тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргiзуге; тiс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа бiткен жақ-бет мүшелерiнiң патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтердi сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармаларының жергiлiктi органдары жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға арналған қан ұйыту факторларын, жiтi миокард инфаркты бар науқастар үшiн тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерiмен ауыратын балаларды, ересектердi емдеуге арналған дәрiлiк заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратындарды емдеуге арналған препараттарды, реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткiлiксiздiгiмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
8. Осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетiлген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекiтiлген Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Осы Қағидаға 1-қосымшаға енгiзiлмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлiктi сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасының жергiлiктi органдары жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негiзiнде жүргiзедi.
11. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлiктi бөлудi ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасының жергiлiктi органдары жүзеге асырады.
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жартыжылдықтың және бiр жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есеп бередi.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне есептiлiктi ұсынады.

Облыстық бюджеттердiң,
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерiнiң 2011 жылға
арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану
қағидасына 1-қосымша

2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберiндегi медициналық техниканың тiзбесi


Р/с

Атауы

1.

Рентгендiк флюорографиялық стационарлық және жылжымалы цифрлық кешен

2.

Рентгендiк цифрлық стационарлық және жылжымалы маммограф

3.

Ультрадыбыстық диагностика аппараты

4.

Биохимиялық талдағыш

5.

Рентгендiк диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

6.

Гематологиялық талдағыш

7.

Өкпенi жасанды желдету аппараты

8.

Ингаляциялық наркозға арналған аппарат

9.

Жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық және көлiктiк инкубатор (кювез)

10.

Жылытқышы бар реанимация үстелi

11.

Магниттiк-резонанстық томографтар

12.

Қышқылды-негiзгi жай-күйдi талдағыш

13.

Литотриптер

14.

Эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық

15.

Ангиограф

16.

Жасанды қан айналымының аппараты

17.

Қан орталықтарына арналған жиынтық

Облыстық бюджеттердiң,
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерiнiң 2011 жылға
арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану
қағидасына 2-қосымша

2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттары
мың теңге


Р/с

Өңiрлердiң атауы

БМСК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметiн жарақтандыру

Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Магниттi-резонансты томографтармен жарақтандыру

Кардио- хирургиялық, кардиологиялық Орталықтарды (бөлiмшелердi) жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Ақмола облысы

93 692

-

59 565

222 477

117 118

30 000

-

-

2.

Ақтөбе облысы

98 933

58 930

57 442

175 900

113 249

-

-

-

3.

Алматы облысы

91 114

-

57 442

367 027

67 983

-

547 817

239 000

4.

Атырау облысы

121 408

58 930

28 721

155 255

77 798

-

-

-

5.

Шығыс Қазақстан облысы

109 130

94 288

57 442

442 135

78 470

-

-

239 000

6.

Жамбыл облысы

93 020

-

57 442

274 178

19 644

30 000

-

239 000

7.

Батыс Қазақстан облысы

141 556

58 930

28 721

113 746

80 873

-

-

-

8.

Қарағанды облысы

115 864

-

57 442

473 166

124 538

-

-

9.

Қостанай облысы

90 920

70 716

57 442

190 793

68 035

30 000

-

-

10.

Қызылорда облысы

93 146

70 716

28 721

98 381

103 840

-

-

11.

Маңғыстау облысы

34 352

117 860

38 282

124 894

105 946

-

-

12.

Павлодар облысы

90 920

70 716

28 721

238 980

81 313

30 000

-

13.

Солтүстiк Қазақстан облысы

46 504

-

-

83 204

72 494

-

180 000

153 303

14.

Оңтүстiк Қазақстан облысы

187 928

11 786

57 442

460 280

106 939

-

239 000

15.

Алматы қаласы

178 605

26 951

28 721

211 717

85 857

-

239 000

16.

Астана қаласы

136 569

58 930

77 112

222 929

70 327

-

Жиыны:

1 723 661

698 753

720 658

3 855 062

1 374 424

120 000

727 817

1 348 303

кестенiң жалғасы мың теңге


Р/с

Өңiрлердiң атауы

Кардиологиялық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарды жарақтандыру

Қан орталықтарын жарақтандыру

Санитариялық авиация қызметiн жарақтандыру

Медициналық жылжымалы кешендермен жарақтандыру

Барлығы

1

2

11

12

13

14

15

1.

Ақмола облысы

103 443

-

26 951

172 000

825 246

2.

Ақтөбе облысы

103 443

74 749

23 572

172 000

878 218

3.

Алматы облысы

206 886

113 210

26 951

344 000

2 061 430

4.

Атырау облысы

103 443

101 191

26 951

172 000

845 697

5.

Шығыс Қазақстан облысы

206 886

-

26 951

344 000

1 598 302

6.

Жамбыл облысы

137 924

-

26 951

172 000

1 050 159

7.

Батыс Қазақстан облысы

68 962

189 928

26 951

172 000

881 667

8.

Қарағанды облысы

206 886

-

26 951

258 000

1 262 847

9.

Қостанай облысы

103 443

-

26 951

172 000

810 300

10.

Қызылорда облысы

68 962

89 817

26 951

172 000

752 534

11.

Маңғыстау облысы

68 962

-

26 951

172 000

689 247

12.

Павлодар облысы

68 962

89 995

26 951

172 000

898 558

13.

Солтүстiк Қазақстан облысы

68 962

-

26 951

172 000

803 418

14.

Оңтүстiк Қазақстан облысы

241 367

91 529

26 951

258 000

1 681 222

15.

Алматы қаласы

137 924

64 631

-

-

973 406

16.

Астана қаласы

137 924

93 963

-

172 000

969 754

Жиыны:

2 034 379

909 013

373 935

3 096 000

16 982 005

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысына
қосымша

Тегiн медициналық көмектiң
кепiлдiк берiлген көлемiн
көрсету бойынша дәрiлiк
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтердi
сатып алуды ұйымдастыру және
өткiзу ережесiне
12-қосымша

Банк кепiлдiгi
(жеткiзу шартын/сатып алу шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)
Банктiң атауы:

Банктiң атауы:
________________________________________________________________
(банктiң атауы мен деректемелерi)
Кiмге:
________________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы мен деректемелерi)
№___ кепiлдiк мiндеттеме
___________________ ___ ж. «__»________
(орналасқан жерi)
«Өнiм берушi» ____________________________________________
(өнiм берушiнiң атауы)
тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң арасындағы______ж. №_________
_________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң сипаттамасы)
жеткiзуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрi – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*
және Сiз Шартта Өнiм берушi жалпы сомасы _________
теңге______________________ банктiк кепiлдеме түрiнде оның орындалуын
(банктiң атауы)
қамтамасыз етудi енгiзетiнiн көздегенiңiздi назарға ала отырып, осымен жоғарыда көрсетiлген Шарт бойынша кепiлдiк берушi болып табылатынымызды растаймыз және Сiздiң ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнiм берушi Шарт бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейiн Сiзге сiздiң талабыңыз бойынша_________соманы төлеуге өзiмiзге керi қайтарылмайтын мiндеттеме аламыз.
(сандармен және жазбаша жазылған сома)
Осы кепiлдiк мiндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған сәтке дейiн қолданылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемеге байланысты туындаған барлық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепiлдiк берушiлердiң қолы мен мөрi Күнi және мекенжайы
(банктiң (банк филиалының) бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары мен банктiң бiрiншi бухгалтерi атынан)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina