ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 402 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 432-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
тақырып «ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын;
кiрiспедегi «Жер кодексiне» деген сөздерден кейiн «2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы «ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 402 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 8 қазандағы
№ 1037 қаулысымен
бекiтiлген

Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарын өтеу ережесi

1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарын өтеу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiне (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерi) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеудi жер учаскелерi берiлетiн заңды және жеке тұлғалар орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiне сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi жасаған есептемеге сәйкес жүзеге асырады.
Орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу азаматтық заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң нақты зиянын өтеудi, қолдан шығарылған пайданы өтеудi қамтиды.
4. Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеудi жер учаскелерi берiлетiн заңды немесе жеке тұлғалар өздерiнiң қаражаты есебiнен өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу шартымен жүргiзедi.
Жер учаскесi берiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебiнен өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу кезiнде жерге орналастыру жобасында мыналар қосымша белгiленедi:
құнарлы топырақ қабатын салу көзделетiн жер учаскесi алқаптарының орналасқан жерi, алаңы мен түрлерi;
салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемi;
алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалған шығындардың сомасы (құны);
алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалған сома есепке алынған шығындардың мөлшерi.
5. Өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделетiн жер учаскесiн таңдау жергiлiктi атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалған сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтеуге жататын шығындарының мөлшерi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерi бойынша анықталған шығындардың құны мен алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалған шығындардың құны арасындағы айырма ретiнде анықталады.
7. Осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес анықталған алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу мөлшерi сондай-ақ осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес анықталған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарының мөлшерi жер учаскесi берiлетiн тұлғамен келiсiлiп, жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмiмен бекiтiлетiн актiмен ресiмделедi.
8. Шығындар мен залалдар жер учаскесiне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм қабылданған сәттен бастап алты ай мерзiмде республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтеуге жатады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina