Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 сәуiрдегi № 411 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгiне аудару үшiн 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 2011 жылғы көктемгi су тасқыны кезеңiнде төтенше жағдайларды жоюға байланысты халықтың тыныс тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрiнде 870000000 (сегiз жүз жетпiс миллион) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi растаушы құжаттарды ұсынуына қарай қаржыландыруды; 2) бөлiнген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Батыс Қазақстан облысының әкiмi 2011 жылғы 10 қарашаға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне бөлiнген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнiнде есеп берсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|