Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 467 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1045 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемелерiн беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1045 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 493-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемелерiн беру ережесiнде: 4-тармақта «отыз» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|