ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 161
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы

"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылардың уақытылы төленуiн қамтамасыз етсiн.
3. Тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 161 қаулысымен
бекiтiлген

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың
және төлеудiң ережесi

Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.09.30 № 990 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Осы Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы комиссиялар - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр кезеңiнде кемiнде 6 ай жұмыс iстеген адамдардың жұмыс стажын белгiлеу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
2) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерге жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;
3) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлiк қоғамының аумақтық бөлiмшелерi;
4) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары;
5) уәкiлеттi ұйым - жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым («Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
6) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерi - уәкiлеттi ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) уәкiлеттi ұйымның филиалы - уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
8) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
2. Жәрдемақы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған жәрдемақы алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiледi.
3. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшiн және оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңiне, Заңда белгiленген мөлшерде төленедi.
Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленедi.
Жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жәрдемақы төлеу әдiлет органдарында тiркеуден шыққан айды қоса төленедi.

2. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен тағайындаудың тәртiбi

4. Заңның 4-бабында көрсетiлген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы тағайындату үшiн тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
4) азаматтарды тiркеу кiтабы.
5. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн - Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегiнiң куәлiгi;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежедегi Даңқ орденiнiң, үш дәрежедегi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерлерi үшiн - награданың куәлiгi және (немесе) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегiнiң куәлiгi;
3) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметтi атағына ие болған адамдар үшiн - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметтi атағы берiлгенiн растайтын құжаты;
4) жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар (Осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшалар) үшiн:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заң) сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары не тиiстi кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда болған адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiк;
қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел iс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған адамдар үшiн - «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiне қоса берiлетiн немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа мәжбүрлеп ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшiн - жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгi не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiметтiк органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiк;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнен азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтама;
5) жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар үшiн:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер үшiн — әскери қызметшiлер қатарындағы мүгедек екендiгi туралы куәлiгi (Кеңес Армиясы мүгедегiнiң жеңiлдiктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшiн — белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, Iшкi iстер органдарының, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi анықтамасы немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-i, Беларусь КСР-i, Литва КСР-i, Латвия КСР-i, Эстон КСР-i аумақтарында iс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа елдерде iс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, тиiстi санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiмен мүгедектiгi тектiк байланыстағы олардың балалары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектiгi жөнiндегi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi орталық ведомствоаралық кеңестiң қорытындысы;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесiрлерi үшiн - әскери қызметшiнiң қайтыс болғандығы туралы куәлiк немесе хабарлама немесе әскери комиссариаттан хабар-ошарсыз кету фактiсi туралы анықтама, әскери қызметшiге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелi (күйеуi) үшiн - неке туралы куәлiгi, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлiк, жұбайының (зайыбының) мүгедектiгiн растайтын құжат болып табылады;
8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан немесе хабарсыз кету фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза табу фактiсiн растайтын iшкi iстер органдарынан алынған анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiктерi);
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан (қайтыс болғандардың) отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ, өлiмi Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшiн - сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектiң, сондай-ақ өлiмi Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтың өлiмi туралы куәлiк, өлiмнiң радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар үшiн (осы Ережеге 5-қосымша) - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе марапаттау куәлiгi немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактiсi туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасы;
10) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшiн - еңбек кiтапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билет немесе анықтама.
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттар;
бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелер;
коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкалары;
қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерi;
сот шешiмдерi;
арнайы комиссиялардың шешiмдерi;
1998 жылға дейiн берiлген жеңiлдiктердi алуға құқығы туралы куәлiк;
фабрика-зауыт училищелерiнде оқу фактiсiн растайтын анықтамалар жатады;
11) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетiмен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюға қатысу фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгi;
12) I, II және III топтағы мүгедектер, оның iшiнде 16-дан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектiк топты белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы;
13) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектiктi белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы;
14) «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгiлерiмен, I және II дәрежелi «Ана Даңқы» ордендерiмен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;
15) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшiн, олар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн оқу орнын бiтiрген уақытқа дейiн (бiрақ 23 жастан аспайтын) - балалардың туу туралы куәлiктерi, отбасының құрамы туралы анықтама, сонымен қатар жыл сайын берiлетiн балалардың оқу фактiсi туралы оқу орындарының анықтамалары;
16) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектiк топты белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамалары, зейнеткерлiк куәлiктерi, ақталған азаматтың куәлiктерi немесе прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешiмi;
17) Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы белгiлеу жөнiндегi комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.29 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшiн көшiрмесiнде уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiне ұсынылады, осыдан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң жыртпалы талоны өтiнiш иесiне қайтарылады.
Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi өтiнiш иесiнен қабылданатын құжаттардың толықтығын тексередi және құжаттар көшiрмелерiнiң сапасын және түпнұсқаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.
Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда тiркеледi.
7. Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi өтiнiш берушiден өтiнiш пен құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiш иесi осы Ережеге сәйкес ұсынған құжаттардан қалыптастырылған қағаз жеткiзгiштегi iс макетiн (бұдан әрi - iс макетi) және өтiнiш иесiнiң электрондық цифрлық нысанда қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық iс макетiн (бұдан әрi - электрондық iс макетi) қалыптастырады.
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң маманы электрондық iс макетiн қалыптастыру үшiн iс макетiн сканермен көшiредi, сканермен көшiрiлген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткiзгiштегi макетке сәйкестiгiн тексередi, шешiмнiң жобасын осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерiнiң есебiн жүргiзедi және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
Шешiмнiң жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрi - шешiм жобасы) бiлдiредi.
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң басшысы электрондық iс макетiнiң қағаз жеткiзгiштегi макетiне сәйкестiгiн, сканермен көшiрiлген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерiн есептеудiң, шешiм жобасының ресiмделуi дұрыстығын тексередi және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
8. Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi электрондық iс макетiн шешiмнiң жобасымен және осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электрондық байланыс арқылы уәкiлеттi ұйымның филиалына бередi.
9. Уәкiлеттi ұйымның филиалы келiп түскен электрондық iс макетi мен шешiмнiң жобасын екi жұмыс күнi iшiнде қарайды, есептiң және шешiмнiң дұрыс ресiмделуiн тексередi, осыдан кейiн оны электрондық хабарламамен бiрге жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi. Шешiмнiң жобасы уәкiлеттi ұйым филиалы маманының және басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
10. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмнiң жобасымен қоса келiп түскен электрондық iс макетiн бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
Шешiм - басқарма (бөлiм) маманының, басшысының және жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжат (бұдан әрi - шешiм) болып табылады.
11. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның маманы:
1) шешiмдi осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмiр бере отырып, автоматты режимде тiркейдi;
2) электрондық iс макетiн шешiммен және электрондық хабарламамен қоса уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы жiбередi.
Электрондық iс макеттердiң есебiн жүргiзу үшiн қағаз жеткiзгiштегi электрондық хабарламаның данасы жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органда қалады.
12. Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiмен қоса электрондық iс макетiн алғаннан кейiн, осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда iске нөмiр бередi, одан кейiн көрсетiлген шешiмдi қағаз жеткiзгiште өтiнiш иесiнiң iс макетiне қосып тiгедi.
13. Сканермен көшiрiлген электрондық iс макетiнiң берiлген құжаттарында күмән туындаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiмен салыстыру үшiн уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнен iстiң макетiн сұратады.
14. Егер жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган келiп түскен электрондық iс макетiнен шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттың (құжаттардың) жоқ екенiн анықтаған және (немесе) шешiм жобасынан қате тапқан жағдайда, электрондық iс макетi шешiм жобасымен және электрондық хабарламамен қоса уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
Электрондық хабарламаның тиiстi бағанында қайтарудың нақты себебi көрсетiледi.
Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi қайтарылған электронды iс макетi келiп түскен күннен бастап: бес жұмыс күнi iшiнде анықталған қатенi жояды және (немесе) өтiнiш берушi қосымша құжаттарды ұсынған кезде отыз жұмыс күнi iшiнде электронды iс макетiн осы Ереженiң 7-11-тармақтарында көзделген тәртiппен қайта ресiмдейдi.
15. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмде бас тарту негiздемесiн көрсетедi.
Бұл ретте электрондық iс макетi электрондық хабарламамен және жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның бас тарту себептерi туралы хатымен қоса уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органнан хат келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы өтiнiш иесiне жазбаша хабарлайды және ұсынылған құжаттарды (өтiнiштi қоспағанда) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның бас тарту себептерi туралы хатымен қоса өтiнiш иесiне қайтарады.
16. Егер шешiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн негiздеме болып табылатын немесе жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысандағы шешiм жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен, олар бар болса, толықтырылған электрондық iс макетiмен бiрге осы Ереженiң 7-11-тармақтарында көзделген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
17. Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасалған күн болып есептеледi.
5-тармақтың 10) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға жәрдемақы өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
Жәрдемақы тағайындалуы үшiн негiздеме жойылған жағдайда жәрдемақы алушылар бұл туралы он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттенедi.
Жоғарыда көрсетiлген тұлғалар тағайындау үшiн қажеттi стажы туралы толық емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi бес жұмыс күнi iшiнде құжаттарды арнайы комиссиялардың қарауына осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.
Арнайы комиссиялар ұсынылған материалдарды осы Ереженiң 4-тарауына сәйкес қарайды.

3. Республикалық бюджеттен жәрдемақы төлеудiң тәртiбi

18. Жәрдемақы төлеудi уәкiлеттi ұйым жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар арқылы жүзеге асырады.
19. Уәкiлеттi ұйым жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiм жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) ұсынады.
20. Министрлiк тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiндегi қаражатты уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сома бойынша уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
24. Жәрдемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi.
Жәрдемақы алуға құқығы бар адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым алған, қайтыс болған адамның шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы уәкiлеттi ұйымға оның бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде қайтарылады.

4. Арнайы комиссиялар

25. Бар жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы жұмыс стажын арнайы комиссиялар белгiлей алады.
26. Арнайы комиссия жергiлiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерiнiң, қоғамдық бiрлестiктердiң, уәкiлеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар уәкiлеттi органдарының, жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, әскери басқарманың жергiлiктi органдарының өкiлдерiнен тұрады.
27. Арнайы комиссиялар:
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиiсiнше ресiмделуiн құқықтық бағалауды;
куәгерлердiң айғақтамалары бойынша жұмыс стажын белгiлеудi (куәгерлерге сұрақтар қоюды);
өтiнiш берушiнiң жұмыс стажын белгiлеу үшiн қажеттi құжаттарды сұратуды;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегi жұмыс стажын белгiлеу (немесе белгiлеуден бас тарту) туралы шешiмдер шығаруды;
жұмыс стажын белгiлеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтiнiш берушiлерге жазбаша хабарлауды жүзеге асырады.
28. Арнайы комиссиялар жұмыс стажын белгiлеудi өтiнiш берушiнi бiр кәсiпорында, ұйымда, мекемеде, ұжымдарда бiрге iстеген жұмысы бойынша бiлетiн және оған қатысты өтiнiш берушiнiң жұмысын растайтын уақыт iшiнде өзiнiң жұмысы туралы құжаттары, оның iшiнде егер зейнетақы iсiндегi деректер бойынша еңбек стажы куәгердiң айғақтары бойынша зейнетақы тағайындалғанда ескерiлсе, куәгерлердiң өздерiнiң жауаптарының хаттамалары бар, бiр куәгер айғағының негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
29. Арнайы комиссиялар куәгерлердi жеке айғақтар үшiн шақыру немесе куәгерлердiң қолының түпнұсқа екендiгi нотариалды тәртiппен куәландырылған кезде олардың жазбаша айғақтарын қараумен шектелу туралы мәселенi өз қарауы бойынша шешедi.
30. Өтiнiш берушiде жұмыс фактiсi туралы құжаттар сақталмаған, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмысын растайтын куәгерлердi ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, жұмыс фактiсiн арнайы комиссия Ардагерлер кеңестерiнiң қолдаухаттары негiзiнде белгiлейдi.
Қолдаухатқа мұрағат органдарының, ұйымдардың мұрағаттардың жоқ екенi туралы анықтамалары қоса берiледi.
31. Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiнен қарауға келiп түскен құжаттар осы Ереженiң 13-қосымшаға сәйкес журналда тiркеледi.
32. Арнайы комиссия келiп түскен құжаттарды күнтiзбелiк он күн iшiнде қарайды және жетiспейтiн құжаттарды тиiстi ұйымдардан (кәсiпорындардан) сұрату немесе куәгерлерге сұрақ қою туралы шешiм қабылдайды.
33. Өтiнiш иесiмен 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда бiрге жұмыс iстеу фактiсiн растай алатын куәгерлер болса, осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысанда куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы жасалады.
34. Қажеттi құжаттарды жинау, куәгерлерге сұрақ қою қорытындылары бойынша арнайы комиссия еңбек стажын белгiлеу туралы осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысанда шешiм шығарады және оны уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне жiбередi.

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
1-қосымша

Ауданның коды ____________________
Қазақстан Республикасы
___________________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментi

Өтiнiш

Азамат(ша) _______________________________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)
Туған күнi 19__ ж. «___» ________________ тұрғылықты мекенжайы:
________________________________________________________________
Жеке шотының № ________________ Банктiң атауы __________________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________________
Жеке куәлiгiнiң (паспортының) мәлiметтерi: № ___________________,
кiм берген __________________ , берiлген күнi __________________.

Маған ____________________________________________________
(санаты көрсетiледi)
ретiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы, зейнетақы аламын (керегiн сызады)

Сiз арнаулы әлеуметтiк жәрдемақыны өзге негiздер бойынша аласыз ба ____________________________________________________________
(иә, жоқ бар болса, қандай негiз бойынша екенi көрсетiледi)

Төленетiн жәрдемақы мөлшерiне әсер ететiн өзгерiстер туындаған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (оның iшiнде ҚР тыс жерге кету), сауалнама мәлiметтерi, банк деректемелерi өзгерген жағдайда олар туралы уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне 10 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

20__ ж. «___» _______ Өтiнiш берушiнiң қолы ______

Азамат(ша) _____________________________________________ өтiшi

20___ ж. «___» қабылданды. № ___________

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы
________________________________________________________________

Өтiнiшке қоса берiлген құжаттардың тiзбесi:

Р/с №

Құжат атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескерту

________________________________________________________________
(қию сызығы)

Қоса берiлген құжаттармен азамат(ша) ________________________ өтiнiшi
________ данада 200__ ж. «___» ____ № ____ тiркелдi, құжаттар
20___ ж. «___» __________ қабылданды.

________________________________________________________________
(құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Төленетiн жәрдемақы мөлшерiне әсер ететiн өзгерiстер туындаған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (оның iшiнде ҚР тыс жерге кету), сауалнама мәлiметтерi, банк деректемелерi өзгерген жағдайда олар туралы уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне 10 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүрген қалалар мен жүргiзiлген кезеңдердiң тiзбесi

Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейiн.
Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiн.
Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шiлдеге дейiн.
Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шiлдеден 19 қарашаға дейiн.

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
3-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысумен басқа мемлекеттер аумағында жүргiзiлген ұрыс қимылдары кезеңдерiнiң тiзбесi

Алжирдегi ұрыс қимылдары: 1962 - 1964 жылдар;
Мысырдағы (Бiрiккен Араб Республикасы) ұрыс қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы маусым; 1968 жыл; 1969 жылғы наурыздан 1972 жылғы шiлдеге дейiн; 1973 жылғы қазаннан 1974 жылғы наурызға дейiн; 1974 жылғы маусымнан 1975 жылғы ақпанға дейiн (Суэц арнасын минадан тазартуға қатысқан Қара теңiз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшiн).
Йемен Араб Республикасындағы ұрыс қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы қарашадан 1969 жылғы желтоқсанға дейiн.
Вьетнамдағы ұрыс қимылдары: 1961 жылғы қаңтардан 1974 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сириядағы ұрыс қимылдары: 1967 жылғы маусым; 1970 жылғы наурыз-шiлде; 1972 жылғы қыркүйек-қараша; 1973 жылғы қазан;
Анголадағы ұрыс қимылдары: 1975 жылғы қарашадан 1991 жылғы желтоқсанды қоса алғанда.
Мозамбиктегi ұрыс қимылдары: 1967 - 1969 жылдар, 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн; 1984 жылдың наурыз айынан 1988 жылғы тамыз айын қоса алғанда.
Эфиопиядағы ұрыс қимылдары: 1977 жылғы желтоқсаннан 1990 жылғы қарашаны қоса алғанда.
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары: 1978 жылғы сәуiрден 1989 жылғы 15 ақпанға дейiн.
Камбоджадағы ұрыс қимылдары: 1970 жылғы сәуiр - желтоқсан.
Бангладештегi ұрыс қимылдары: 1972 - 1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңiз Флоты корабльдерi мен көмекшi кемелерiнiң жеке құрамы үшiн).
Лаостағы ұрыс қимылдары: 1960 жылғы қаңтардан 1963 жылғы желтоқсанға дейiн; 1964 жылғы тамыздан 1968 жылғы қарашаға дейiн; 1969 жылғы қарашадан 1970 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сирия мен Ливандағы ұрыс қимылдары: 1982 жылғы маусым.

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
4-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргiзiлген кезеңдер тiзбесi

Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпаннан 1922 жылғы қазанға дейiн.
Кеңес-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз-қазан.
Испаниядағы ұрыс қимылдары: 1936 - 1939 жылдар.
Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға дейiн.
Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 (11) мамырға дейiн.
Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыздан 1945 жылғы 3 қыркүйекке дейiн.
Басмашыларды жою жөнiндегi ұрыс операциялары: 1922 жылғы қазаннан 1931 жылғы маусымға дейiн.
Хасан көлi ауданындағы ұрыс қимылдары: 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 тамызға дейiн.
Халкин-Гол өзенiндегi ұрыс қимылдары: 1939 жылғы 11 мамырдан 16 қыркүйекке дейiн.
КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қосылған кездегi ұрыс iс-қимылдары: 1939 жылғы 17-28 қыркүйек.
Қытайдағы ұрыс қимылдары: 1924 жылғы тамыздан 1927 жылғы шiлденi қоса алғанда; 1929 жылғы қазан - қараша; 1937 жылғы шiлдеден 1944 жылғы қыркүйектi қоса алғанда; 1945 жылғы шiлде-қыркүйек; 1946 жылғы наурыздан 1949 жылғы сәуiрдi қоса алғанда; 1950 жылғы наурыз-мамыр (ӘШҚ әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн), 1950 жылғы маусымнан 1953 жылғы шiлденi қоса алғанда (Солтүстiк Кореядағы ұрыс iс-қимылдары Қытай аумағынан қатысқан әскери бөлiмшелердiң жеке құрамы үшiн).
Венгриядағы ұрыс қимылдары: 1956 жыл.
Даман аралындағы ұрыс қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
Жалаңашкөл ауданындағы ұрыс қимылдары: 1969 жылғы тамыз.

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
5-қосымша

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн берiлетiн наградаларға жатқызылған бұрынғы КСРО медальдарының тiзбесi

«Ерлiгi үшiн» Ушаков медалi
«Жауынгерлiк еңбегi үшiн» Нахимов медалi
«Ерен еңбегi үшiн»
«Үздiк еңбегi үшiн»
«Ленинградты қорғағаны үшiн»
«Москваны қорғағаны үшiн»
«Одессаны қорғағаны үшiн»
«Севастопольдi қорғаганы үшiн»
«Сталинградты қорғағаны үшiн»
«Киевтi қорғағаны үшiн»
«Кавказды қоргағаны үшiн»
«Кеңестiк Заполярьенi қорғаганы үшiн»
«Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн»
«Жапонияны жеңгенi үшiн»
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегi үшiн»

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
6-қосымша

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жөнiндегi азаматтардың өтiнiштерiн тiркеу
ЖУРНАЛЫ

Басталды _______ _______________
Аяқталды _______ _______________

Р/с №

Өтiнiш берiлген күн

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiнiң туған күнi мен жылы

Тұрғылықты жерi

Жәрдемақы санаты

кестенiң жалғасы

Тағайындау күнi

Шешiмдi бекiту немесе департаменттiң бас тарту күнi және хабарламаның №

Департаменттен ЗТМО бөлiмшесiне жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хаттың түскен күнi

Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы өтiнiш берушiге хабарлаған күнi

Ескертпе

Журналда ___________________________ парақ нөмiрлендi және тiгiлдi
(санмен және жазумен)

М.О. ЗТМО __________________ бөлiмшесiнiң бастығы _____________
Т.А.Ә

Күнi 20___ ж. «___» ___________ қолы __________________________

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
7-қосымша

Код ______________________
Облыс (қала) __________________

______________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң
20___ жылғы «___» № ________

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау
(өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы

ШЕШIМI

Iстiң № ___________
Азамат(ша) _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты )
Жынысы: ________________ Туған күнi: «____» __________ _____ ж.

Өтiнiш берiлген күн «___» 20____ ж. № _________
________________________________________________________________
(мүгедек баланың ата-анасының/асырап алушысының Т.А.Ә.)

I. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңының___бабына сәйкес_________нысаны бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалсын.

Айлық жәрдемақы мөлшерi 20___ ж. «____» ____ бастап 20___ ж. «____» ____ қоса алғандағы мерзiмге _______ теңге сомасында _____________
(сомасы жазумен)

II. Тағайындаудан бас тартылсын: ______________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(негiз)

Департамент директоры ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Департамент басқармасының
(бөлiмiнiң) бастығы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Департаменттiң тағайындау
жөнiндегi маманы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Шешiмнiң жобасын дайындағандар:

ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
ЗТМО облфилиалының директоры ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
ЗТМО облфилиалының маманы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
8-қосымша

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ХАБАРЛАМА
№ ____ 20___ ж. «___» ________

уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi төменде көрсетiлген азаматтардың электрондық макетiн қарауға жiберiп отыр:

р/с

Т.А.Ә.

Парақ саны

Iстiң

Жәрдемақы мөлшерi

Жәрдемақы түрi

Қарау жөнiндегi белгi

Қарау деңгейi (ЭIМ статусы)

Бекiтiлдi (шешiмнiң нөмiрi мен күнi)

Қайта ресiмдеуге қайтарылды (бас тарту, құжаттардың дұрыстығын тексеру)

Қайтару себебi

Барлығы _____________________ электрондық iс макетi қоса берiледi
Барлығы _____________________ электрондық iс макетi бекiтiлдi
_____________________________ электрондық iс макетi қайтарылды

ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы _____________/Т.А.Ә./
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы _____________/Т.А.Ә./
шығыс № 20___ ж «_____» ________
(ЗТМО облфилиалына жiберу күнi)

ЗТМО облфилиалының директоры ______________ /Т.А.Ә./
ЗТМО облфилиалының маманы ______________ /Т.А.Ә./
кiрiс № __ 20___ ж. «__» _____
(ЗТМО бөлiмшесiнен келiп түскен күн)
шығыс № __ 20___ ж. «__» _____
(департаментке жiберу күнi)

Департамент директоры ___________ /Т.А.Ә./
Департамент басқармасының (бөлiм) бастығы _________ /Т.А.Ә./
Департамент маманы ______ /Т.А.Ә./
кiрiс № __ 20___ ж. «__» _____
(ЗТМО облфилиалынан келiп түскен күн)
шығыс № __ 20___ ж. «__» _____
(ЗТМО бөлiмшесiне жiберу күнi)

ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы ____________ /Т.А.Ә./
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы ____________ /Т.А.Ә./
кiрiс № __ 20___ ж. «__» _____
(департаменттен келiп түскен күн)

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
9-қосымша

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жөнiндегi шешiмдердi тiркеудiң электрондық журналы

Р/с


Т.А.Ә.

Шешiм

Тiркеу күнi

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
10-қосымша

____________ iске нөмiр берудiң электрондық журналы

Р/с


Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiнiң туған күнi

Тұрғылықты мекенжайы

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
11-қосымша

Код __________________
Облыс (қала) ________________

________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң
20___ жылғы «___» № ______

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерiн өзгерту және (немесе) шешiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы

ШЕШIМI

Iстiң № ________________
Азамат(ша) _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты )
Жынысы: _____________________ Туған күнi: «____» ______ ________ ж.
Өтiнiш берiлген күн 20 __ ж. «___» ______ № ____________
________________________________________________________________
(мүгедек баланың ата-анасының/асырап алушысының Т.А.Ә.)
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы санаты ___________________________
I. Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау туралы «___» _____ 20_____ ж. № _______ шешiмнiң қолданылу мерзiмi ұзартылсын:
жәрдемақы мөлшерiн 20___ ж.«___» ____ бастап 20___ ж. «___» ____ қоса алғандағы мерзiмге _______ теңге сомасында ____________ белгiленсiн.
(жазумен)
II. Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының жаңа мөлшерi белгiленсiн:
жәрдемақы мөлшерiн 20___ ж. «___» ____ бастап 20___ ж. «___» ____ қоса алғандағы мерзiмге _______ теңге сомасында _____________________
(сомасы жазумен)
III. Тағайындаудан бас тартылсын: ______________________________
________________________________________________________________
(негiз)

Департамент директоры ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Департамент басқармасының
(бөлiмiнiң) бастығы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Департаменттiң тағайындау
жөнiндегi маманы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Шешiмнiң жобасын дайындағандар:

ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
ЗТМО облфилиалының директоры ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
ЗТМО облфилиалының маманы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
12-қосымша

Арнайы комиссияның қарауына жiберiлетiн құжаттардың тiзiмi

р/с

Өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты

Туған жылы

Тұрғылықты жерi

Iстегi парақ саны

М.О. Бердi:
ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы _______________ ____________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Күнi 20___ ж. «___» ___________ Қолы _______________

Қабылдап алды:
Арнайы комиссия хатшысы: ___________________________
Т.А.Ә.

Күнi 20___ ж. «____» __________ Қолы _______________

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
13-қосымша

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнен қаралуға келiп
түскен құжаттарды тiркеу
ЖУРНАЛЫ

Р/с

Құжаттар келiп түскен күн

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Мекен-жайы, телефоны

Келiп түскен құжаттар саны

Құжаттарды қарау жөнiндегi арнайы комиссия жасаған әрекеттер

Арнайы комиссияның шешiмi

Құжаттарды қарау мерзiмiн ұзарту, себептерi

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
14-қосымша

Куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы

№ ________________ Күнi ___________

___________________________________________________ арнайы комиссиясы

1. Өтiнiш берушiнiң хабары
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә., мекенжайы, туған күнi, жеке куәлiгiнiң нөмiрi)
Мен, өтiнiш берушi, куәгерлерге сұрақ қоюыңызды өтiнемiн:
_________________________________________________________________
(Куәгерлердiң Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы)
______________________________________________________ хабарлаймын.
2. Куәгерге сұрақ қою: __________________________________________
(Т.А.Ә., мекенжайы, туған күнi, жеке
куәлiгiнiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрге жұмыс iстегенiн растау үшiн берiлген құжаттар
_________________________________________________________________
Мен, куәгер,
_________________________________________________________ көрсетемiн.

Өтiнiш берушiнiң қолы
Арнайы комиссияның төрағасы
Арнайы комиссияның мүшелерi

Мөрдiң орны

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесiне
15-қосымша

Күнi _____________, № ______________ хаттамаға

_________________________________________ арнайы комиссиясының шешiмi

Шешiм:

Азамат(ша) _____________________________________________________
______________ (күнi) бастап _____________ (күнi) дейiн
стаж белгiлендi деп есептелсiн

_______________________ жыл есепке алынсын

Арнайы комиссияның төрағасы
Арнайы комиссияның мүшелерi

Мөрдiң орны

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 31 қаңтардағы
N 161 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және заңды тұлғаларға оған байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 1365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 45, 438-құжат).
3. "Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерiн тұтыну туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 38, 362-құжат).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina