ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 Қаулысы
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы

"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 25 тамыздағы
N 817 қаулысымен
бекiтiлген

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге
мониторинг жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген өз құзыретiне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзiрлеушiлерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерiне мониторинг жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

Осы Ереже мемлекеттiк құпияларды және (немесе) қызметтiк ақпаратты қамтитын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге немесе олардың жекелеген бөлiктерiне қолданылмайды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23 N 619 қаулысымен.

3. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң (бұдан әрi - заңға тәуелдi кесiмдер) мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау әрi оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшiн жүргiзiледi.

4. Заңға тәуелдi кесiмдерге мониторингтi тиiстi уәкiлеттi орган (оның iшiнде iске асыруды уәкiлеттi орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесiмдер бойынша) әзiрлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелдi кесiмдерге қатысты уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) ведомстволары (бұдан әрi - бөлiмшелер) тұрақты негiзде жүргiзедi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23. N 619 қаулысымен.

5. Уәкiлеттi органдарда заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiрудi заң қызметтерi, олар болмаған жағдайда - уәкiлеттi органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлiмшелер (бұдан әрi - тиiстi құрылымдық бөлiмшелер) жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.

6. Заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

2. Мониторинг жүргiзу

7. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген мақсаттарда мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелер мыналарды қарайды:

1) тиiстi уәкiлеттi орган әзiрлеген және (немесе) қабылдаған (оның iшiнде iске асыруды уәкiлеттi орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесiмдер) заңға тәуелдi кесiмдердi;

2) қаралатын заңға тәуелдi кесiмдердi реттеу мәнiне байланысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын;

3) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану практикасына қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн талдау мен қорыту және прокурорлық қадағалау актiлерiн, сот шешiмдерiн, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын қарау нәтижелерiн;

4) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану туралы мәлiметтер (статистикалық деректердi қоса алғанда) және басқа бөлiмшелер, сондай-ақ уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделi мемлекеттiк органдар беретiн оларды жетiлдiру туралы ұсыныстарды;

5) заңға тәуелдi кесiмдердiң қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшiлiктiң қолы жетiмдi телекоммуникациялық жүйелердегi интернет-ресурстардағы жарияланымдарды;

6) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткiзiлетiн ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердiң ұсынымдарын, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдар ұсынатын материалдарды.

Жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау кезiнде уәкiлеттi органның бөлiмшелерi тиiстi құрылымдық бөлiмшелермен бiрлесiп, үш жұмыс күнi iшiнде жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлердi реттеу нысанасына байланысты заңға тәуелдi актiлерге талдау жасайды.
Заңға тәуелдi актiлердiң жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлер күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органның бөлiмшелерi тиiстi құрылымдық бөлiмшелермен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану жөнiнде шаралар қабылдайды.
Уәкiлеттi органдар қабылдаған шаралар туралы ақпаратты нормалары жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi немесе олардың күшi жойылды деп тануды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қоса тiркей отырып, олар қабылданғаннан кейiн бiр апта мерзiмде әдiлет органдарына ұсынады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23 N 619, 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

7-1. Мемлекеттiк орган басшысының (оның мiндетiн атқарушының) бұйрығымен Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң тiркелiмiне енгiзiлген барлық заңға тәуелдi актiлерге (өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу туралы актiлердi есептемей) қатысты жүйелi негiзде талдау жүргiзудi көздейтiн заңға тәуелдi актiлерге тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң өз уәкiлеттi органының бөлiмшелерiмен бiрге мониторинг жүргiзу кестесi (бұдан әрi - Кесте) ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрмей бекiтiледi.
Кесте Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу туралы актiлердi есептемей) тiркелiмiне енгiзiлген заңға тәуелдi актiлерге мониторинг жүргiзудiң iс-шаралары мен нақты мерзiмдерiн, сондай-ақ мониторинг жүргiзiлген заңға тәуелдi актiлерге кезең-кезеңмен оралуды (әр жартыжылдықта, осы жартыжылдықта қабылданған актiлердi қоспағанда) көздейдi.
Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.03 N 476 Қаулысымен.

8. Осы Ереженiң 7-тармағының екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, әр тоқсанның соңғы айының бiрiншi күнiне дейiн бөлiмшелер өзiнiң уәкiлеттi органының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жүргiзiлген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелдi кесiмдерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану туралы ұсыныс бередi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187, 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

9. Тиiстi құрылымдық бөлiмшелер алынған ақпарат пен ұсыныстарды олар түскен сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бөлiмшелермен бiрлесiп, отырып тиiстi заңға тәуелдi кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу бойынша шаралар қабылдайды.
Мониторинг нәтижесiнде әзiрленген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулыларының жобалары аяқталған тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберiледi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187, 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

10. Осы Ереженiң 21-тармағына сәйкес әдiлет органдарына беру үшiн уәкiлеттi органның жүргiзген жұмыс қорытындылары бойынша тиiстi құрылымдық бөлiмшелер жылына екi рет қорытылған ақпаратты дайындайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.
10-1. Заңға тәуелдi кесiмдерге мониторинг жүргiзудiң толықтығын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi органдар тоқсан сайын әдiлет органдарына өткен тоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттiк органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешiмдерiнiң, сондай-ақ әкiмдiктер қаулылары мен әкiмдер шешiмдерiнiң тiзбесiн (iшкi ведомстволық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-кадр және қаржылық-материалдық сипаттағы актiлердi қоспағанда) ұсынады.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.
11. Мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелердiң өзара iс-қимыл тәртiбiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкiлеттi органның басшысы анықтайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.19 N 1094 Қаулысымен.

3. Тiркелiмдердi жүргiзу

12. Мониторинг үшiн пайдаланылатын заңға тәуелдi кесiмдер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында тиiстi құрылымдық бөлiмшелер уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жекелеген тiркелiмдерiн (бұдан әрi - тiркелiмдер) мынадай заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша жүргiзедi:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерiнiң және өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
4) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.
5) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
Тiркелiмдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23 N 619, 2007.11.19 N 1094, 2009.12.25 N 2187 Қаулыларымен.

13. Уәкiлеттi органдарда тiркелiмдердi тиiстi құрылымдық бөлiмше жүргiзедi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23. N 619, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187 Қаулыларымен.

14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелiмдi министрлiк жауапты хатшысы анықтаған бөлiмше маманы жүргiзедi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.11.19. N 1094 Қаулыcымен.

15. Тiркелiмдер журналдарды бiлдiредi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23. N 619 қаулысымен.

16. Тiркелiмдердiң бiр бетiне тек бiр нормативтiк құқықтық кесiм туралы мәлiметтер енгiзiледi. Бiр бетке екi және одан артық нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы мәлiметтердi енгiзуге жол берiлмейдi.

17. Тiркелiмдер беттерiнiң нөмiрленуi реттi болып табылады.

18. алынып тасталды
Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23. N 619 қаулысымен.

19. Тiркелiмдер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Iс-қағаздары тек мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тiркелiм мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

20. Тiркелiмдер электронды тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.

20-1. Тiркелiмге мәлiметтердi енгiзу нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн он жұмыс күн iшiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.03 N 476 Қаулысымен.

4. Қорытынды ережелер

21. Уәкiлеттi органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша қабылдануының хронологиялық тәртiбiмен Тiркелiмге сәйкес мониторинг жүргiзiлетiн заңға тәуелдi актiлердiң тiзбесiн, сондай-ақ Кестенiң көшiрмесiн қоса бере отырып, мониторинг нәтижелерi туралы ақпаратты заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Ереженiң 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтердi әдiлет органдарына мынадай тәртiппен:
орталық мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне;
жергiлiктi мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне одан әрi беру үшiн аумақтық әдiлет органдарына ұсынады.
Әдiлет органдары кезең-кезеңмен, бiрақ жартыжылдықта кемiнде бiр рет уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шаралар әзiрлеу мақсатында уәкiлеттi органдардың мониторинг нәтижелерiн талқылайды.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23 N 619, 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрi уәкiлеттi органдар жүргiзген заңға тәуелдi актiлер мониторингiнiң нәтижелерi бойынша қажет болған жағдайда тәртiптiк не көтермелеу сипатында шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгiзе отырып, осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдайды.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.03 N 476 Қаулысымен.

23. Осы Ереженiң 21 және 22-тармақтарын iске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрыңғай электронды құжат айналымы жүйесiн пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.

24. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi өзiнiң интернет-ресурсында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi туралы уәкiлеттi органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерiн орналастырады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.

25. Уәкiлеттi орган және Әдiлет министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың сұраулары және азаматтардың өтiнiштерi бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң жүргiзiлген мониторингi туралы ақпаратты ұсынады.

Заңға тәуелдi нормативтiк
құқықтық кесiмдерге мониторинг
жүргiзу ережесiне
1-қосымша

Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң
тiзiлiмi
(200__жылғы________________)

Р/с
N

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң түрi, қабылданған күнi, тiркеу нөмiрi және атауы

Нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау негiзi (органның құзыретi) нормативтiк құқықтық кесiмнiң тиiстi нормасына сiлтемесiмен

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң мемлекеттiк тiркелген күнi және нөмiрi

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң қолданысқа енгiзiлген күнi

1

2

3

4

5

кестенiң жалғасы

Нормативтiк құқықтық кесiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы мәлiмет

Күшiн жоғалтқан нормативтiк құқықтық кесiмдi (немесе олардың жекелеген бөлiктерiн) тану туралы мәлiмет

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң қолданылуын тоқтата тұру туралы мәлiмет

Бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық кесiмнiң ережесi, оның бөлiктерi (бөлiгi) қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған кесiм немесе оның бөлiгi (бөлiктерi) игеретiн жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдi қолдану немесе қабылдау мерзiмiнiң өтуiне байланысты нормативтiк құқықтық кесiм (немесе олардың жекелеген бөлiктерi) әрекетiнiң тоқтатылуы туралы мәлiмет

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жойылғаны туралы мәлiмет

6

7

8

9

10

Ескертпе:
тiркелiм мөлшерi мынадай параметрлерге сәйкес келуi тиiс:
көлденеңi 42 см, ұзындығы 25 см.

Заңға тәуелдi нормативтiк
құқықтық кесiмдерге мониторинг
жүргiзу ережесiне
2-қосымша

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2007.07.23 N 619, өзгерту енгiзiлдi - 2007.11.19 N 1094 Қаулыларымен.

1 нысан

Мониторинг нәтижелерi___________________________________
(заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiм түрiнiң атауы)
_______________________________________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)

(сандық аппарат көрсетiледi)

Р/с
N

Мониторинг нәтижелерi

Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң саны

1.

Қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер

2.

Заңға қайшы келетiн ретiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiрудi талап ететiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер:

1) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

2) күшi жойылды деп тану

3) қолданылуын тоқтату (немесе жекелеген нормамен)

4) жою

3

Мыналарды талап ететiн құқық қолдану практикасында тиiмсiз iске асырылатын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер;

1) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

2) күшi жойылды деп тану

4

Ескiрген ретiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiрудi талап ететiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер;

1) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

2) күшi жойылды деп тану

5

Заңға қайшы келетiн ретiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiрiлген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер:

1) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген

2) күшi жойылды деп танылған

3) қолданылуы тоқтатылған (немесе жекелеген нормамен)

4) жойылған

6

Заңнамаға сәйкес келтiрiлген құқық қолдану практикасында тиiмсiз iске асырылатын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер:

1) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген

2) күшi жойылды деп танылған

3) қолданылуы тоқтатылған (немесе жекелеген нормамен)

7

Ескiрген ретiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiрiлген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер:

1) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген

2) күшi жойылды деп танылған

Ескертпе:
1-жолда негiзгi кесiмдердiң (өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды есептемей) саны көрсетiледi.

орталық атқарушы органның жауапты хатшысы
(белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды
тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда -
уәкiлеттi органның басшысы ___________________________
(Т.А.Ә)

200__ жылғы __________ _______________ _____________
(қолы)

N 2 нысан

Заңнамаға қайшы келетiн анықталған_____________________________
(заңға тәуелдi кесiмнiң түрi)

жөнiндегi және олар бойынша _______________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)

қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат

(сипаттама ақпарат көрсетiледi)

Р/с
N

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмнiң түрi, қабылданған күнi, тiркелген нөмiрi және атауы

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнi және нөмiрi

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмге сәйкес келмейтiн кесiмнiң бөлiгi, абзацы, тармағы, бабы, түрi, қабылданған күнi, тiркеу нөмiрi және атауы

Қабылданатын шаралар

өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi кесiм жобасының атауы, келiсу сатысы

күшi жойылды деп тану жөнiндегi кесiм жобасының атауы, келiсу сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенiң жалғасы

Қабылданатын шаралар

Қабылданған шаралар

қолда-
нылуын
тоқтата
тұру
жөнiн-
дегi
кесiм
жоба-
сының
атауы,
келiсу
сатысы

жою
жөнiндегi
кесiм
жобасының
атауы,
келiсу
сатысы

өзгерiстер
мен
(немесе)
толық-
тырулар
енгiзу
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабылдан-
ған күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

күшi
жойылды
деп тану
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабылдан-
ған күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

қолданылуын
тоқтата тұру
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабылданған
күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

жою
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабылдан-
ған күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

7

8

9

10

11

12

N 3 нысан

________________________ iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi
(заңға тәуелдi түрi)
және олар бойынша _______________________________ қабылданған
(уәкiлеттi органның атауы)

шаралар туралы ақпарат

(сипаттама ақпарат көрсетiледi)

Р/с
N

Норма-
тивтiк
құқықтық
кесiмнiң
түрi,
қабыл-
данған
күнi,
тiркелген
нөмiрi
және
атауы

Норма-
тивтiк
құқықтық
кесiмнiң
әдiлет
органда-
рында
мемле-
кеттiк
тiркелген
күнi және
нөмiрi

Заңға
тәуелдi
құқықтық
кесiмнiң
құқық
қолдану
практи-
касында
тиiмсiз
iске
асырылуы
туралы
бағалаудың
негiзде-
месi
(iске
асырылады
немесе
жоқ)

Қабылданатын шаралар

өзгерiстер
мен (немесе)
толықтырулар
енгiзу
жөнiндегi
кесiм
жобасының
атауы,
оны келiсу
сатысы

күшi жойылды
деп тану
жөнiндегi
кесiм
жобасының
атауы, оны
келiсу сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенiң жалғасы

Қабылданатын шаралар

Қабылданған шаралар

қолда-
нылуын
тоқтата
тұру
жөнiн-
дегi
кесiм
жоба-
сының
атауы,
оны
келiсу
сатысы

құқық
қолдану
практика-
сында iске
асырыл-
майтын
заңға
тәуелдi
норма-
тивтiк
құқықтық
кесiмдi
қабылдауға
арналған
құзыреттi
жоғары
тұрған
нормативтiк
құқықтық
кесiмдерден
алып тастау
жөнiндегi
кесiм
жобасының
атауы,
оны
келiсу
сатысы

өзгерiстер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгiзу
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабыл-
данған
күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

күшi
жойылды
деп тану
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабыл-
данған
күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

қолданылуын
тоқтата
тұру
жөнiндегi
кесiмнiң
түрi,
қабыл-
данған
күнi,
тiркелген
нөмiрi
және атауы

құқық
қолдану
практика-
сында iске
асырылмайтын
заңға
тәуелдi
нормативтiк
құқықтық
кесiмдi
қабылдауға
арналған
құзыреттi
жоғары
тұрған
нормативтiк
құқықтық
кесiмдерден
алып тастау
жөнiндегi
кесiм
жобасының
түрi,
қабылданған
күнi, атауы

7

8

9

10

11

12

Ескертпе:

осы нысанды толтырған кезде тек тиiмсiз деп танылған және ол бойынша шаралар қабылданған анықталған нормативтiк құқықтық кесiм бойынша ақпарат енгiзiледi

Уәкiлеттi органның басшысы __________________________________
(Т.А.Ә.)

200_ жылғы "__"__________

N 4 нысан

ескiрген норманы қамтитын анықталған _________________________
(заңға тәуелдi кесiмнiң түрi)

жөнiндегi және олар бойынша __________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)

қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат

(сипаттама ақпарат көрсетiледi)

Р/с
N

Заңға
тәуелдi
нормативтiк
құқықтық
кесiмнiң
түрi,
қабылданған
күнi,
тiркелген
нөмiрi және
атауы

Заңға
тәуелдi
нормативтiк
құқықтық
кесiмдердiң
әдiлет
органдарында
мемлекеттiк
тiркелген
күнi және
нөмiрi

Ескiрген
норма бар
абзац,
тармақ

Қабылданатын шаралар

өзгерiстер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгiзу
жөнiндегi
кесiм
жобасының
атауы,
оны
келiсу
сатысы

күшi
жойылды
деп тану
жөнiндегi
кесiм
жобасының
атауы,
оны
келiсу
сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенiң жалғасы

Қабылданған шаралар

өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi кесiмнiң түрi, қабылданған күнi, тiркелген нөмiрi және атауы, оны келiсу сатысы

күшi жойылды деп тану жөнiндегi кесiмнiң түрi, қабылданған күнi, тiркелген нөмiрi және атауы, оны келiсу сатысы

7

8

Уәкiлеттi органның басшысы __________________________________
(Т.А.Ә.)

200_жылғы "__"__________ __________ қолы


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina