ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 3 мамырдағы № 476 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiнде:
7-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
2) тармақшада «нормативтiк құқықтық кесiмдердi» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«ден қою актiлерiн» деген сөздер «қадағалау актiлерiн, сот шешiмдерiн, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «жарияланымдарды.» деген сөз «жарияланымдарды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткiзiлетiн ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердiң ұсынымдарын, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдар ұсынатын материалдарды.»;
мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау кезiнде уәкiлеттi органның бөлiмшелерi тиiстi құрылымдық бөлiмшелермен бiрлесiп, үш жұмыс күнi iшiнде жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлердi реттеу нысанасына байланысты заңға тәуелдi актiлерге талдау жасайды.
Заңға тәуелдi актiлердiң жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлер күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органның бөлiмшелерi тиiстi құрылымдық бөлiмшелермен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану жөнiнде шаралар қабылдайды.
Уәкiлеттi органдар қабылдаған шаралар туралы ақпаратты нормалары жоғары тұрған деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi немесе олардың күшi жойылды деп тануды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қоса тiркей отырып, олар қабылданғаннан кейiн бiр апта мерзiмде әдiлет органдарына ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Мемлекеттiк орган басшысының (оның мiндетiн атқарушының) бұйрығымен Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң тiркелiмiне енгiзiлген барлық заңға тәуелдi актiлерге (өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу туралы актiлердi есептемей) қатысты жүйелi негiзде талдау жүргiзудi көздейтiн заңға тәуелдi актiлерге тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң өз уәкiлеттi органының бөлiмшелерiмен бiрге мониторинг жүргiзу кестесi (бұдан әрi - Кесте) ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрмей бекiтiледi.
Кесте Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу туралы актiлердi есептемей) тiркелiмiне енгiзiлген заңға тәуелдi актiлерге мониторинг жүргiзудiң iс-шаралары мен нақты мерзiмдерiн, сондай-ақ мониторинг жүргiзiлген заңға тәуелдi актiлерге кезең-кезеңмен оралуды (әр жартыжылдықта, осы жартыжылдықта қабылданған актiлердi қоспағанда) көздейдi.»;
8-тармақтағы «Әр» деген сөз «Осы Ереженiң 7-тармағының екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, әр» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бiрiншi бөлiкте «алынған ақпарат пен ұсыныстарды» деген сөздерден кейiн «олар түскен сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мониторинг нәтижесiнде әзiрленген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулыларының жобалары аяқталған тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберiледi.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Тiркелiмге мәлiметтердi енгiзу нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн он жұмыс күн iшiнде жүзеге асырылады.»;
21-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында «қорытындылары бойынша» деген сөздерден кейiн «қабылдануының хронологиялық тәртiбiмен Тiркелiмге сәйкес мониторинг жүргiзiлетiн заңға тәуелдi актiлердiң тiзбесiн, сондай-ақ Кестенiң көшiрмесiн қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Әдiлет органдары кезең-кезеңмен, бiрақ жартыжылдықта кемiнде бiр рет уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шаралар әзiрлеу мақсатында уәкiлеттi органдардың мониторинг нәтижелерiн талқылайды.»;
22-тармақ «қорытады әрi» деген сөздерден кейiн «уәкiлеттi органдар жүргiзген заңға тәуелдi актiлер мониторингiнiң нәтижелерi бойынша қажет болған жағдайда тәртiптiк не көтермелеу сипатында шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгiзе отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina