Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы № 503 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылгы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Шикi мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «2709 00 900 3, 2709 00 900 7 Шикi мұнай 40» деген жол жаңа редакцияда жазылсын: «2709 00 900 Шикi мұнай 40»; «Баж ставкасы (1000 кг үшiн доллармен)» деген бағандағы «98,13», «65,42», «65,42», «65,42» деген сандар тиiсiнше «114,05», «76,03», «76,03», «76,03» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Мәсiмов
|