Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 мамырдағы № 517 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердiң тiзбесiнде: «Топтық жүйелер» деген 1-бөлiмде: «Оңтүстiк Қазақстан облысы» деген кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 34-1-жолмен толықтырылсын: «34-1 «Қажымұқан-Қараспан» топтық су құбыры»; «Оқшау жүйелер» деген 2-бөлiмде: «Қызылорда облысы» деген кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 198-1, 198-2, 198-3, 198-4 жолдармен толықтырылсын: «198-1 «Төретам» оқшау су құбыры; 198-2 «Ақай» оқшау су құбыры; 198-3 «Тереңөзек» оқшау су құбыры; 198-4 «Жалағаш» оқшау су құбыры». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|