Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 526 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 146-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiнде: мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк щаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн қолдану жөнiндегi ескертпенiң 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын: «Бұл ретте осы тармақтың қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға арналған шарттарға таралады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|