ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысы
"Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар мен енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 4-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
реттiк нөмiрi 63-жолдың 2-бағанында:
«мемлекеттiк тiркеу» деген сөздерден кейiн «немесе қайта тiркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«(нутрицевтиктердi)» деген сөз алынып тасталсын;
«бояғыштарды,» деген сөзден кейiн «дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 560 қаулысымен
бекiтiлген

«Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мына мекенжай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) көрсетедi: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, Интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң түрi: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 146-бабы, «Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 9-бабы, «Кеден одағының санитариялық шаралар жөнiндегi келiсiмiн ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы және «Балалардың тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу ережесiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң www.mz.gov.kz Интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерiнде, Комитеттiң ғимаратында орналастырылған стендiлерде, үлгiлерi бар ақпараттық тақталарда болады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң (заттардың) қолданылу мерзiмi көрсетiлген, Комитеттiң ресми бланкiсiнде ресiмделген (қағаз тасымалдағыштағы) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру немесе қайта ресiмдеу не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегi дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк тiркеуге жататын өнiмдердiң (заттардың) тiзбесiне сәйкес көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәтiнен бастап күнтiзбелiк 30 күн:
2) тұтынушының өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу кезiнде құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң барынша жол берiлген уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;
3) тұтынушының өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша жол берiлген уақыты 30 (отыз минутты) құрайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi күнделiктi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн ұсынылады, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетiлмей, кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
10. Комитетте мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған орындар, қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң үзiндiлерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стендiлермен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өнiмдердi (заттарды) мемлекеттiк тiркеуге немесе қайта тiркеуге өтiнiштi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталған, өнiмдер, (заттардың) дайындалатын құжаттарына сәйкес құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшелiктер, рецептуралар, құрамы туралы мәлiметтер) көшiрмелерi;
өнiмдердiң (заттарды) қауiпсiздiгiн және зерттелетiн үлгiлердiң сапасын куәландыратын дайындаушы (өндiрушi) құжатының көшiрмесi;
қаптамалардың, өнiмдердiң (заттардың) заттаңбалары мен түсiндiрме-жапсырмаларының үлгiлерi;
дайындаушы (өндiрушi) елдiң заңнамасына сәйкес расталған дайындаушы (өндiрушi) мемлекеттiң аумағында өнiмдердiң (заттардың) еркiн айналымын растайтын құжаттың көшiрмесi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аттестатталған және аккредиттелген зертханалар берген өнiмдердiң (заттардың) зертханалық зерттеу нәтижелерi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталған Кеден одағының кедендiк аумағында өнiмдердiң (заттардың) үлгiлерiн әкелудi растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
өндiрушiнiң және импорттаушының (заңды тұлғаның) мекенжайы, сондай-ақ атауы, (жеке тұлғаның) тегi, аты және әкесiнiң аты;
сәйкестiк сертификатын, шығарылған елде немесе басқа елде клиникалық сынақ жүргiзу жөнiндегi материалдарды, тағамға биологиялық белсендi қоспаларда (бұдан әрi - ББҚ) (ББҚ үшiн) гормондар, психотропты және есiрткi заттардың жоқ екендiгi туралы мөр қойылған дайындаушы фирманың хаты.
Лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру кезiнде лицензияның нотариалды расталған көшiрмесi ұсынылады. Экспорттаушы елдiң құжаттарының түпнұсқасына олардың нотариалды куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi аудармасы қоса берiлуге тиiс.
Қайта тiркеудi жүргiзу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қайта тiркеуге (еркiн нысандағы) өтiнiш;
2) осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар;
3) мемлекеттiк тiркеу туралы бұрын берiлген куәлiк.
12. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштердiң нысанын Комитеттiң уәкiлеттi лауазымды адамынан немесе Интернет-ресурсының:www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша алуға болады.
13. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiштiң толтырылған нысанын және қажеттi құжаттарды тұтынушы Комитеттiң кеңсесiне мына мекенжайға ұсынады: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс, тел. 8(7172) 74-32-87, 74-30-66, Интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz
14. Тұтынушыға:
1) сұралатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
2) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауларын;
3) құжаттарды қабылдау күнiн (уақытын);
4) тұтынушының өзi келген кезде қолма-қол мемлекеттiк қызметтi алу күнiн және орнын;
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған уәкiлеттi лауазымды адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда талон берiледi.
15. Дайын құжаттарды тұтынушыға беру құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негiзiнде өзi келген кезде қолма-қол жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:
1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiнiң толық ұсынылмауы;
2) өнiмдердiң (заттардың) құрамына Қазақстан Республикасында
қолдануға тыйым салынған химиялық және биологиялық заттарды пайдалану, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң жалған мәлiметтер беруi;
3) өнiмдердiң қауiпсiздiгiн және (немесе) тиiмдiлiгiн және (немесе) сапасын сипаттайтын зертханалық зерттеулердiң қанағаттанғысыз нәтижелерiн алу;
4) егер өнiмдерге (заттарға) және оны дайындау шарттарына қатысты қауiпсiздiк талаптары белгiленбеген болса, өнiмдердегi (заттардағы) және қоршаған ортадағы қауiптi факторларды айқындау және өлшеу әдiстемелерiнiң болмауы;
5) өнiмдердi (заттарды) өндiру, қолдану (пайдалану) кезiнде олардың адам денсаулығына зиянды әсерiн болдырмау бойынша тиiмдi шаралардың болмауы.
Комитет мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту себебi туралы тұтынушыға (күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде) жазбаша хабар бередi.
Өнiмдердi (заттарды) қайта тiркеу үшiн мыналар негiз болып табылады:
1) өнiмдердiң (заттардың) қосалқы заттары атауының және шығару нысанының, дозасының, құрамының және комбинациясының, қолданылу аясының және пайдалану, қарсы көрсетiмдерi бойынша ұсынымдарының және оны қолдану жөнiндегi шектеулерiнiң өзгеруi;
2) өнiмдердi (заттарды) дайындаушы фирманың тауарлық маркасының, өндiрiс орнының немесе өндiрушiнiң ауысуы;
3) өнiмдерге (заттарға) арналған нормативтiк-техникалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Комитеттiң мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кiшiпейiл болу, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау;
2) сыпайы және әдептi болу;
3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгiленген мерзiмде олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;
4) мемлекеттiк қызметтi тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамсыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Комитеттiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Комитеттiң уәкiлеттi лауазымды адамы әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағым дайындауға жәрдем көрсетедi, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, № 1144 кабинет, Интернет-ресурс: www.mz.gov.kz
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң атына берiледi, мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, № 5 кiреберiс, телефон: 8(7172) 74-28-19, № 1130 кабинет, Интернет ресурс: www.mz.gov.kz
22. Қызмет дұрыс көрсетiлмеген жағдайда, шағым Комитет басшысының атына берiледi, мекенжайы мен жұмыс кестесi осы Стандарттың 25-тармағында көрсетiлген, № 1144 кабинет.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
24. Қабылданған шағым тұтынушылардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi, тұтынушыға құжаттың қабылданған күнiн, уақытын, жауап алу мерзiмi мен орнын, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын лауазымды адамның байланыс деректерiн көрсете отырып, талон берiледi. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген мерзiмде қаралады. Шағымның қаралу нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы не электрондық пошта арқылы не қолма қол хабарланады.
25. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мына мекенжайда орналасқан: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, № 5 кiреберiс, телефон 8 (7172) 743066.

«Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық
және биологиялық белсендi қоспаларды,
генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер
ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен
заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және қайта тiркеу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекеттiк тiркеуге жататын тауарлардың тiзбесi

1. Минералды су (табиғи асханалық, емдiк-асханалық, емдiк), сыйымдылыққа құйылған шөлмектегi ауыз су (оның iшiнде балалар тамағында пайдалануға арналған), сергiтетiн сусындар, алкоголi аз өнiмдi қоса алғанда, алкоголь өнiмi, сыра.
2. Арнайы тамақ өнiмдерi, оның iшiнде балалар тамағы өнiмдерi, жүктi және емiзетiн әйелдерге арналған өнiмдер, диеталық (емдiк және профилактикалық) тамақ өнiмдерi, спортшыларға арналған өнiмдер (бұдан әрi - арнайы тамақ өнiмдерi); тамаққа биологиялық белсендi қоспалар, тамаққа биологиялық белсендi қоспалар өндiруге арналған шикiзат, органикалық өнiмдер.
3. Гендiк-инженерлiк түрлендiрiлген (трансгендiк) организмдердi, оның iшiнде генетикалық түрлендiрiлген микроорганизмдердi пайдалана отырып алынған тамақ өнiмдерi.
4. Тағамдық қоспалар, кешендi тағамдық қоспалар, хош иiстендiргiштер, дәмдi хош иiстендiргiш заттар мен шикiзат компоненттерi ретiндегi өсiмдiк экстракттары, микроорганизмдердiң бастапқы өсiрiндiлерi және бактериялық ашытқылар, технологиялық қосымша заттар, оның iшiнде ферменттi препараттар.
5. Косметикалық өнiм; ауыз қуысы гигиенасының заттары мен бұйымдары.
6. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау заттары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектiлерде (ветеринарияда қолданылатыннан басқа) қолдануға арналған).
7. Тұрмыстық химия тауарлары.
8. Әлеуеттi қауiптi химиялық және биологиялық заттар және олардың негiзiнде дайындалатын, адамның денсаулығы үшiн әлеуеттi қауiп төндiретiн (дәрiлiк заттардан басқа) препараттар, өндiру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейiм табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар).
9. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, жабдық, құрылғы және басқа да техникалық құралдар.
10. Балаларға және ересектерге арналған жеке гигиена заттары; үш жасқа дейiнгi баланың қажеттi заттары: балаларды тамақтандыру үшiн пайдаланылатын ыдыстар мен бұйымдар, баланы гигиеналық күтуге арналған заттар; балаларға арналған киiм (бiрiншi қабат).
11. Тамақ өнiмдерiмен жанастыруға арналған бұйымдар (ыдыстан, асхана заттарынан, техникалық жабдықтан басқа).

«Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық
және биологиялық белсендi қоспаларды,
генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер
ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен
заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және қайта тiркеу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетi

ТАЛОН

Кiрiс №__________ құжаттың қабылданғаны туралы

Құжатты қабылдаған:
______________________________________________
(қабылдау бөлмесi маманының Т.А.Ә.)

______________________________________________
(қолы)

20___ жылғы «___» ____________________________

Байланыс телефондары:_________________________

«Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық
және биологиялық белсендi қоспаларды,
генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер
ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен
заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және қайта тiркеу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1 Құжат тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушыларды %-ы (үлесi)

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi реттен бастаптапсырған жағдайлардың %-ы үлесi)

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанғантұтынушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы үлесi)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina