Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 мамырдағы № 577 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 мамырдағы № 577 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы Исекешев - Қазақстан Республикасы Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрлiгiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi, төрағасы Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Әдiлбек Рыскелдiұлы министрi төрағаның орынбасары Қарабеков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мұхтар Нәсiпбекұлы министрлiгi Әскери-техникалық саясат департаментiнiң бастығы, хатшы Қасымов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы министрi Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше Владимир Карпович жағдайлар министрi Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық Қайрат Нематұлы даму және сауда министрi Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Болат Бидахметұлы Түсiпбеков - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Рашид Төлеутайұлы Жылқайдаров - Қазақстан Республикасы Республикалық Нұрлан Базаргелдiұлы ұланы қолбасшысының орынбасары (келiсiм бойынша) Оразқұлов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қанат Орынтайұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Құлыбаев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Тимур Асқарұлы акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы (келiсiм бойынша) Мырзалиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк Нұржан Кершайызұлы комитетi төрағасының орынбасары - Шекара қызметiнiң директоры (келiсiм бойынша) Смағұлов - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» Болат Советұлы акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы - президентi (келiсiм бойынша)
|