Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 мамырдағы № 594 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 сәуiрдегi № 411 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 сәуiрдегi № 411 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақтағы «жоюға байланысты» деген сөздерден кейiн «бiрiншi кезектегi iс-шаралар жүргiзуге және» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|