ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 мамырдағы № 611 Қаулысы
"Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою, не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 22, 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:
«22. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеуге тапсыру жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларды аяқтағаннан кейiн тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша олардың тапсырылуы туралы акт жасайды.
23. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актiге мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен бекiтiледi.
24. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоюсыз мiндеттi залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезiнде тиiстi аумақта жануардың бiр басының және жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегi құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi, ал құнының қалған бөлiгiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi ұйым өтейдi.»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғалар келтiрген залалдарды өтеу ережесi мен шарттарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғалар келтiрген залалдарды өтеу үшiн жануарлардың түрi мен жыныстық-жастық топтарына қарай олардың құны мынадай айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерiнде белгiленедi:
1) түйелер, оның iшiнде:
6 айға дейiнгi боталар - 24 АЕК-ке дейiн;
6 айдан бiр жасқа дейiнгi тайлақ - 39,82 АЕК-ке дейiн;
екi жасқа дейiнгi тайлақ - 68,44 АЕК-ке дейiн;
екi жастан жоғары - 94,82 АЕК-ке дейiн;
2) iрi қара мал, оның iшiнде:
1 жасқа дейiнгi бұзау - 19,93 АЕК-ке дейiн;
бiр жастан екi жасқа дейiнгi баспақ - 30,55 АЕК-ке дейiн;
сиырлар - 48,32 АЕК-ке дейiн;
бұқалар - 53,42 АЕК-ке дейiн;
3) жылқылар, оның iшiнде:
1 жасқа дейiнгi құлындар - 39,82 АЕК-ке дейiн;
үш жасқа дейiнгi құнандар - 68,44 АЕК-ке дейiн;
үш жастан үлкен жылқылар - 94,39 АЕК-ке дейiн;
4) қойлар мен ешкiлер, оның iшiнде:
1 жасқа дейiнгi қозылар мен лақтар - 5,24 АЕК-ке дейiн;
бiр жастан үлкен тоқтылар-ешкiлер - 6,47 АЕК-ке дейiн;
аналық қой-ешкiлер - 8,47 АЕК-ке дейiн;
үлкен қошқар-текелер - 9,81 АЕК-ке дейiн;
5) шошқалар, оның iшiнде:
2 айға дейiнгi торайлар - 4,06 АЕК-ке дейiн;
екi айдан төрт айға дейiнгi торайлар - 4,91 АЕК-ке дейiн;
төрт айдан тоғыз айға дейiнгi торайлар - 10,49 АЕК-ке дейiн;
9 айдан үлкен шошқалар - 23,3 АЕК-ке дейiн;
6) құстар (тауықтар, үйректер, қаздар, түйетауықтар), оның iшiнде:
30-дан 60 күнге дейiнгi балапандар - 0,12 АЕК-ке дейiн;
60-тан 90 күнге дейiнгi шөжелер - 0,20 АЕК-ке дейiн;
тауықтар - 0,42 АЕК-ке дейiн;
үйректер - 1,24 АЕК-ке дейiн;
қаздар - 1,89 АЕК-ке дейiн;
түйетауықтар- 2,03 АЕК-ке дейiн;
7) үй қояндары, оның iшiнде:
2 айдан 4 айға дейiнгi көжектер - 0,20 АЕК-ке дейiн;
үлкен үй қояндары - 0,50 АЕК-ке дейiн;
8) жануарлардан алынатын өнiмдер, оның iшiнде:
сиыр етi - 0,4 АЕК-ке дейiн;
қой етi - 0,41 АЕК-кедейiн;
шошқа етi - 0,4 АЕК-ке дейiн;
жылқы етi - 0,51 АЕК-ке дейiн;
түйе етi - 0,51 АЕК-ке дейiн;
iшек-қарны алынған тауық етi - 0,28 АЕК-ке дейiн;
сүт және сүт өнiмдерi - 0,02 АЕК-ке дейiн;
жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi - 0,05 АЕК-ке дейiн;
9) жануарлардан алынатын шикiзаттар, оның iшiнде:
терi - 0,3 АЕК-ке дейiн;
жүн - 0,09 АЕК-ке дейiн.»;
5-тармақта:
«килограмы» деген сөзден кейiн «(литрi, ондығы)» деген сөздермен толықтырылсын;
«50» деген сандар «80» деген сандармен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасы «жануарларға» деген сөздiң алдынан «қолайлы шаруашылық субъектiлерiнiң ұсақ қара мал бруцеллезiн қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, жиырма бесiншi, жиырма алтыншы, жиырма жетiншi, жиырма сегiзiншi, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бiрiншi, отыз екiншi, отыз үшiншi, отыз төртiншi, отыз бесiншi, отыз алтыншы, отыз жетiншi, отыз сегiзiншi, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бiрiншi, қырық екiншi, қырық үшiншi, қырық төртiншi, қырық бесiншi, қырық алтыншы, қырық жетiншi, қырық сегiзiншi, қырық тоғызыншы, елуiншi, елу бiрiншi, елу екiншi абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina