ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысы
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы

Құқықтық мәдениет деңгейiн одан әрi арттыру, құқықтық түсiндiру жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлесiн.
3. "Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1382 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 654-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 29 қарашадағы
N 1116 қаулысымен
бекiтiлген

Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама

Астана қ.

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық
мәдениет деңгейiн арттыру, азаматтарды
құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi
2009 - 2011 жылдарға арналған
бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама)

Бағдарламаны әзiрлеу Мемлекет басшысының 2008 жылғы 25
үшiн негiздеме қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының кеңейтiлген алқа
отырысында айтылған тапсырмасы.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына
жыл сайынғы жолдауларын iске асыру
жөнiндегi негiзгi бағыттардың
(iс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын
және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 - 2009 жылдарға арналған
бағдарламасын орындау жөнiндегi
iс-шаралар жоспары (184-т.
1-тармақшасы)

Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгi

Мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының
құқыққа сай мiнез-құлқына қол жеткiзу

Мiндеттерi Қазақстан заңнамасын түсiндiру
жұмыстарын жүргiзу;
мемлекеттiк қызметшiлердiң және
жалпы халықтың құқықтық сауаттылық
деңгейiн арттыру;
бұқаралық ақпарат құрамдарымен қарым-
қатынас, құқықтық түсiндiру
жұмыстарында жаңа ақпараттық
технологияларды, оның iшiнде әлемдiк
"ИНТЕРНЕТ" жүйесiн қолдану;
құқықтық түсiндiру жұмыстары және
құқықтық оқыту жұмыстарының өзектi
мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулердi
жандандыру.

Қажеттi ресурстар және Осы Бағдарламаны iске асыру оларды қаржыландыру көздерi республикалық бюджеттен бөлiнетiн
қаражаттан 227,033 млн. теңге
сомасында қаржыландыруды талап етедi.
Республикалық бюджеттен
қаржыландырудың жалпы көлемi (227,033
млн. теңге), соның iшiнде жылдар
бойынша:
2009 жыл - 45,033 млн. теңге;
2010 жыл - 91 млн. теңге;
2011 жыл - 91 млн. теңге.
Көзделетiн сомалар жыл сайын тиiстi
жылға арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланатын
болады.

Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламада көзделген iс-шараларды
орындау:
қолданыстағы заңнаманы жетiлдiруге
және қабылданатын нормативтiк-құқықтық
актiлердiң сапасын арттыруға;
құқық бұзушылықтардың жекелеген
санаттарының санын азайтуға;
ақпараттық-құқықтық кеңiстiктiң
бiрлiгiн қамтамасыз етуге;
азаматтардың құқыққа сай емес
әрекеттер мен әрекетсiздiктерден
құқықтық қорғалу деңгейiн арттыруға;
азаматтардың бiлiктi заңгерлiк көмек
алуға конституциялық құқықтарын жүзеге
асырудың сапасын арттыруға жағдай
жасауға;
мемлекеттiк органдар мен лауазымды
тұлғалардың құқықтық түсiндiру
жұмыстарының сапасын арттыруға;
құқықтық түсiндiру жұмысын,
азаматтарды құқықтық оқыту мен
құқықтық тәрбиелеудi
қамтамасыз етуде мемлекеттiк
органдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының, қоғамдық бiрлестiктер
мен үкiметтiк емес ұйымдардың
күш-жiгерiн үйлестiруге;
қазақстан азаматтарының құқықтық
сауаттылық деңгейiн елеулi түрде
арттыруға мүмкiндiк бередi.

Iске асыру мерзiмдерi 2009 - 2011 жылдар

2. Кiрiспе

Құқықтық мемлекеттiң қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетiнiң даму процесiнен ажырағысыз. Бұл өз кезегiнде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етедi. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтiк әдiлдiк, iзгiлiк, жеке бас бостандығы негiзiнде өшпейтiн әлеуметтiк құндылықтар ретiнде қарау орын алуы тиiс.
Азаматтардың құқықтық мәдениетiнiң жай-күйi оның құқық жүйесi көрсеткiштерiнiң бiрi болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетiн арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететiн азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдерi.
Қоғамның құқықтық мәдениетiн арттырмай, әрбiр азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерiн күнделiктi өмiрге енгiзуге тiкелей әрi белсендi қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтiк мiндеттердi сәттi шешу мүмкiн емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 14-622к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Елiмiздiң барлық өңiрiнде осындай бағдарламалар қабылданған болатын.
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi қағидаттарды: кешендiлiк және нәтижелiлiк; iске асырушылық (орындаушылық); сабақтастық жүйелiлiк; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенiн орындауды көздедi. 2007 жылы Бағдарламаның қолданысы аяқталды.
Жалпы, осы Бағдарламаның қабылдануымен құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс оң нәтиже көрсеттi. Аталмыш жұмысты үйлестiру қажет деген түсiнiк қалыптасты. Осы бағыттағы тәжiрибе зерделенiп, республика азаматтарын жүйелi құқықтық ағартудың заманауи әрi өзектi нысандарын, сондай-ақ жүйелi әдiстерiн әзiрлеу мақсатымен өткiзiлген iс-шаралар кешенi талдануда.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

Ескерту. 3-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Адам мен азаматтың конституциялық, азаматтық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан халықтың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру бойынша iс-шаралар өткiзуiн талап етедi.
Бұндай iс-шаралар ретiнде БАҚ-та сөз сөйлеулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрiстер, семинарлар, брифингтер өткiзiлуде. Көрсетiлген iс-шаралардың саны мен сапасы да жыл санап артып келедi. Айталық, 2007 жыл аралығында әдiлет органдары "Қазақстан - 2030" Стратегиясының ұзақ мерзiмдi басымдықтарын түсiндiру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 1 467 астам сөз сөйлеулер, 608 астам дөңгелек үстелдер, 4 342 астам дәрiстер, 680 астам семинарлар, конференциялар өткiзiлдi.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында 2007 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда нормативтiк-құқықтық актiлерге қатысты қанағаттандырылған прокурорлық актiлерiнiң саны 90 пайыздан 56 пайызға дейiн төмендеп отыр. Ол өз кезегiнде әдiлет органдары қызметкерлерi атқарған құқықтық түсiндiру жұмыстарының негiзiнде қол жетiмдi болып отыр.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы орталық атқарушы органдармен шағын және орта бизнестiң өзектi мәселелерi бойынша Интернет-конференциялар өткiзiлiп, оның барысында осы органдардың өкiлдерiне құқықтық сипаттағы сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауаптар берiлдi.
Қазiргi уақытта мемлекет саясатының негiзгi бағыттары бойынша құқықтық насихатты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысына сәйкес халықтың құқықтық мәдениетi мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн көтеру әрi заңдылықты, құқықтық тәртiптi, реттiлiктi нығайту мақсатында құрылған құқықтық бiлiм беру мектептерi жүзеге асырады.
Аумақтық әдiлет органдарының деректерiне сәйкес өңiрлерде 7097 құқықтық бiлiм беру мектебi (ҚБМ) жұмыс iстейдi. Ондағы тыңдаушылар саны 237951 адамды құрайды. ҚБМ-дағы жұмысты ұйымдастыруға, сабақтар өткiзуге мемлекеттiк мекемелердiң, құқық қорғау, сот органдарының тәжiрибелi мамандары, адвокаттар, нотариустар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, қоғамдық ұйымдар мен басқалар тартылады. Құқықтық бiлiм беру мектептерiндегi сабақтар дәрiс, семинар, брифингтер нысанында өткiзiледi. Қазiргi күнi ҚБМ-да тыңдаушылардың әртүрлi санаттарымен сараланған жұмыс жүйесi қалыптастырылған. Сонымен қатар жеке кәсiпкерлiктi қолдай, азаматтық қоғамның түрлi институттарын ынтымақтастыққа тарта отырып, қоғаммен жұмысты жандандыру қажет.
Республика аймақтарындағы тұрғындар үшiн құқықтық түсiндiру жұмысының әртүрлi қырлары бойынша: "Конституция - мемлекеттiң тұрақтылығы мен дамуының кепiлi", "Адам саудасы - өркениеттiң керi кетуi", Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауларын түсiндiру бойынша, "Мүлiктi жария етуде өз мүмкiндiгiңiздi жiберiп алмаңыз", "Әдiлет органдарының, прокуратураның, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы", "Халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы", "Жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу" және басқа тақырыптарда дәрiстер топтамасы ұйымдастырылды. Мүлiктi жария ету мәселелерi бойынша ауылдық жерлерде жиындар, еңбек ұжымдарында кездесу-әңгiмелер өткiзiлген болатын.
Құқықтық түсiндiру жұмысының тәжiрибесiне "тiкелей желiлер", көшпелi консультациялар және азаматтарды қабылдау жүргiзудi ұйымдастыру сияқты құқықтық насихаттың нысандары ретiнде өздерiн жақсы көрсете бiлген жаңа нысандар енгiзiлуде.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу және ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Республикалық электронды бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша телевизия бағдарламалары мен радиохабарларын, жарнамалық-бет-бейнелiк роликтер жасау жөнiндегi шаралар кешенi жүзеге асырылады. Құқық қорғау органдарының жәрдемiмен құқықтық бағдарламалар және құқықтық тақырып бойынша радиохабарлар жасалып, жұмыс iстеуде.
Азаматтарды құқықтық ағарту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi жүйелi жұмыс мақсатында бiлiктiлiктi арттыру жүйесiнде құқықтық тәрбиенiң сабақтар өткiзу, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудiң өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру тәрiздi нысандары мен әдiстерi көп қолданылады. Заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар, құқық қорғау органдары, сот және өзге де органдардың тәжiрибелi қызметкерлерiн шақырта отырып, құқықтық пәндер оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру курстары ұйымдастырылды.
Қоғамдық қатынастардың неғұрлым маңызды салаларында заңнаманы жетiлдiру мақсатында тиiстi мемлекеттi органдар тоқсан сайын мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң өзектi мәселелерi бойынша семинар-кеңестер өткiзедi.
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудi қамтамасыз етуде мемлекеттiк органдардың, БАҚ, қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн үйлестiру жөнiнде бiршама жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық дайындығы, сапалы құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзгенi үшiн мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу әдiстерi мен төлемақы төлеу жүйесiн жетiлдiру мәселелерi шешiлмейiнше құқықтық түсiндiру жұмыстарының проблемалары тиiмдi шешiмiн таппайды. Сондай-ақ, құқықтық түсiндiру жұмыстарының тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң жоқтығы әдiлет органдарына бұл жұмыстың нәтижелерiн анықтауға мүмкiндiк бермейдi. Нәтижесiнде құқықтық түсiндiру жұмыстары негiзiнен сандық көрсеткiштерге сүйенiп, Бағдарламада көрсетiлген ұстанымдардың бiрқатары құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу әдiстемесiнiң жоқтығынан, бұл бағыттағы отандық және шетелдiк тәжiрибенiң болмауына байланысты жүзеге аспай қалды.
Жүргiзiлiп жатқан құқықтық түсiндiру жұмыстарының бiркелкi еместiгi, әсiресе ауылдық жерлерде азаматтардың маргиналдық қатынастарын қалыптастырып, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi халық арасында даулы жағдайлар, азаматтар арасында соттық таластар тудыруда. Сонымен қатар, бiлiктi заңгерлердiң жоқтығы және "Заң" деректер қоры тәрiздi ақпараттық-құқықтық қорлардың қол жетiмсiздiгi азаматтардың құқықтық қорғалуы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай туғызбайды.
Өзектi құқықтық ақпараттардың қолжетiмсiздiгi жағдайында азаматтардың жоғарғы мемлекеттiк органдарға шағымдануы артуы мүмкiн. Қазақстандық Интернет кеңiстiгiнде қолданыстағы заңнамаға түсiндiрме берудi және осыған ұқсас заңды мәселелердi шешуде шетелдiк тәжiрибенi айтпағанда нормативтiк құқықтық актiлердiң басым көпшiлiгi жоқ. Бүгiнгi таңда қазақстандық Интернет кеңiстiгiнде тиiмдi жұмыс iстеп отырған жеке-меншiк ақпараттық-құқықтық портал www.zakon.kz болып отыр.
Ал, көршiлес Ресейде мамандандырылған заңгерлiк порталдар мен сайттар жұмыс iстеуде. Сонымен қатар, қазiргi кезде орталық мемлекеттiк органдардың web-ресурстарында азаматтарға салық, кеден, еңбек заңнамалары бойынша заңгерлiк кеңес беру үрдiсiнiң дамуы байқалуда. Құқықтық түсiндiру процесiн жетiлдiру, өзектi құқықтық ақпаратты тарату және алу, оң тәжiрибемен алмасу, Министрлiк қызметi туралы ақпаратқа қол жеткiзу мүмкiндiгiн кеңейту мақсатында интернет-ресурстың жұмыс iстеуi жыл сайын жетiлдiрiлуде: айдарлар жаңартылуда, материалдарды орналастыру нысаны өзгертiлуде және т.б.
Құқықтық ақпараттың қолжетiмдiлiгi тұрғысында еуропа елдерiнiң тәжiрибесi қызығушылық тудыруда. Бұл елдерде нормативтiк құқықтық актiлер мен заңгерлiк әдебиеттердi Интернет жүйесi арқылы қолжетiмдiлiгi жасалған. Айталық, Францияда www.legifrance.gouv.fr сайтында әр азамат қажеттi құқықтық ақпаратты ала алады. Ресей мен Белоруссияда Ұлттық құқықтық ақпарат орталықтары жұмыс iстеуде.
2002 жылғы 3 қаңтардағы Беларусь Республикасы Президентiнiң N 1 Жарлығына сәйкес көпшiлiк құқықтық ақпарат орталықтары "құқықтық бiлiм, құқыққа сай мiнез-құлық, құқыққа деген құрмет қалыптастыру мақсатында азаматтардың ресми құқықтық ақпараттарды еркiн көру мүмкiндiгiн ұсынатын орындар" деп анықталған. Бұл орталықтарды ұйымдастыру барысында орталық кiтапханалар жүйесiне енетiн кiтапханалардың құрылымы қолданылды. Бұл елдердiң тәжiрибелерiн қолдану халыққа құқықтық бiлiм, құқықтық ақпарат беру, құқықтық сауаттылық деңгейiн арттыруда оң нәтиже берерi сөзсiз.
Сонымен қатар, iскерлiк, рольдiк ойындар, оқиғалар мен тәжiрибелердi талдау, слайд-шоуды қолдана отырып, шағын дәрiстер өткiзу, топiшiлiк және жеке зерттеулер, талқылаулар секiлдi тренингтiк оқытудың жаңа түрлерi мен әдiстерiн қолдану қажеттiлiгi туындауда және бұл ретте халықтың жекелеген топтарының психологиялық ерекшелiктерiн ескеру қажет, оны ескермейiнше iс жүзiнде құқықтық ұстанымдарды қалыптастыру формальдық сипатқа ие болады.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды құқықтық оқыту Тұжырымдамасында былай деп көрсетiлдi: "Бүгiнгi күнге дейiн қалыптасқан орта және жоғары мектепте құқықтық оқыту мен тәрбиелеудi ұйымдастыру деңгейi қазiргi кездiң талаптарына сай келмейдi. Құқықтық мемлекет құру жағдайында жастар арасындағы қылмыстық жағдай мен орта және жоғары оқу орындарындағы құқықтық оқытудың төмен деңгейi алаңдатуда".
Елбасының өсiмтал ұрпақтың құқықтық жағдайындағы бұл шарттарды көрсетуi республикамыздың демократиялық жолмен дамуы барысында бұл мәселенiң маңызы зор екендiгiн көрсетедi. Сондықтан, балаларды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту мәселесi қашан да өзектi болып саналады. Француздардың "Еркiндiк, теңдiк, ағайындық" ұраны секiлдi балаларда құқықтық идеяны қалыптастыратын құқықтық ұран жасау қажеттiлiгi туындауда. Мұндай ұранға елiмiздiң Конституциясында бекiтiлген еркiндiк, теңдiк және бiрлiк идеалдарын қолдануға болады.
Құқықтық идеяларды тарату және ақпараттық-құқықтық қызметтердi дамыту компьютер ойындары мен Интернет жүйесiнiң, балалардың құқыққа қарсы психологиялық ұстанымдарын қалыптастыратын батыстық көркем фильмдердiң балалардың психикалық денсаулығына керi әсерiнiң алдын алуға септiгiн тигiзедi. Бұл факторлар қылмыстық аяларды қалыптастырып, балалардың құқықтық әлеуметсiзденуiнiң себептерi болады. Сол себептi, халық арасында құқықтық түсiндiру жұмыстары процесiнде алдын-алу, ескерту сипатындағы мәселелерге баса назар аудару қажет. Бұл сипаттағы шараларға кәмелетке толмағандарға тыйым салынған ақпараттық өнiмдер бойынша ұсыныстар жасау, кәмелетке толмағандарға арналған сайттар мен құқықтық телехабарлар дайындау, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң мамандарының балаларды құқықтық тәрбиелеу бойынша бiлiктiлiктерiн арттыру, құқық қорғау, сот және басқа да органдардың тәжiрибелi қызметкерлерiн, заңгер-ғалымдарды тарта отырып, құқықтық пәндердiң оқытушыларын (жеке жоспар бойынша) қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру секiлдi шараларды жатқызуға болады.
Заңгерлiк пәндер бойынша қазақстандық оқулықтардың сапасы бойынша олардың әр кезде заңгерлердiң құқықтық мәдениет қалыптастыру бойынша мiндеттерге сай келе бермейтiндiгiн мойындау қажет. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы бойынша қазақстандық оқулықтардың мазмұнына талдау жүргiзе отырып, оларда "құқықтық тәрбие", "құқықтық бiлiм беру", "құқықтық түсiндiру жұмыстары" секiлдi түсiнiк түрлерiне жеткiлiктi түрде көңiл белiнбейтiндiгiн атап өту қажет.
Қолданыстағы заңнамада "құқықтық түсiндiру жұмыстары" және "заңгерлiк қызмет" түсiнiктерiнiң арасындағы айырма белгiлерi анықталмаған, ол өз кезегiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың тегiн құқықтық түсiндiру жұмыстары мен адвокаттар, жеке заңгерлер және заңгерлiк фирмалардың ақылы заңгерлiк кеңес қызметiнiң ара-айырмасын анықтауға мүмкiндiк бермейдi.
Қазақстанда болып жатқан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық iске асыру негiзi болып табылатын құқықтық мәдениеттi дамыту процесiн назарға ала отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ететiн құқықтық институттар қызметiнiң нысандары мен әдiстерiн одан әрi жетiлдiру қажеттiгi туындайды.
Сондықтан, елiмiзде тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде жүзеге асырылған саяси және әлеуметтiк-экономикалық қайта құрулардың әсерiмен мемлекеттiк-конфессионалдық қатынастар саласында елеулi өзгерiстер қалыптасқанын ескере отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру мақсатында мемлекеттiк саясатты құқықтық түсiндiру жұмысын ұйымдастыру саласында қоғамдық бiрлестiктермен тиiмдi iс-қимылды жүзеге асыра отырып, iске асыру қажет.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыққа сай мiнез-құлқына қол жеткiзу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу құқықтық түсiндiру жұмысы саласында мынадай мiндеттердi шешуге ықпал етедi:
Қазақстан заңнамасын түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
мемлекеттiк қызметшiлердiң және жалпы халықтың құқықтық сауаты деңгейiн арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау, құқықтық түсiндiру жұмысында дүниежүзiлiк "ИНТЕРНЕТ" желiсiн қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық түсiндiру жұмыстары және құқықтық оқыту жұмыстарының өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулердi жандандыру.

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi

Қоғамда құқықтық мәдениеттi қалыптастыру:
халықтың құқықтық хабардарлығымен;
құқықтық реттеу үдерiсiнде пайдаланылатын нормативтiк материалдың сапасымен;
азаматтық қоғамның құқықтық нұсқамаларды саналы түрде орындауымен;
құқық жасау және құқықты iске асыру тетiктерiнiң тиiмдi қызметiмен байланысты.
Алға қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Бағдарламада құқықтық түсiндiру жұмысын жүргiзу, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, мектепке дейiнгi мекемелерде және барлық үлгiдегi оқу орындарында құқықтық оқыту және тәрбиелеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық бiлiмдерiн көтеру жолымен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетiнiң, санасының деңгейiн одан арттыруға бағытталған шаралар кешенi көзделген.
Шаралар кешенiн iске асыру мақсатында:
мемлекеттiк органдардың құқықтық көмектi ұйымдастыру, құқықтық насихат және халыққа заң көмегiн көрсету мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру;
Әдiлет министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық органдардың құқықтық насихат және заңнаманы түсiндiру мәселелерi бойынша жұмысын үйлестiру;
әдiстемелiк және түсiндiру материалдарын әзiрлеудi жүзеге асыру, құқық қолдану практикасын қорыту және реттеу, сондай-ақ құқықтық түсiндiру жұмысын ұйымдастырудың, құқықтық қызмет көрсетудiң және халыққа заң қызметiн көрсетудiң өзектi мәселелерi бойынша iс-шараларды ұйымдастыру;
мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету, құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық оқыту және тәрбие мәселелерi бойынша өзiнiң құзыретi шегiнде өзара iс-қимылды жалғастыру қажет.

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған iс-шараларға тұтастай алғанда республикалық бюджет қаражатынан 227,033 миллион теңге бөлу қажет.
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi (227,033 млн. теңге) соның iшiнде жылдар бойынша:
2009 жыл - 45,033 млн. теңге;
2010 жыл - 91 млн. теңге;
2011 жыл - 91 млн. теңге.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Азаматтардың құқықтық мәдениетiнiң жоғары деңгейi жариялы және жеке мүдделердiң құқықтық реттелу саласында ымыраға келуге мүмкiндiк бередi, мемлекет пен қоғамның құқықтық мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз етедi, жеке бастың құқығы мен бостандығына кепiлдiк бередi, осы құқық пен бостандықты құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғайды.
Бағдарламаны iске асыру тiзбесi олардың басымдықтарын негiзге ала отырып әзiрленген нақты iс-шаралардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы:
қолданыстағы заңнаманы жетiлдiруге және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлердiң сапасын жақсартуға;
ақпараттық-құқықтық кеңiстiктiң бiрлiгiн қамтамасыз етуге;
азаматтардың құқыққа сай емес әрекеттер мен әрекетсiздiктерден құқықтық қорғалу деңгейiн арттыруға;
азаматтардың бiлiктi заңгерлiк көмек алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың сапасын арттыруға жағдай жасауға;
құқықтық түсiндiру жұмысы, азаматтарды құқықтық оқыту және құқықтық тәрбиелеудi қамтамасыз етуде мемлекеттiк органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың күш-жiгерiн үйлестiруге;
Қазақстан азаматтарының құқықтық сауаты деңгейiн елеулi түрде арттыруға мүмкiндiк бередi.

8. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн
арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Ескерту. 8-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2010.01.15 № 11 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Р/с
N

Iс-шаралар

Аяқталу
нысаны

Орындауға
жауаптылар

Орындау
мерзiмi

Болжанатын
шығыстар

Қаржыландыру
көзi

1

2

3

4

5

6

7

1. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету

1.

Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық түсiндiру жұмыстарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

2009

Талап етiлмейдi

2.

"Халықты құқықтық сауаттылыққа оқытуды жүргiзу туралы ереженi" әзiрлеу және енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

2009

Талап етiлмейдi

3.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы құқықтық түсiндiру жұмыстары бойынша республикалық үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiн құру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

2009

Талап етiлмейдi

4.

Халықтың жекелеген санаттарының құқықтық сауаттылығының мiндеттi минимумын жасау мен енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, БҒМ

2009

Талап етiлмейдi

5.

Жасөспiрiмдерге ұсынылмайтын ақпараттық өнiмдер бойынша ұсыныстар жасау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, МАМ

2009

Талап етiлмейдi

2. Ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету

1.

Жалпыға бiрдей құқықтық оқу бойынша зерттеу бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, соның нәтижесiнде Қазақстан Республикасының құқықтық бiлiм беру мектептерiнде, жалпы бiлiм беру мектептерiнде және ЖОО-нда жалпыға бiрдей құқықтық оқу нәтижелiлiгiнiң мониторингiн жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ, Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды
бойынша

2009 ж. - 2,0;
2010 ж. - 2,0;
2011 ж. - 2,0
Барлығы: 6,0

Республикалық
бюджет қаражаты

2.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық бiлiмге қажеттiлiгi мен құқықтық сауаттылық деңгейiн анықтау бойынша сауалнама жүргiзу және кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

3.

Жалпы бiлiм беру мектептерiндегi интерактивтi сыныптарда заңгер-ғалымдардың құқықтүсiндiру дәрiстерiн жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ, Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 2,0;
2010ж. - 2,0;
2011 ж.- 2,0;
Барлығы: 6,0

Республикалық
бюджет
қаражаты

4.

Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық түсiндiру жұмыстарының өзектi мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, IIМ, ЖС (келiсiм бойынша)

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 2,579;
2010 ж. - 7,0;
2011 ж. - 7,0
Барлығы: 16,579

Республикалық бюджет қаражаты

5.

Құқықтық тақырып бойынша баспа, электрондық оқып-үйрету, ғылыми және құқықтық тақырыптағы басқа да әдебиеттердi шығару

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 5,0;
2010 ж. - 5,0;
2011 ж. - 5,0
Барлығы: 15,0

Республикалық бюджет қаражаты

3. Бағдарламаны кадрмен қамтамасыз ету

1.

Ғалым-заңгерлердi, саясаттанушыларды, құқық қорғау, сот және өзге де органдардың неғұрлым тәжiрибелi практикалық қызметкерлерiн тарта отырып, құқықтық пәндердiң оқытушыларын қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды жүргiзу (жекелеген жоспарлар бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, БҒМ

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 3,0;
2010 ж. - 3,0;
2011 ж. - 3,0
Барлығы: 9,0

Республикалық
бюджет қаражаты

4. Ұйымдастырушылық-әдiстемелiк қамтамасыз ету

1.

"Қазақстан-2030"
Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының негiзгi қағидаларын орындау, қоғамдық қатынастардың аса маңызды салаларында заңнаманы жетiлдiру жөнiнде тұрақты түсiндiру жұмысын жүргiзу Ақпараттық-насихаттау жұмысының түрлi нысандары мен әдiстерiн пайдалана отырып, республика өңiрлерiне шығуды тәжiрибеге енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҚР Орталық атқарушы органдары,
ЖС (келiсiм бойынша),
ЭСЖҚА (келiсiм
бойынша),
БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, жарты жылдық және жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

2.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметiн және мемлекеттiк қызметтердi көрсету стандарттарын енгiзу туралы насихаттау қызметi шараларын iске асыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

3.

Мерзiмдi баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша ақпараттық материалдарды орналастыруды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, IIМ, ЖС (келiсiм бойынша)

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 7,5;
2010 ж. - 10,0;
2011 ж. - 10,0
Барлығы: 27,5

Республикалық бюджет қаражаты

4.

Құқықтық тақырып бойынша жарнамалық бет-бейне роликтер жасау және тарату

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, IIМ, ЖС (келiсiм бойынша)

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 5,0;
2010 ж. - 15,5;
2011 ж. - 15,5
Барлығы: 3,6

Республикалық бюджет қаражаты

5.

Орталық телеарналарда және радиотолқындарда құқықтық тақырып бойынша жұртшылыққа кең тарта отырып телебағдарламалары мен радиохабарлар жасау және тарату

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, IIМ, ЖС (келiсiм
бойынша)

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 11,954
2010 ж. - 26,5;
2011 ж. - 26,5;
Барлығы: 64,954

Республикалық бюджет қаражаты

6.

Орталық телеарналарда халықтың құқықтық мәдениет деңгейiн одан әрi арттыруға бағытталған деректi фильмдердi жасау және тарату

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, IIМ, ЖС (келiсiм бойынша)

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

2009 ж. - 6,0;
2010 ж. - 20,0;
2011 ж. - 20,0
Барлығы: 46,0

Республикалық бюджет қаражаты

7.

Неғұрлым өзектi құқықтық мәселелер бойынша, соның iшiнде мiндеттемелiк, жер, неке-отбасылық қатынастары, меншiк құқығын қорғау бойынша басшылар мен мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерiн жеке жоспарлауды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

8.

Халықтың жекелеген санаттарымен, соның iшiнде журналистермен, мүгедектермен және аз қамтылған азаматтардың арасында тренинг нысанында құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

9.

Мемлекеттiк органдарда азаматтарға өз қызметiне қатысты сұрақтар бойынша заңи кеңестер беру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, ҚР орталық атқарушы органдары

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

10.

Заңи бiлiм беретiн жоғары оқу орындарында құқықтық мәселелер бойынша ресурстық орталық құру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ, Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

11.

Мемлекеттiк органдардың, соның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарын жетiлдiру, әсiресе құқықтық түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру мен қажеттi құқықтық ақпаратты орналастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, ҚР Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

12.

Орталық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдардың өзектi құқықтық мәселелер бойынша Интернет-конференциялар өткiзудi жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҚР орталық мемлекеттiк органдар

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

13.

Тұрғын халық арасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды жүргiзу бойынша ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесудi жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша

Талап етiлмейдi

Жиыны: Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн одан әрi арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджеттiк қаражат көлемi

2009-2011 жылдар

227,033 млн. теңге, соның iшiнде:
2009 жыл - 45,033 млн. теңге;
2010 жыл - 91,0 млн. теңге;
2011 жыл - 91,0 млн. теңге;

Республикалық бюджет

* Көзделетiн сомалар жыл сайын тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Ескертпе: - ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы
полициясы)
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
IIМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ЖОО - жоғары оқу орындары
ҮЕҰ - үкiметтiк емес ұйымдар
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina