ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 109 Қаулысы
"Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бiрыңғай реттеу қағидаттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бiрыңғай реттеу қағидаттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасының Заңы

Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы
бiрыңғай реттеу қағидаттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бiрыңғай реттеу қағидаттары туралы келiсiм ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы
бiрыңғай реттеу қағидаттары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
келiсiм

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 35 шешiмiн басшылыққа ала отырып,
сауда-экономикалық, өнеркәсiптiк, мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ниет бiлдiре отырып,
зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтауға, контрафактiлi тауарлардың халықаралық саудасына қарсы күресуге бағытталған шаралардың келiсiлген жүйесiн iске асыру қажеттiлiгiне сүйене отырып,
зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтаудың бiрыңғай үйлестiрiлген жүйесiн ұйымдастыру жолымен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын қалыптастыру үшiн қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

I БӨЛIМ
Жалпы ережелер

1-бап

Осы Келiсiм Тараптардың ұлттық заңнамасымен қорғалатын зияткерлiк қызметтiң нәтижелерi мен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi дараландыру құралдарын қорғау мен сақтау саласындағы реттеу қағидаттарын бiрiздендiруге бағытталған.

2-бап

1. Тараптар зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы жалпы халықаралық құқықтық базаға негiзделедi, Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Зияткерлiк меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiмiнiң қағидаттарын ұстанады және Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының әкiмшiлiк басқаруындағы зияткерлiк меншiк саласындағы халықаралық келiсiмдердi, сондай-ақ қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдердi басшылыққа алады.
2. Осы Келiсiмге қол қою сәтiне дейiн 2007 жылғы Тауар таңбалары жөнiндегi заңдар туралы Сингапур шартының, Орындаушылардың, фонограмма дайындаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияның (1961 жылғы Рим конвенциясы) қатысушылары болып табылмайтын Тараптар аталған халықаралық шарттарға қосылу жөнiнде өзiне мiндеттеме алады.
3. Тараптар Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымына, Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Зияткерлiк меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi туралы келiсiм жөнiндегi комитетке (Тараптар Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылғаннан кейiн) қатысу шеңберiнде iс-қимылдарын үйлестiруге мiндеттенедi.

3-бап

1. Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне және дараландыру құралдарына өз аумағында осы Келiсiмде көзделген көлемде және Тараптардың халықаралық мiндеттемелерi шеңберiнде басқа Тарап мемлекетiнiң өзiнiң жеке және заңды тұлғаларына зияткерлiк қызмет нәтижелерiне және дараландыру құралдарына зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтаудың осындай деңгейiн беретiн мемлекетiнiң зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтаудың осындай ережелерiн бекiтуге мiндеттенедi.
2. Тараптар өзiнiң ұлттық заңнамасында осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келмейтiн жағдайда осы Келiсiмде қамтылғаннан өзге зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мен сақтаудың жоғары деңгейiн қамтамасыз ететiн нормаларды қолдана алады.

II БӨЛIМ
Авторлық және сабақтас құқықтар

4-бап

1. Тараптар зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiн сақтауды 1971 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясының, Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартының ережелерiн, Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының орындаушылық және фонограммалар жөнiндегi шартын негiзге ала отырып қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2. 1971 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясына сәйкес электронды-есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлiк бағдарламалар), бастапқы мәтiнде әрi объектiлi кодты қоса алғанда, әдеби туынды ретiнде қорғалады.
3. Құрамдас туындылар, яғни материалдарды iрiктеу немесе орналастыру бойынша шығармашылықтың нәтижесiн бiлдiретiн туындылар, оларды бiлдiру нысанына қарамастан солай қорғалады. Бұл ретте құрамдас туындылар өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерi қамтыған туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
4. Авторлық құқықтар ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Туындының авторына, атап айтқанда мынадай құқықтар тиесiлi:
1) туындыға айрықша құқық
2) авторлық құқық
3) автордың есiмi аталу құқығы;
4) туындыға қол сұғылмаушылық құқығы;
5) туындыны жариялау құқығы;
6) Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген өзге де құқықтар.
5. Туындыларды не сабақтас құқықтар объектiлерiн әдеттегi пайдалануға қайшы келмейтiн және құқық иеленушiлердiң заңды мүдделерiн негiзсiз кемсiтпейтiн осы бап шеңберiнде қорғалатын зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықтарды шектеу мен алып қоюды жекелеген жағдайларға келтiруге мiндеттенедi.
6. Тараптар авторлардың туындыларына айрықша құқықты; тең авторлар жасаған туындыға айрықша құқықты; автор қайтыс болғаннан кейiн жарияланған туындыға айрықша құқықты 1971 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясында, Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Зияткерлiк меншiк құқығының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiмiнде, Орындаушылардың, фонограмма дайындаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенциясында (1961 жылғы Рим конвенциясы) белгiленгеннен төмен емес қорғау мерзiмiмен қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Тараптардың ұлттық заңнамасында осы бапта көрсетiлген құқықтарды қорғаудың көп мерзiмi бекiтiлуi мүмкiн.

5-бап

Кинематографиялық туындыларға қатысты әрбiр Тарап құқық иеленушiлерге басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында авторлық құқықпен қорғалатын, өз туындыларының түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн көпшiлiкке коммерциялық прокатқа беруге рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын беруi тиiс.

6-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн орындаушылық қызметтiң (орындаушылық) нәтижелерiне, фонограммаларға зияткерлiк (мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес) құқықтар және Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген өзге де құқықтар авторлық құқықтармен сабақтас (сабақтас құқықтар) болып табылады.

7-бап

1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн шығармашылық еңбегiмен орындау жасаған жеке тұлға - орындаушы (орындаудың авторы), орындаушы - әртiс (актер, әншi, музыкант, бишi немесе рөлде ойнайтын, оқитын, мәнерлеп оқитын, ән салатын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет, өнер немесе халық шығармашылығы туындыларын, оның iшiнде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмiрлерiн өзгедей жолмен орындайтын басқа адам), сондай-ақ спектакльдiң қоюшы - режиссерi (театрлық, цирктiк, қуыршақ, эстрадалық немесе өзге де театрлық-көрiнiстi қойылымды жүзеге асырған тұлға) және дирижер танылады.
2. Тараптар Тараптардың орындаушыларына өзара негiзде мынадай құқықтарды бередi:
1) орындауға айырықша құқық
2) авторлық құқық - орындаудың авторы деп танылу құқығы;
3) есiмi аталу құқығы - туындыны пайдалану сипаты орындаушының есiмiн немесе орындаушылар ұжымының атауын көрсету мүмкiндiгi жоқ жағдайлардан басқа, фонограмма даналарында және орындау пайдаланылған өзге жағдайларда, өзiнiң есiмiн немесе лақап атын көрсетуге, орындаушылар ұжымының атауын көрсетуге арналған құқығы;
4) Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген басқа құқықтар.
3. Орындаушылар өз құқықтарын орындалатын туындылар авторларының құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырады.
4. Орындаушының құқықтары орындалатын туындыға авторлық құқықтардың болуына және қолданылуына қарамастан танылады және әрекет
етедi.

8-бап

1. Келiсiмнiң мақсаттары үшiн орындаушылық немесе өзге де дыбыстардың не осы дыбыстар бейнесiнiң алғашқы жазбасы үшiн бастамашылық пен жауапкершiлiктi өзiне алған тұлға фонограмма дайындаушы (өндiрушi) деп танылады. Өзге дәлел болмаған кезде фонограмманың данасында және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген тұлға фонограмманы өзге дайындаушы (өндiрушi) деп танылады.
2. Тараптардың фонограмма дайындаушыларына (өндiрушiлерiне) Тараптар мынадай құқықтар бередi:
1) фонограммаға айрықша құқық
2) Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген өзге құқықтар.
3. Тараптар фонограмма дайындаушылардың (өндiрушiлердiң) құқықтарын Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Зияткерлiк меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiмiнде және Орындаушылардың, фонограмма дайындаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияда (1961 жылғы Рим конвенциясы) белгiленгеннен төмен болмайтын қорғау мерзiмiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Тараптардың ұлттық заңнамасында осы бапта көрсетiлген құқықтарды қорғаудың көп мерзiмi бекiтiлуi мүмкiн.

9-бап

1. Фонограмма дайындаушылардың (өндiрушiлердiң) Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында мынадай iс-әрекеттерге рұқсат ету немесе тыйым салуға құқығы бар:
1) өздерiнiң фонограммаларын тiкелей немесе жанама түрде қайта шығару;
2) фонограмма дайындаушының (өндiрушiнiң) рұқсатынсыз шығарылған фонограмманың көшiрмесiн басқа Тараптың аумағына импорттау.

10-бап

1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес авторлардың және өзге құқық иелерiнiң авторлық және сабақтас құқықтарды пайдаланғаны үшiн сыйақы алуын қамтамасыз ету мақсатында авторлардан, орындаушылардан, фонограмма дайындаушылардан (өндiрушiлерден) және ұжымдық негiзде тиiстi құқықтарды басқару саласында авторлық және сабақтас құқықтарды өзге де иеленушiлерден (бұдан әрi - авторлар және өзге де құқық иеленушiлер) алынған өкiлеттiктер негiзiнде әрекет ететiн ұйым ұжымдық басқару жөнiндегi ұйым деп танылады.
2. Авторлардың және өзге де құқық иеленушiлердiң мүлiктiк құқықтарын Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында тиiмдi iске асыру мақсатында олардың құқықтарын жеке тәртiппен жүзеге асыру қиын немесе Тараптардың ұлттық заңнамасында тиiстi құқықтарды иеленушiлердiң келiсiмiнсiз, бiрақ оларға сыйақы төлей отырып, авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жол берiлген жағдайда, Тараптар ұжымдық басқару жөнiндегi ұйымдарды құруға және олардың қызметiне жәрдем көрсетедi.
3. Авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңды түрде пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында авторлардың және өзге де құқық иеленушiлердiң құқықтарын неғұрлым толық және тиiмдi iске асыру мүддесiн ескере отырып, Тараптар ұжымдық басқару жөнiндегi ұйымдарға тiкелей тиiстi өкiлеттiктердi берген авторлар мен өзге де құқық иеленушiлердiң де, өз мүддесi үшiн қызметiн жүзеге асырудан тiкелей бас тартпаған авторлар мен өзге де құқық иеленушiлердiң мүддесiнде, оның iшiнде фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта еркiн қайта шығару үшiн сыйақы алуға құқықтарын iске асыру жағдайында да осындай ұйымдар қызметiнiң мүмкiндiгiн көздейдi.
4. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың және iске асырудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында Тараптар осы Келiсiм күшiне енген күнге дейiн оның iшiнде:
1) құқықтарды ұжымдық негiзде басқарудың бiрыңғай тәртiбiн, оның iшiнде фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта еркiн қайта шығарғаны үшiн сыйақы алу құқығын iске асырған жағдайда айқындауды;
2) Тараптардың қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерi туралы ақпаратты қамтитын дерекқор құруды және ақпарат алмасуды ұйымдастыру тәртiбiн;
3) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң ұжымдық басқару жөнiндегi ұйымдарының жұмысын үйлестiру жөнiндегi комиссия құруды және оның жұмыс тәртiбiн айқындауды көздейтiн халықаралық шарттар жасасады.

Тауар таңбалары

11-бап

1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптардың ұлттық заңнамасына және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын, азаматтық айналымға бiр қатысушылардың тауарларын және (немесе) қызметтерiн азаматтық айналымға басқа қатысушылардың тауарларынан және (немесе) қызметтерiнен ажырату үшiн қызмет ететiн белгi тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) болып табылады.
2. Тауар таңбасы ретiнде сөз, бейнелеу, көлемдi және өзге де белгiлер немесе олардың комбинациялары тiркелуi мүмкiн. Өзге белгiлер Тараптар мемлекеттердiң заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда тауар таңбасы ретiнде тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасы кез келген түсте немесе түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.

12-бап

1. Тауар таңбасының иесi тауар таңбасын пайдалану мен оған иелiк етудiң айрықша құқығына, сондай-ақ тауар таңбасын басқа адамдардың пайдалануына тыйым салудың ерекше құқығына ие.
2. Тауар таңбасын бастапқы тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде берiлген тауар таңбасы иесiнiң өтiнiшi бойынша шексiз рет, әркез кемiнде 10 жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

13-бап

Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап Тараптар мынадай тауар таңбасына айрықша құқықтың аяқталу қағидатын енгiзедi - құқық иеленушi тiкелей немесе оның келiсiмiмен басқа тұлғалар Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында азаматтық айналымға заңды енгiзген тауарларға қатысты пайдалану осы тауар таңбасына айрықша құқықтарды бұзу болып табылмайды.

14-бап

Тараптар осы Келiсiм күшiне енген күнге дейiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында тауар таңбаларын және тауарлар шығарылған жерлердiң атауын (географиялық нұсқаулар) құқықтық қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi бiрыңғай рәсiмдердi әзiрлейдi және енгiзедi. Тараптар тауар таңбасын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын (географиялық нұсқаулар) тiркеудiң әзiрленген бiрыңғай тетiгiн жеке шартта тiркейдi.

Тауар шығарылған жердiң атауы

15-бап

1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн елдiң, қалалық немесе ауылдық қоныстың, жердiң немесе басқа географиялық объектiнiң қазiргi немесе тарихи, ресми немесе ресми емес, толық немесе қысқартылған атауын бiлдiретiн немесе қамтитын белгi, сондай-ақ осы атаудан туындайтын және ерекше қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен осы географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесiнде танымал болған белгi заңды қорғау берiлетiн тауар шығарылған жердiң атауы болып табылады.
Көрсетiлген ережелер тауарды белгiлi бiр географиялық объектiнiң аумағынан шығарылған тауар ретiнде бiрдейлендiретiн және осы объектiнiң атауын қамтымаса да, осы белгiнi оның айрықша қасиеттерi осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген талаптарға жауап беретiн тауарға қатысты пайдалану нәтижесiнде танымал болған белгiге қатысты тиiсiнше қолданылады.
Географиялық объектiнiң атауын бiлдiретiн немесе қамтитын болса да белгiлi бiр түрдегi тауарды белгiлеу ретiнде жаппай пайдалануға енгiзiлген, оның шығарылатын жерiмен байланысты емес белгi бiр тауар шығарылған жердiң атауы болып танылмайды.
2. Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн тауар шығарылған жердiң атауына қатысты мүдделi тараптарға:
1) жұртшылықты тауардың географиялық шығуына қатысты адастыратындай осы тауар шынайы шығарылатын жерден басқа географиялық ауданнан шығарылатынын көрсететiн немесе байланыс туғызатын тауарды белгiлеу немесе таныстыру кезiнде кез келген құралдарды пайдаланудың
2) 1967 жылғы Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi 1967 жылғы Париж конвенциясының 10-bis-бабының мағынасы бойынша жосықсыз бәсеке актiсiн бiлдiретiн кез келген пайдаланудың алдын алуға мүмкiндiк беретiн құқықтық шараларды көздейдi.

Патент құқықтары

16-бап

1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқық ұлттық заңнамада белгiленген тәртiппен қорғалады және патент иеленушiнiң өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге басымдығын, авторлығын және айырықша құқығын куәландыратын қорғау құжатымен расталады.
2. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң және өнеркәсiптiк үлгiнiң авторына мынадай құқықтар:
1) айрықша құқық
2) авторлық құқықтық тиесiлi.
3. Тараптардың ұлттық заңнамасында көзделген жекелеген жағдайларда өнертабыстың, пайдалы модельдiң және өнеркәсiптiк үлгiнiң авторына басқа да құқықтар, оның iшiнде патент алу, қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi пайдаланғаны үшiн сыйақы алу құқығы тиесiлi.
4. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айырықша
құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттiң қолданылу мерзiмi, Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген талаптарды сақтау шартымен патент беруге өтiнiм берiлген күннен бастап есептеледi және:
өнертабыстар үшiн - кемiнде 20 жылды;
пайдалы модельдер үшiн - кемiнде 5 жылды;
өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн - кемiнде 5 жылды құрайды.

17-бап

Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсiптiк үлгiге берiлген патент патент иеленушiге өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi заңға қайшы келмейтiн кез келген тәсiлмен пайдалануға айрықша құқық бередi.
Егер патент объектiсi өнiм болса, патент иеленушi үшiншi тұлғаларға өзiнiң келiсiмiнсiз, атап айтқанда, аталған өнiмдi әзiрлеуге, қолдануға, сақтауға, сатуға ұсынуға, сатуға немесе осы мақсаттар үшiн әкелуге кедергi жасауға құқылы.
Егер патент объектiсi тәсiл болса, патент иеленушi өзiнiң келiсiмiнсiз, атап айтқанда тәсiлдi жүзеге асыру жөнiндегi әрекеттi, сондай-ақ тiкелей аталған тәсiлмен алынған өнiмдi қолдануға, сақтауға, сатуға ұсынуға, сатуға немесе осы мақсаттар үшiн әкелуге кедергi жасауға құқылы.

18-бап

Тараптар қорғау құжаттары беретiн құқықтардың шектелуiн, егер осындай шектеулер өнертабыстарды, пайдалы модельдердi немесе өнеркәсiптiк үлгiлердi әдеттегiдей пайдалануға дәлелсiз зиян келтiрмейдi және үшiншi тұлғалардың заңды мүдделерiн ескере отырып, патент иеленушiнiң заңды мүдделерiн негiзсiз кемсiтпейдi деген шартпен көздеуге құқылы.

III БӨЛIМ
Құқық қолдану

19-бап

Тараптар зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықтарды тиiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн осындай құқық қолдану шараларын қолдану жөнiнде өзiне мiндеттемелер алады.

20-бап

Тараптар Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағында контрафактiлi тауарлар айналымының тиiмдi түрде жолын кесудi, қамтамасыз ететiн заңнамалық тәртiп шараларын, сондай-ақ Интернет желiсiнде зияткерлiк меншiк құқықтарының бұзылуына қарсы iс-қимыл жөнiндегi бiрыңғай шараларды көздейдi.

Шекаралық шаралар

21-бап

Тараптар Кеден одағының Кеден кодексiнде белгiленген зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықтарды қорғау жөнiндегi iс-қимылдарды көздейдi.

Әкiмшiлiк және қылмыстық сипаттағы шаралар

22-бап

Тараптар зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықтарды қорғаудың бiрыңғай жүйесiн құру, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 20-бабының ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптардың өкiлеттi органдарымен зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықтарды қорғау жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру туралы шарт жасасуды көздейдi.

IV БӨЛIМ
Транспаренттiлiк

23-бап

1. Тараптардың кез келгенi қолданысқа енгiзген және осы Келiсiмнiң нысанасына қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтiк актiлер, жалпы қолданылатын түпкiлiктi сот және әкiмшiлiк шешiмдер (зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықтардың болуы, көлемi, сатып алу, олардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды асыра пайдаланудың алдын алу) ресми жариялануы тиiс немесе егер мұндай жариялау орынсыз болған жағдайда, ол үкiметтiк органдар мен құқық иеленушiлер таныса алатындай жалпыға қол жетiмдi болуы тиiс.
Осы Келiсiмнiң мәтiнiне қатысты бiр Тараптың үкiметi немесе үкiметтiк органы мен басқа Тараптың үкiметi немесе үкiметтiк органы арасында қолданылатын келiсiмдер де ресми жариялануы тиiс.
2. Әрбiр Тарап басқа Тараптың жазбаша берiлген сұрауына осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты беруге дайын болуы тиiс. Белгiлi бiр сот немесе әкiмшiлiк шешiм немесе зияткерлiк меншiк құқығы саласындағы екiжақты келiсiм осы Келiсiм бойынша өзiнiң құқықтарын қозғайды деп пайымдайтын негiзi бар Тарап та осындай сот немесе әкiмшiлiк шешiмдерге немесе екiжақты келiсiмдерге қол жеткiзудi ұсыну туралы немесе өзiн олар туралы тиiсiнше хабардар ету үшiн жазбаша сұрау сала алады.
3. Тараптар осы Келiсiмнiң мәтiнiне қатысты заңнамалық актiлер мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары туралы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң Зияткерлiк меншiк жөнiндегi үйлестiрушi кеңесiне хабарлау жөнiнде мiндеттемелер алады.
4. 1 - 3-тармақтардағы ештеңе Тараптардан заңды сақтауды қамтамасыз етуге кедергi келтiруi мүмкiн, өзге түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келетiн немесе жекелеген мемлекеттiк немесе жеке меншiк кәсiпорындардың заңды коммерциялық мүдделерiне залал келтiретiн құпия ақпаратты ашуды талап етпейдi.

Үйлестiрушi кеңес

24-бап

1. Тараптар мемлекеттерiнiң ведомстволары арасында зияткерлiк меншiктi қорғау мен сақтау саласындағы үйлестiру және ақпараттық-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi функциялардың тұрақты негiзде жүзеге асыру мақсатында Тараптар тұрақты жұмыс iстейтiн институционалдық тетiк - Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң зияткерлiк меншiк жөнiндегi үйлестiру кеңесiн (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) құруды көздейдi.
Тараптар Үйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлеп, қабылдайды. Әрбiр Тарап Үйлестiру кеңесiнiң тең төрағасын тағайындайды.
2. Үйлестiру кеңесiнiң тең төрағалары Тараптар өкiлдерi кiретiн көрсетiлген кеңес сарапшыларының тiзiмiн бекiтедi.
Үйлестiру кеңесiне құзыретiне Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң зияткерлiк меншiктi қорғау мен сақтау саласындағы саясатын үйлестiру кiретiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi Хатшылығының өкiлдерi де кiредi.
Тараптар жылына кемiнде бiр рет Үйлестiру кеңесiнiң тұрақты отырыстарын өткiзудi көздейдi.

Дауларды шешу

25-бап

Осы Келiсiмдi түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар және келiссөздер өткiзу жолымен шешiледi.
Егер Тараптар дауды Тараптардың бiрi басқа Тараптарға консультациялар мен келiссөздер өткiзу туралы жiберген ресми жазбаша өтiнiшi келiп түскен күнiнен бастап 6 ай iшiнде реттемесе, Тараптардың кез келгенi осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға бередi.

V БӨЛIМ
Күшiне енуi

26-бап

Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

27-бап

Осы Келiсiм 2012 жылғы 1 қаңтарда, бiрақ депозитарий оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бұрын емес күшiне енедi.
Осы Келiсiмге қосылу және одан шығу тәртiбi 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшiне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртiбi туралы хаттамамен айқындалады.

Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы әрбiр Тарапқа осы Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнде сақталады.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

2010 жылғы 9 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Зияткерлiк меншiк құқықтарын күзету мен қорғау саласындағы бiрыңғай реттеу қағидаттары туралы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Б. Пискорский


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina