ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 116 Қаулысы
"Биодизель қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Биодизель қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 116 қаулысымен
бекiтiлген

«Биодизель қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»
техникалық регламентi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 27 «Минералды отын, мұнай және олардан өңделген өнiмдер, битуминозды заттар; минералды балауыз» тобының 2710 кiшi тобына кiретiн өндiрiлетiн (әзiрленетiн) және әкелiнетiн (импортталатын) биодизель қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Биодизель өндiрiсi және айналымы кезiнде:
1) химиялық препараттарды және реактивтердi сақтықсыз қолдану;
2) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстiңгi бетiнiң жоғары немесе төмен температурасы;
3) биодизельдi басқа сұйықтармен араластыру;
4) биодизельдi өндiру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезiнде отты сақтықсыз қолдану;
5) жылудың артық мөлшерi бөлiнетiн, қауiптi пайдалану процестерi;
6) буып-түюдiң және құюдың саңылаусыз еместiгi;
7) биодизельдiң ауыз суға түсуi;
8) көзге, iшек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терiсiне түсуi қауiптi факторлар болып табылады.
3. Биодизельдi сәйкестендiру жиынтығында сәйкестендiруге жеткiлiктi болатын таңбалау және iлеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткiштер мен талаптар бойынша жүргiзiледi.
Сәйкестендiрудi биодизельге қойылатын талаптарды белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды пайдалану арқылы мынадай әдiстердiң бiрiмен немесе олардың үйлесуiмен:
биодизель партиясын сипаттайтын құжаттарды талдауды;
биодизельдi зерттеудi және (немесе) сынауды жүргiзедi.

2. Терминдер мен анықтамалар

4. Осы Техникалық регламентте мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу және техникалық реттеу саласындағы
заңнамалармен белгiленген, сондай-ақ осы Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) биодизель - дизельдi отын қасиетi бар өсiмдiктерден алынатын немесе жануарлардан алынатын метилдi немесе этилдi эфир майлары;
2) қосымдар - тұрақтылықты және пайдаланушылық қасиеттерiн жақсарту мақсатында өнiмге қосылатын құрамдастар;
3) күрделi эфирлер - минералды немесе карбон қышқылдарындағы ОН тобындағы сутегi атомдарын көмiрсутегi радикалымен алмастыру өнiмдерi;
4) цетанды сан — дизельдi отынның тұтану қасиеттерiнiң шартты сандық сипаты, құрамында жақсы тұтанатын цетанға (көмiрсутектi сұйық, саны 100 деп қабылданатын цетанды сан) оның қоспасында нашар тұтанатын альфа-метилнафталин (көмiрсутектi сұйық, саны 0 деп қабылданатын цетанды сан) пайыздың бiрдей деп саналатын, сыналатын отынның тұтану қасиеттерi бойынша баламалы стандартты сынау шарттары кезiнде сандық тең болады;
5) биодизель сорты - қоңыржай климаттық аймақтарда қолдануға арналған биодизельдi сүзудiң шектi температурасының әрiптiк белгiсi;
6) биодизель сыныбы - арктикалық және суық ауа райы аймақтарында қолдануға арналған биодизельдi сүзу шектi температурасының әрiптiк көрсетiлiмi.

3. Биодизельдiң нарықтағы айналымының шарттары

5. Осы Техникалық регламентпен белгiленген талаптарға биодизельдiң сәйкес келуi Қазақстан Республикасының нарығында биодизель айналымының қажеттi шарттары болып табылады.
6. Биодизельдiң айналымы процесiнде әрбiр партияда биодизель паспорты болуы, сәйкестiк сертификаты қоса берiлуi тиiс.
7. Биодизель паспорты төменде келтiрiлген мәлiметтердi:
1) биодизельдiң атауы мен сортын немесе сыныбын, оның нысаналы мақсатын;
2) әзiрлеушiнiң және оның уәкiлеттi өкiлiнiң атауын, биодизельдiң шығарылған елiн, сатушының атауы мен орналасқан жерiн (мекенжайы, телефоны);
3) биодизель сәйкес келетiн нормаларды қамтитын құжаттар туралы ақпаратты;
4) әзiрленген күнi мен партиясының нөмiрiн;
5) ыдыстағы таза салмағын;
6) оған арналған техниканың экологиялық сыныбын;
7) осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келетiн нормаларды қоса алғанда, сынақтардың нәтижелерi бойынша белгiленген сол сипаттамалардың нақты мәндерiн, сол сынама алынған резервуар нөмiрiн (партия нөмiрiн), отынның дайындалу мерзiмi туралы мәлiметтердi;
8) биодизельге талдау жүргiзiлетiн күндi;
9) биодизельге қосылған телiмдердiң болуы және атауы, немесе телiмдердiң болмауы туралы мәлiметтердi;
10) жарамдылық мерзiмiн;
11) манипуляциялық белгiлер туралы мәлiметтердi;
12) сәйкестiк сертификаты туралы мәлiметтердi;
13) биодизельдi қауiпсiз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Дайындаушы беретiн биодизель паспортына кәсiпорынның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.
8. Жанармай құю стансаларының бағаналарында (биодизель құю бойынша өзге техникалық құрылғыларда) орналасатын жарнамада биодизель сорты немесе сыныбы, ол арналған техниканың экологиялық сыныбы және осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiк белгiсiн қамтуы тиiс.
9. Егер кәдеге жаратылуы жоғарғы экологиялық тәуекелмен ұштасқан қалдықтардың пайда болуына немесе экономикалық жөнсiздiкке әкелетiн болса, биодизельдi әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады.

4. Биодизель қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

10. Биодизель осы Техникалық регламентке 1-қосымшаның 1-кестесiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
11. Биодизель сорты немесе сыныбы бойынша осы Техникалық регламентке 1-қосымшасының 2-кестесiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
12. Биодизельде бояғыштардың (жасыл және көгiлдiр түстен басқа) және белгiлегiш заттардың болуына рұқсат етiледi.

5. Буып-түюге, сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар

13. Сақтау үшiн осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетiн және тауар тiзбегiнiң қадағалануын қамтамасыз ететiн құжаттары бар биодизель қабылданады.
14. Биодизельдiң жарамдылық мерзiмi үш айдан аспауы тиiс.
15. Биодизельдi сақтау үшiн үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндiру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндiру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет.
16. Қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға жiберiлген көлiк арқылы биодизель тасымалдауға рұқсат етiледi.
17. Биодизельмен байланыста болатын цистерналар мен ыдыстардың үстiңгi бетi онымен реакцияға түспеуi және оның ластау көзi болмауы тиiс.
18. Құюға дайындау үшiн берiлетiн цистерналар құйылған өнiмнiң атауын қамтитын құжатпен бiрге берiлуi тиiс. Көрсетiлген құжат болмаған кезде құйылған өнiмнiң атауы цистернадан алынған қалдықты талдаумен белгiленедi.
19. Цистерналардан биодизель толық ағызып алынуы тиiс. Бұл ретте, төменгi ағызу құрылғысы жоқ цистерналарда биiктiгi 1 см аспайтын қалдыққа жол берiледi.
20. Ыдыстың отынмен толтырылу дәрежесi көлемнiң 95 пайызынан аспауы тиiс.
21. Толтырылғаннан кейiн ыдыс сүртiлуi тиiс.
22. Биодизельдi сақтау және тасымалдау өнiмнiң төгiлуiн болдырмайтын саңылаусыз жабылған ыдыста жүзеге асырылуы тиiс.
23. Мыналарға:
1) саңылаусыз емес жабдықтарды және тиектi арматураны пайдалануға;
2) жобалау нормаларымен белгiленген опырылуы биiктiгiн азайтуға;
3) қисаюлар және жарылулары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, жеткiзушi құбырларды және өртке қарсы стационарлық құрылғыларды пайдалануға;
4) опырлау аймағында ағаштардың және бұталардың болуына тыйым салынады.
24. Биодизельдi жанармай ыдыстарында, түтiн шығатын терезелерi жоқ жертөле және цокольдық қабаттардағы үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттың жалпы ортақ баспалдақтар торларының осы қабаттармен байланысқан жерлерде сақтауға жол берiлмейдi.

6. Биодизельдi таңбалауға қойылатын талаптар

25. Биодизельдi таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiмен бекiтiлген талаптарға, сондай-ақ осы бөлiмнiң талаптарына сәйкес келуi тиiс.
26. Тұтану ыдысын таңбалау мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) биодизельдiң атауын, оның сортын немесе сыныбын, нысаналы мақсатын;
2) осы Техникалық регламенттiң атауын;
3) дайындаушы кәсiпорынның тауарлық белгiсiн;
4) таза салмағын немесе көлемiн;
5) биодизельдi дайындау күнi - айы мен жылын;
6) жарамдылық мерзiмiн, сақтау шарттарын;
7) партия нөмiрiн.
27. Отыны бар тасымалдау ыдысының әр бiрлiгiнде сумен немесе мұнай өнiмдерiмен шайылып кетпейтiн трафарет немесе мөр арқылы басылған, мыналарды:
1) биодизельдiң атауын, сортын немесе сыныбын, оның нысаналы мақсатын;
2) дайындаушы кәсiпорынның тауарлық белгiсiн;
3) брутто және таза салмағын;
4) биодизельдi дайындау күнi - айы мен жылын;
5) жарамдылық мерзiмiн, сақтау шарттарын;
6) партия нөмiрiн;
7) Техникалық регламенттiң атауын қамтитын жазу болуы тиiс.
Егер отыны бар көлiктiк ыдыста көрсетiлген жазуды түсiру мүмкiн болмаса, онда ыдысқа осы жазу бар жапсырмалар жапсырылады және затбелгi желiмделедi, ал ыдыстың өзiне мөрмен немесе трафаретпен биодизель атауы және оның дайындалған күнi бар шайылып кетпейтiн жазу түсiрiледi.
28. Көлiктiк ыдысқа көлiктiк таңбалау мен манипуляциялық белгiлер және жүктiң көлiктiк қауiптiлiгiн сипаттайтын таңба жазылады.

7. Кәдеге жарату және жою кезiнде қойылатын талаптар

29. Биодизельдiң осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалған жағдайда, биодизель (бұдан әрi - Сәйкес келмейтiн биодизель) кәдеге жаратуға немесе жоюға жатады.
30. Биодизель өндiрiсiне немесе айналымына тыйым салу туралы шешiмдi құзыретiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қауiптi өнiмдi анықтаған мемлекеттiк орган қабылдайды.
Сәйкес келмейтiн биодизельдi өндiрушi, сатушы (бұдан әрi - Иесi) өз бетiнше немесе мемлекеттiк органдардың нұсқамасы негiзiнде кәдеге жарату немесе жою үшiн оны өндiрiстен немесе айналымнан шығарады.
31. Сәйкес келмейтiн биодизель сараптама жүргiзу, оны одан әрi кәдеге жарату немесе жою туралы шешiм қабылдау және оны орындау үшiн қажеттi кезең iшiнде Иесiнiң арнайы бөлiнген орындарында оған қол жеткiзудi болдырмайтын шарттар сақтала отырып, уақытша сақтауда болады. Уақытша сақтауға қойылған Сәйкес келмейтiн биодизельдi Иесi қатаң есепке алуы тиiс.
32. Қайта өңделген Сәйкес келмейтiн биодизельдi сәйкестiктi растау рәсiмiн өткiзудiң тек оң нәтижелерi болған кезде одан әрi пайдалануға болады.
33. Жою қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың мiндеттi талаптарын сақтай отырып, техникалық қолжетiмдi тәсiлмен (термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету арқылы) жүзеге асырылады, соның нәтижесiнде Сәйкес келмейтiн биодизель толық жойылады.
34. Сәйкес келмейтiн биодизельдi жою үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен жұмыс мерзiмдерiн көрсете отырып, Өнiмдi жою жөнiндегi комиссия құрылады.
35. Өнiмдi жою жөнiндегi комиссияға биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның, биоотын айналымы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, үкiметтiк емес ұйымдар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қауымдастықтарының (одақтарының) өкiлдерi кiредi.
Сәйкес келмейтiн деп танылған биодизель Иесi өз бастамасы бойынша және қаражаты есебiнен комиссия шешiм қабылдағанға дейiн аккредиттелген зертханаларда қосымша зертханалық сараптама өткiзе алады.
36. Комиссия жою актiсiн жасайды, онда актiнiң жасалған күнi мен орны, қажет болған жағдайда өнiмнiң иесi болып табылатын құқық бұзушының атауы, жойылуға жататын өнiмнiң атауы мен саны; жою тәсiлi, жоюдың уақыты мен орны; комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымдары көрсетiледi.
Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Егер комиссия шешiмiмен келiспеген немесе қол болмаған жағдайда, актiге келiспеген немесе қол болмаған себептерiн негiздей отырып анықтамаға қоса берiледi.
37. Радиациялық қауiп төндiретiн биодизель Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көмiлуi тиiс.

8. Сәйкестiктi растау

38. Биодизель мiндеттi сертификаттау объектiсi болып табылады.
39. Сәйкестiгiн растау тәртiбi мен схемасы «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген.

9. Қолданысқа енгiзу мерзiмдерi мен шарттары

40. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
41. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сәйкестiктi растау саласындағы құжаттар олардың қолдану мерзiмi бiткенге дейiн қолданыста деп саналады.
42. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк-техникалық құжаттамалар осы Техникалық регламентке сәйкес келтiрiлгенге дейiн осы Техникалық регламентке қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
43. Осы Техникалық регламент күшiне еңгенге дейiн шығарылған биодизель жарамдылық мерзiмi аяқталғанға дейiн сатылады.

«Биодизель қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентiне
1-қосымша

1-кесте

Көрсеткiш атауы

Норма

Жабық отшақшада тұтану температурасы, оС, кем емес

120

Кинематикалық тұтқырлық, 40оС, мм2/сек

1,9-дан кем емес - және 6,0-ден артық емес

Цетанды сан, кем емес

51

Күлдiктiң салмақтық үлесi, %, кем емес

0,02

Күкiрттiң салмақтық үлесi, мг/кг, көп емес

10

Метилды эфирлардың құрамы, %, кем емес

96,5

Қышқылдық сан, Мг KOH/100 cm3, көп емес

0,5

Фосфордың салмақтық үлесi, % көп емес

0,001

Ылғалдың салмақтық үлесi, % көп емес

0,05

2-кесте

Көрсеткiш атауы

Биодизель сорты үшiн көрсеткiштiң мәнi

Биодизель сыныбы үшiн көрсеткiштiң мәнi

A

В

С

D

Е

0

1

2

3

4

Сүзiлгiштiктiң шектi температурасы, (oС), жоғары емес

5

0

-5

-10

-15

-20

-26

-32

-38

-44

«Биодизель қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентiне
2-қосымша


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina