Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысы
Тарихи шығындарды геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекiту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасы бекiтiлсiн. 2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнының айқындау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 сәуiрдегi № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|