ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 ақпандағы № 126 Қаулысы
"Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы
"Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!" атты
Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi жалпыұлттық iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жалпыұлттық жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Жалпыұлттық жоспар iс-шараларының мүлтiксiз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша
25 қаңтарға және 25 шiлдеге Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әкiмшiлiгiне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат
ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары Жалпыұлттық жоспар iс-шараларының мүлтiксiз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы
№ __

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы «__» ____
№ __ Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың
iргесiн бiрге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске
асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары

Р/с

Iс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1. Жеделдетiлген экономикалық жаңғырту - Үдемелi инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы

1.

«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, мал шаруашылығы саласын, жемазық өндiрiсiн дамыту және еттiң экспорттық әлеуетiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

Үкiмет қаулысы

АШМ, ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржыминi, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

2011 жылғы шiлде

2.

«Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту» жобасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың кешендi жоспарын әзiрлеу

Үкiмет қаулысы

АШМ, ЖРА, ЭДСМ, Қаржыминi, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

2011 жылғы шiлде

3.

Қазақстан Республикасының энергия тиiмдiлiгiн арттырудың кешендi жоспарын әзiрлеу және бекiту

Үкiмет қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржыминi, Қоршағанортаминi, ҚжТКШIА, ТМРА, СА, «Самурық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы шiлде

4.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасын әзiрлеу және бекiту

Үкiмет қаулысы

ЭДСМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы шiлде

2. Әлеуметтiк жаңғырту - жаңа әлеуметтiк саясат

2.1. Бiлiм беру

5.

Жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке көшуiн қамтамасыз ету

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

БҒМ

2011-2013 жылдар желтоқсан

6.

2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебiнен 200 мектеп және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен 200 мектеп салу

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

БҒМ, Қаржыминi, ЭДСМ, ҚжТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011-2015 жылдар наурыз

7.

Бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен Кәсiптiк-техникалық кадрлар даярлау жөнiнде ұлттық кеңес құру

Үкiмет қаулысы

БҒМ, ИЖТМ, ККМ, МГМ, АШМ, ТСМ, ұлттық компаниялар, «Атамекен» Одағы» ҰЭӨП, бизнес- қауымдастықтар мен жұмыс берушiлер өкiлдерi, қызметкерлердiң кәсiподақ бiрлестiктерi

2011 жылғы наурыз

2.2. Денсаулық сақтау

8.

«Денсаулық» бiр қосымша емдеу-диагностикалық поезын қалыптастыру

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

ККМ, ТЖМ, ДСМ

2011 жылғы желтоқсан

9.

2015 жылға қарай 350 дәрiгерлiк амбулатория, фельдшерлiк-акушерлiк пункт және емхана салу

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

ДСМ, Қаржыминi, ЭДСМ, ҚжТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011-2015 жылдар желтоқсан

2.3. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

10.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын әзiрлеу және бекiту

Үкiмет қаулысы

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, ИЖТМ, Әдiлетминi, ҚжТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы 1 мамыр

11.

Дәлелдi төлемдi енгiзудi ескере отырып, әлеуметтiк көмек жүйесiн жетiлдiрудi көздейтiн «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Еңбекминi, ЭДСМ, Қаржыминi, Әдiлетминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы маусым

12.

Микрокредиттеу құралдарына және оны жүзеге асыру тетiктерiне қол жеткiзудi кеңейту мәселелерi бойынша заңнамалық базаны жетiлдiру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қаржыминi, ҚНРА, АШМ, ЭДСМ, Әдiлетминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, мүдделi мемлекеттiк органдар

2011 жылғы сәуiр

13.

Микрокредиттеу құралдарына қол жеткiзудi кеңейтуге бағытталған шаралар кешенiн қабылдау

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

Қаржыминi, ҚНРА, АШМ, ИЖТМ, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, «КазАгро» ҰБХ» АҚ, «ДАМУ» КДҚ» АҚ

2011 жылғы қараша

2.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту

14.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын әзiрлеу және бекiту

Үкiмет қаулысы

ҚжТКШIА, ТМРА облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы сәуiр

15.

Жинақтауды ынталандыру және халық пен жеке инвесторлардың тұрғын үйлер мен коммуналдық объектiлердi жөндеудi және қайта жаңартуды қоса қаржыландыру тетiгiн енгiзу

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

ҚжТКШIА, Қаржыминi

2012 жылғы ақпан

2.5. Сапалы ауыз су

16.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеу және бекiту

Үкiмет қаулысы

ЭДСМ, ҚжТКШIА, АШМ, Қоршағанортаминi, Қаржыминi, ИЖТМ, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы мамыр

3. Сыртқы саясат

17.

Қырғызстанға көмек көрсетудiң мемлекетаралық бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

СIМ, мүдделi мемлекеттiк органдар

2012 жылғы қаңтар

18.

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитiн дайындау және өткiзу

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

СIМ

2011 жылғы маусым

19.

Жаһандық ядролық қауiпсiздiк саласындағы көшбасшылықты қамтамасыз ету

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

СIМ, ИЖТМ, мүдделi мемлекеттiк органдар

жыл

қорытындылары

бойынша

20.

Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалықты дайындау және iске асыру

Президент Әкiмшiлiгiне, Премьер-Министр Кеңсесiне ақпарат

СIМ, БҒМ, ИЖТМ, АШМ, ДСМ

жыл қорытындылары

бойынша

21.

Алматыдағы Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференцияға бастамашылық жасау

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

СIМ, мүдделi мемлекеттiк органдар

2011 жылғы мамыр

22.

«Қазақстан - ЕО: 2020» Энергетикалық хартия жасасу туралы ұсынысты ЕО елдерiмен бiрге пысықтау

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

МГМ, ИЖТМ, СIМ, Қоршағанортаминi, мүдделi мемлекеттiк органдар

2012 жылғы қаңтар

4. Ақпараттық-насихаттау жұмысын қамтамасыз ету

23.

Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын мерекелеу жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын iске асыру

Президент Әкiмшiлiгiне ақпарат

MM, БАМ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, мүдделi мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2011 жылғы шiлде, 2012 жылғы қаңтар

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
ҚжТКШIА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ҰБХ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы
«Даму» КДҚ» АҚ - «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлiк қоғамы
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы
Мүдделi мемлекеттiк органдар - жобаларды әзiрлеу барысында тартылатын орталық мемлекеттiк органдар


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina