Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 ақпандағы № 128 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: кiрiспеде: «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартында: 1-тармақтағы «және жұмыс кестелерi» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтағы «(бұдан әрi - қорытынды)» деген сөздерден кейiн «не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап» деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.»; 25-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «шағымның тiркелгенi, оған жауап алатын мерзiмi мен орны туралы белгiсi бар оның көшiрмесi» деген сөздер «тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|