Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 ақпандағы № 135 Қаулысы
"Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс iстеу және даму тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс iстеу және даму тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|