Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 Қаулысы
Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау қағидасын бекiту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 45) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау қағидасы бекiтiлсiн. 2. «Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 тамыздағы № 796 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 338-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К Мәсiмов
|