Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 ақпандағы № 140 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бiр бөлiгiн) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен құрылған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бiр бөлiгiн) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына: мыналар енгiзiлсiн: Сұлтанғазиев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Марат Елеусiзұлы Салық және кеден саясаты, талдау және болжамдау департаментiнiң директоры, хатшы, Әшiмбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық Самат Бағдатұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша), Paу - Қазақстан Республикасының Индустрия және Альберт Павлович жаңа технологиялар бiрiншi вице-министрi, Бишiмбаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық Қуандық Уәлиханұлы даму және сауда вице-министрi, Өтенов - «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және Нұрлан Қалиоллаұлы энергетика кешенi ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы директоры (келiсiм бойынша); мына: «Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы Болат Бидахметұлы министрi», «Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әдiлет Марат Бақытжанұлы вице-министрi», «Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика Әсет Маратұлы және минералдық ресурстар вице-министрi», «Әубәкiров - «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және Асқар Әкiмбайұлы энергетика кешенi ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы директоры (келiсiм бойынша)» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы Болат Бидахметұлы министрi, төрағаның орынбасары», «Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әдiлет Марат Бақытжанұлы министрлiгiнiң жауапты хатшысы», «Мағауов - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ Әсет Маратұлы вице-министрi», «Әубәкiров - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» АҚ бас Асқар Әкiмбайұлы директорының корпоративтiк даму және активтердi басқару жөнiндегi орынбасары (келiсiм бойынша)»; көрсетiлген құрамнан Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Толқын Сағынбекқызы Баймұханова, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Нұрбек Тұрарбекұлы Раев, Тимур Мұратұлы Сүлейменов, Серiк Әбiлмәжiнұлы Өзiханов, Орын Мұратұлы Сұлтан, Рүстем Әнуарұлы Ыбырайымов шығарылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бiр бөлiгiн) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 6-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «Экономика және бюджеттiк жоспарлау» деген сөздер «Қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|