Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 ақпандағы № 150 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентiнiң мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38 құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "13613" деген сандар "17697" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|