ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 ақпандағы № 164 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жауапты хатшысы Рәпiл Сейiтханұлы Жошыбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 164 қаулысымен
мақұлданған

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келген адамдардың
реадмиссиясы туралы
КЕЛIСIМ

Бұдан әрi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI
мен
ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI,
Заңсыз иммиграцияға қарсы iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешiм қабылдай отырып;
Мигранттар контрабандасы жөнiндегi ұйымдасқан қылмыстық топтардың iс-әрекетiнiң айтарлықтай өсуiне алаңдаушылық бiлдiре отырып;
Осы Келiсiмдi жасасу жолымен өзара негiзде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау және оларды қауiпсiз және реттелген қайтару үшiн жылдам және тиiмдi рәсiмдер жасауға, мұндай адамдардың транзитiне ынтымақтастық аясында ықпал етуге ниет бiлдiре отырып,
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларын және қабылдаған халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Анықтамалар

Осы Келiсiмде пайдаланатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
1) реадмиссия – осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағына заңсыз келген, болатын немесе тұрып жатқан Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң азаматтарын, үшiншi мемлекеттердiң азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Сұрау салатын тараптың құзыреттi органының қайтаруы және Сұрау салынатын тараптың құзыреттi органының қабылдауы бiлдiредi.
2) Қазақстан Республикасының азаматы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие адам;
3) Чех Республикасының азаматы – Чех Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие адам;
4) үшiншi мемлекеттiң азаматты – Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтығынан өзге азаматтығы бар адам;
5) азаматтығы жоқ адам – ешбiр азаматтығы жоқ адам;
6) тұруға рұқсат – баспана беру туралы қолдаухат немесе тұруға рұқсат беру туралы қолдаухатты қарау рәсiмiне байланысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында болуға уақытша рұқсаттарды қамтымайтын, адамға Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында тұруға құқық беретiн Уағдаласушы Тараптар құзыреттi органдары берген кез келген түрдегi рұқсат;
7) виза – әуежайларда берiлетiн транзиттiк визаларды қамтымайтын, Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына кiру немесе оның аумағы арқылы транзит үшiн қажеттi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары берген рұқсат;
8) транзит – Сұрау салатын тарап мемлекетiнен баратын мемлекетке өту кезiнде үшiншi мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы өтуi;
9) Сұрау салатын тарап – осы Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе осы Келiсiмнiң 10-бабына сәйкес транзит туралы қолдаухат жiберетiн Уағдаласушы Тарап;
10) Сұрау салынатын тарап – осы Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе осы Келiсiмнiң 11-бабына сәйкес транзит туралы қолдаухат жiберетiн Уағдаласушы Тарап;
11) құзыреттi орган – осы Келiсiмдi iске асыру үшiн жүктелетiн, осы Келiсiмдi iске асыру Хаттамасында көрсетiлген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң органы;
12) шекарамаңы ауданы – Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық әуежайлары.

1 – БӨЛIМ.
РЕАДМИССИЯҒА ҚАТЫСТЫ МIНДЕТТЕМЕЛЕР

2-бап
Уағдаласуши тараптар мемлекеттерi азаматтарының реадмиссиясы

1. Сұрау салынатын тарап Сұрау салатын тараптың қолдаухаты бойынша осы Келiсiмнiң шеңберiнде өз мемлекетiнiң аумағында Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағында кiру, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды егер осы адам Сұрау салынатын тараптың азаматы болып табылатыны анықталса, қабылдайды.
Осы Ереже Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағына кiрген соң Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң азаматтығынан айырылған немесе бас тартқан және Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң азаматтығын алмаған адамдарға да қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдардың реадмиссиясымен бiр уақытта Сұрау салынатын тарап мыналардың:
1) Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағында болуға немесе тұруға тәуелсiз құқығы болмаса, олардың туған жерiне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балаларының
2) егер Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң аумағына келуге, болуға және тұруға құқығы болса немесе олар осы құқықты алса және Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағында болуға және тұруға тәуелсiз құқығы болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдардан басқа азаматтығы бар жұбайларының реадмиссиясын жүзеге асырады.
3. Сұрау салынатын тарап реадмиссиясы келiсiлген адамның тiлек бiлдiруiне қарамастан, қажет болғанда, реадмиссиямен келiсiмге қол жеткiзiлген күннен кейiн 3 жұмыс күн iшiнде осы адамды қайтару үшiн қажет, 6 айдан кем емес жүру құжатын бередi.
Егер заңды немесе нақты себептер бойынша көрсетiлген адамды жол жүру құжатының жарамдылық iшiнде беру мүмкiн болмаса, Сұрау салынатын тарап 14 күнтiзбелiк күн iшiнде жол жүру құжатының жарамдылық мерзiмiн ұзартады немесе қажет болғанда сондай жарамдылық мерзiмiмен жаңа жол жүру құжатын бередi.
Егер 14 күнтiзбелiк күн iшiнде Сұрау салынатын тарап жаңа жол жүру құжатын бермесе және оның жарамдылық мерзiмiн ұзартпаса, онда Сұрау салынатын тарап мерзiмi өтiп кеткен құжатты қабылдауы тиiс.

3-бап
Үшiншi мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы

1. Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Сұрау салынатын тарап Сұрау салатын тараптың қолдаухаты бойынша өз мемлекетiнiң аумағына егер:
1) бұл адамға бiр Уағдаласушы тарап мемлекетiнiң аумағына тiкелей екiншi Уағдаласушы тарап мемлекетiнiң аумағынан заңсыз кiргенiне; немесе
2) кiру сәтiнде Сұрау салынатын тарап берген жарамды тұруға рұқсаты бар екендiгiне; немесе
3) кiру сәтiнде Сұрау салынатын тарап берген жарамды визасы бар екендiгiне және Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағына тiкелей Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң аумағынан кiргенiне дәлел берiлсе, Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағында кiру, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез-келген үшiншi мемлекеттiң азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды қабылдайды.
2. Егер:
1) үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң аумағында тек халықаралық әуежайдың транзиттiк аймағында ғана болса; немесе
2) Сұрау салатын тарап:
осы адамның Сұрау салынатын тарап берген және ұзақ қолданылу виза немесе тұруға рұқсаты болған; немесе
Сұрау салатын тарап берген виза немесе тұруға рұқсат қолдан жасалған немесе жалған құжаттардың көмегiмен алынған жағдайларды қоспағанда, өз мемлекетiнiң аумағына кiргенге дейiн немесе одан кейiн үшiншi мемлекеттiң азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға тұруға виза немесе рұқсат берген болса;
3) Сұрау салатын тарап мемлекетiнiң аумағына үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам кiру үшiн визаны қажет етпесе, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты мiндет қолданылмайды.
3. Сұрау салынатын тарап реадмиссия туралы қолдаухатқа оң жауап бергеннен кейiн, Сұрау салатын тарап реадмиссиясы келiсiлген адамға Сұрау салынатын тарап мойындайтын жол жүру құжатын бередi.

4-бап
Қате реадмиссия

Сұрау салатын тарап егер осы адамды берген күннен кейiн 3 ай iшiнде осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарындағы талаптар сақталмағаны анықталса, Сұрау салынатын тарап қабылдаған кез келген адамды керi қабылдайды. Мұндай жағдайларда қажеттi өзгерiстердi ескере отырып, осы Келiсiмнiң iс жүргiзу ережелерi қолданылады және Сұрау салынатын тарап қайтаруға жататын адамның жеке басы және азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты бередi.

2-БӨЛIМ
РЕАДМИССИЯ РӘСIМI

5-бап
Реадмиссия туралы қолдаухат

1. Осы баптың 2-тармағын сақтай отырып, осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарында көзделген мiндеттемелердiң бiрiнiң негiзiнде реадмиссияға жататын адамды кез келген беру үшiн Сұрау салынатын тараптың құзыреттi органына реадмиссия туралы қолдаухат жiберу қажет.
2. Егер реадмиссияға жататын адамда жарамды жол жүру құжаты немесе жеке басын куәландыратын құжаты болса, Сұрау салынатын тараптың құзыреттi органына реадмиссия туралы қолдаухат немесе жазбаша өтiнiш бiлдiру, ал осы адам үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда, Сұрау салынатын тарап берген жарамды виза немесе тұруға рұқсат талап етiлмейдi.
3. Егер Сұрау салатын тараптың шекаралас ауданында адам мемлекеттiк шекараны заңсыз өткеннен кейiн 48 сағаттың iшiнде осы адам ұсталса, осы баптың 2-тармағына зиян келтiрмей, егер ол тiкелей Сұрау салынатын тараптың аумағынан өткен болса (жеделдетiлген рәсiм) Сұрау салатын тарап осындай адамның реадмиссиясы туралы қолдаухатты осындай адам ұсталғаннан кейiн 2 күн iшiнде жiбере алады.
4. Реадмиссия туралы қолдаухат, атап айтқанда:
1) осы Келiсiмдi iске асыру Хаттамасына сәйкес реадмиссияға жататын адам туралы қолда бар барлық мәлiметтердi;
2) осы Келiсiмнiң 6-бабына сәйкес дәлелдемелердi қамтуы тиiс:
5. Қажет болған жағдайда реадмиссия туралы қолдаухат сондай-ақ:
1) осы адам осындай өтiнiшке нақты айтылған келiсiм берген жағдайда, беруге жататын адам көмекке немесе медициналық күтiмге мұқтаж екенi туралы куәландыратын арызды;
2) беру жағдайында қажет болуы мүмкiн қорғаныс және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi кез келген басқа шаралар туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.

6-бап
Дәлелдемелер

1. Осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес азаматтыққа қатыстылық дәлелдемелерiнiң түрлерi және осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес үшiншi мемлекеттердiң азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты дәлелдемелер осы Келiсiмдi iске асыру Хаттамасында қамтылған.
2. Егер азаматтыққа қатыстылық дәлелдемелерiнiң бiр де бiрi осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес ұсынылмаса, Сұрау салынатын тараптың дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi реадмиссия туралы қолдаухатты алған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде реадмиссияға жататын адаммен оның азаматтығын анықтау мақсатында әңгiмелесу өткiзедi.

7-бап
Мерзiмдер

1. Реадмиссия туралы қолдаухат үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам кiру, болу немесе тұру шарттарын орындамағаны немесе орындауды тоқтатқаны туралы Сұрау салатын тараптың құзыреттi органы бiлген күннен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде Сұрау салынатын тараптың құзыреттi органына берiледi.
Егер мұндай адамдардың реадмиссиясы туралы қолдаухат жоғарыда көрсетiлген мерзiм өткен соң берiлген жағдайда, реадмиссияға қатысты мiндеттеме туындамайды.
Қолдаухатты уақтылы беруге кедергi келтiретiн мән-жайлар болған жағдайда негiзделген сұрау салу негiзiнде жауап беру мерзiмi оларды жойғанға дейiн ұзартылады.
2. Реадмиссия туралы қолдаухатқа жауапты Сұрау салынатын тарап дәлелсiз кешiгусiз және кез келген жағдайда мұндай қолдаухатты алған күннен бастап 14 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жiберiлуi тиiс.
Қолдаухатқа уақтылы жауап беруге кедергi келтiретiн мән-жайлар болған кезде негiзделген сұрау салудың негiзiнде жауап беру мерзiмi барлық жағдайда 30 күнтiзбелiк дейiн ұзартылады.
3. Осы Келiсiмнiң 5-бабының 3-тармағында көзделген жеделдетiлген рәсiм бойынша реадмиссия туралы қолдаухат жiберiлген жағдайда реадмиссия туралы қолдаухатты алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде жауап берiледi.
4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзiмдер iшiнде жауап алынбаған болса, беру туралы мәселе келiсiлген деп есептеледi.
5. Сұрау салатын тарапқа реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап бермеу себептерi көрсетiледi.
6. Келiсiмге қол жеткiзiлгеннен кейiн немесе бұл қолайлы болғанда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмдер өткеннен кейiн реадмиссияға жататын адам 90 күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi. Осы Келiсiмнiң 5-бабының 3-тармағына сәйкес жеделдетiлген рәсiм қолданылған жағдайда адам 5 жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Сұрау салатын тараптың өтiнiшi бойынша бұл мерзiм заңдық немесе практикалық кедергiлердi жою үшiн қажеттi уақыты ескерiле отырып, ұзартылады.

8-бап
Беру шарттары және көлiк түрлерi

1. Осы Келiсiмнiң 5-бабының 2-тармағы үшiн зиян келтiрмей, реадмиссияға жататын адамды бергенге дейiн Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдары алдын ала жазбаша нысанда беру күнi, шекара арқылы өткiзу пунктi, ықтимал iлесiп жүру және беруге қатысты басқа да мәселелер туралы келiседi.
2. Реадмиссияға жататын адамды беру үшiн әуе және құрлық көлiк түрi пайдаланылуы мүмкiн.
Мұндай адамды әуе көлiгiмен тасымалдау кезiнде таңдау Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық әуе компанияларын пайдаланумен шектелмейдi. Бұл мақсаттар үшiн тұрақты да, чартерлiк те рейстер пайдаланыла алады.
Iлесiп жүру қажет болғанда ол Уағдаласушы тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi адамдарымен шектеледi.

3-БӨЛIМ
ТРАНЗИТ ТӘРТIБI

9-бап
Қағидаттар

1. Уағдаласушы тараптар үшiншi мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитiн мұндай адамдар баратын мемлекетке тiкелей қайтарыла алмаған жағдайларда шектейдi.
2. Егер басқа транзит мемлекеттерiнiң аумағы арқылы одан әрi жол жүруi мүмкiндiгiне және баратын мемлекеттiң оларды қабылдауына кепiлдiк берiлсе, Сұрау салынатын тарап үшiншi мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың транзитiне рұқсат бередi.
3. Сұрау салынатын тараптың талабы бойынша үшiншi мемлекет азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитi iлесiп жүрумен жүзеге асырылады.
4. Сұрау салынатын мемлекет:
1) егер баратын мемлекетте немесе транзит мемлекетiнде үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам азаптау, адамгершiлiкке жат немесе ар-намысты қорлауға ұшырау, қарым-қатынасқа немесе жазалауға, өлiм жазасы немесе нәсiлдiк, дiни, ұлттық тиесiлiлiгi бойынша, сондай-ақ белгiлi бiр әлеуметтiк топқа немесе саяси көзқарастары үшiн қудалану қаупi болса;
2) егер Сұрау салынатын тарап мемлекетiнде немесе транзит мемлекетiнде үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қылмыстық қудалауға немесе жазалауға тартылатын болса;
3) халық денсаулығын қорғау, ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық қауiпсiздiк немесе Сұрау салынатын тараптың басқа да ұлттық мүдделерi себебiнен транзиттен бас тартуы мүмкiн.
5. Сұрау салынатын тарап, егер кейiннен осы баптың 4-тармағында көзделген транзитке кедергi жасайтын жағдайлар туындаса немесе анықталса немесе адамның басқа транзит мемлекеттерiнiң аумағы арқылы жол жүруiне немесе баратын мемлекеттiң қабылдау кепiлдiгi берiлмесе, кез келген берiлген рұқсатты керi қайтарып ала алады. Мұндай жағдайда, Сұрау салатын тарап үшiншi мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адамды еш кiдiрусiз қабылдауы тиiс.

10-бап
Транзит рәсiмi

1. Транзит туралы қолдаухат Сұрау салынатын тараптың құзыреттi органдарына жазбаша нысанда ұсынылады және ол мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
1) транзит түрi, транзит маршруты, транзит мемлекеттерi, егер осындайлар болса, және баратын мемлекет;
2) осы Келiсiмдi iске асыру Хаттамасына сәйкес транзитке жататын адам туралы барлық қолда бар мәлiметтер;
3) пайдалануы ықтимал шекараны кесiп өту пунктi, адамды беру уақыты және ықтимал iлесiп жүру;
4) Сұрау салатын тараптың, оның пiкiрiнше, осы Келiсiмнiң 9-бабының 2-тармағында көзделген шарттардың орындалғаны және оған осы Келiсiмнiң 9-бабының 4-тармағына сәйкес транзиттi қабыл алмауға негiз болып табылатын жағдайлар туралы белгiсiз екенi туралы өтiнiшi.
2. Сұрау салынатын тарап осындай қолдаухатты алғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк iшiнде жазбаша нысанда өзiнiң транзитке келiсiмi туралы Сұрау салатын тараптың құзыреттi органына хабарлайды және шекараны кесiп өту пунктi мен транзиттiң жоспарланған уақытын растайды немесе транзиттен бас тарту және оның себептерi туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Егер транзит әуе көлiгiмен жүзеге асырылса, онда транзитке жататын адам және оған iлесiп жүруi мүмкiн адамдар транзиттiк визалар алу қажеттiлiгiнен босатылады.
4. Сұрау салынатын тараптың құзыреттi органдары транзиттi жүзеге асыруға, атап айтқанда аталған адамдарды қадағалауға және қажеттi мүмкiндiктердi беруге жәрдемдеседi.
5. Сұрау салатын тараптың iлесiп жүретiн адамдары өздерiмен бiрге Сұрау салынатын тараптың транзитке келiсiмiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн алып жүруi тиiс.
Сұрау салатын тараптың iлесiп жүретiн адамдары Сұрау салынатын тараптың аумағында ешқандай өкiлеттiлiкке ие болмайды және қаруланбаған болады.

4-БӨЛIМ
ШЫҒЫСТАР

11-бап
Шығыстар

Осы Келiсiмге сәйкес соңғы баратын мемлекеттiң шекарасы арқылы өткiзу пунктiне дейiн реадмиссияны және транзиттi жүзеге асыру кезiнде туындайтын барлық шығыстар, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 4-бабына сәйкес адамдарды қайтаруға байланысты Сұрау салынатын тарап көтеретiн оның шығыстары мұндай шығыстарды өтеуге Сұрай салатын тараптың құзыреттi органдарының құқығына зиян келтiрмей Сұрау салатын мемлекет реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшiншi тараптардың есебiнен жабады.

5-БӨЛIМ
ДЕРЕКТЕРДI ҚОРҒАУ

12-бап
Деректердi қорғау

Дербес деректердi беру, егер бұл Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдарының осы Келiсiмдi iске асыруы үшiн қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Дербес деректердi беру, өңдеу және қолдану кезiнде Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдары өз заңнамаларына сәйкес әрекет етедi.
Осыған қосымша ретiнде мынадай қағидаттар қолданылуы тиiс:
1) дербес деректер әдiл және заңды негiзiнде өңделуi тиiс;
2) дербес деректердi жинау осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты нақты, айқын көрiнетiн және заңды мақсатта жүзеге асырылуы тиiс, ал дербес деректердi беретiн құзыреттi органның да, оны алатын құзыреттi органның оларды кейiннен өңдеуi көрсетiлген мақсатқа келмейтiндей етiп жүзеге асыруы тиiс.
3) дербес деректер бара-бар, iске қатысы бар және/немесе оларды жинау және/немесе кейiннен өңдеу жүзеге асырылатын мақсаттар аясы шамадан тыс болмауы тиiс.
Атап айтқанда, берiлетiн дербес деректер тек қана мыналарға:
реадмиссияға немесе транзитке жататын адам туралы мәлiметтерге (аты, тегi, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе ол белгiлi болған аттары, жынысы, азаматтық жағдайы, туған күнi мен жерi, қазiргi және бұрынғы кез-келген азаматтығы);
паспорттарына, жеке куәлiгiне, жүргiзушi куәлiктерiне немесе басқа да жеке куәлiктерiне немесе жол жүру құжаттарына (нөмiрi, қолданылу мерзiмi, берiлген күнi, берген орган, берiлген жерi);
аялдау орындары мен қозғалыс маршрутына;
егер бұл өзiнiң мүддесi мен қоғамдық саулықты сақтау мүддесi үшiн болса, оның денсаулығының жай-күйi туралы деректердi қоса алғанда, реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды сәйкестендiруге қажеттi, осы Келiсiмге сәйкес реадмиссия үшiн негiз болып табылатын жағдайлардың болуы туралы мәселесiн зерттеу үшiн өзге де ақпаратқа қатысты бола алады;
4) дербес деректер нақты және қажет болған кезде жаңартылған болуы тиiс;
5) дербес деректер осы деректердiң субъектiлерiн сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн нысанда және оларды жинау және кейiннен өңдеу үшiн талап етiлетiн мерзiмнен ұзақ емес мерзiмде сақталуы тиiс;
6) дербес деректердi беретiн құзыреттi орган және дербес деректердi алатын құзыреттi орган, егер оларды өңдеу осы баптың ережелерiне сәйкес келмеген жағдайда дербес деректердiң түзету, жою немесе жауып тастау үшiн, атап айтқанда бұл деректер iске қатысты барабар, дәл болып табылмаса немесе оларды өңдеу мақсаты аясында шектен тыс болып табылса, барлық саналы шараларды қолданады. Бұл басқа Уағдаласушы Тараптың аталған деректердi кез келген түзетулер, жою немесе жауып тастау туралы хабардар етудi көздейдi;
7) дербес деректердi алатын құзыреттi орган сұрау салу бойынша дербес деректердi беретiн құзыреттi органды жiберiлген деректердi қолданғаны және олардың негiзiнде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
8) дербес деректер құзыреттi органдарға ғана берiледi. Олардың басқа органдарға кейiннен берiлуi дербес деректердi беретiн құзыреттi органның алдын ала жазбаша түрде келiсiмiн талап етедi;
9) дербес деректердi беретiн құзыреттi орган және дербес деректердi алатын құзыреттi орган дербес деректердi жiберудi және қабылдауды жазбаша нысанда тiркеуге мiндеттi;
10) Уағдаласушы Тараптар жеке деректердi заңсыз алудан, өзгертуден немесе жариялаудан тиiмдi қорғайды, деректерi берiлетiн адам Сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес берiлген деректер туралы ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

6-БӨЛIМ
ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ

13-бап
Орындаушы ережелер

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен Чех Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi Хаттама жасасады, ол атап айтқанда мыналарды:
1) осы Келiсiмнiң 6-бабына сәйкес құжаттар мен басқа да дәлелдердi,
2) осы Келiсiмнiң 5 және 10-баптарына сәйкес реадмиссия және транзит туралы қолдаухаттардың үлгi нысандарын,
3) өзара iс-қимыл жасасу тәсiлдерiн қоса алғанда, осы Келiсiмдi iске асыруға жауапты құзыреттi органдарды,
4) осы Келiсiмдi iске асыру үшiн қолданылатын Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң әуежайларын және мемлекеттiк шекараларын кесiп өту пункттерiн.
5) осы Келiсiмнiң 11-бабына сәйкес шығыстардың толық сипаттамасын және оларды қайтару тәртiбiн қамтиды.

7-БӨЛIМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

14-бап
Басқа халықаралық мiндеттемелерге қатысы

Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

15-бап
Дауларды шешу

Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты ықтимал даулар Уағдаласушы Тараптар арасындағы келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

16-бап
Келiсiмге түзетулер

Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 17-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

17-бап
Осы Келiсiмнiң күшiне енуi, қолданылу мерзiмi және қолданылуын тоқтату

1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
2. Осы Келiсiмнiң 3-бабының ережелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiмнен бастап 18 ай өткеннен кейiн қолданылады. Осы 18 айлық кезең iшiнде олар Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тұруға жарамды рұқсаты бар азаматтығы жоқ адамдарға немесе үшiншi мемлекеттердiң азаматтарына немесе Уағдаласушы Тарап реадмиссия туралы келiсiм жасасқан мемлекеттермен үшiншi мемлекеттердiң азаматтарына ғана қатысты қолданылады.
3. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады.
4. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық арналар арқылы өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы тиiстi жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

_______________ қаласында 20__ «__» _______ екi түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, чех, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

Қазақстан Республикасының Чех Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2010 жылғы 1 қарашадағы
№ 455 бұйрығымен
мақұлданған

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех
Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келетiн адамдардың
реадмиссиясы туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi Қазақстан
Республикасы IIМ мен Чех Республикасы IIМ арасындағы хаттамасы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен Чех Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын),
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келетiн адамдардың реадмиссиясы туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 13-бабына сәйкес Келiсiмдi орындау мақсатында,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Анықтамалар

Осы Хаттаманы iске асыру мақсатында:
1. «Сұрау салатын Тарап» Келiсiмге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жiберетiн құзыреттi органды бiлдiредi;
2. «Сұрау салынатын Тарап» Келiсiмге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жiберiлген құзыреттi органды бiлдiредi.
3. «Үшiншi мемлекеттiң азаматы» - Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнен өзге азаматтыққа ие адам;
4. «Азаматтығы жоқ адам» - азаматтығы жоқ адам.

2-бап
Өз азаматтарын реадмиссиялау

1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң азаматтығы Келiсiмнiң
2-бабының 1-тармағына сәйкес:
1) осы Хаттамаға 1-қосымшада санамаланған құжаттардың кез келгенiмен олардың әрекет ету мерзiмi өтiп кетсе де дәлелденуi мүмкiн. Егер осындай құжаттар ұсынылса, онда Сұрау салынатын тарап одан әрi тексерусiз азаматтықты таниды.
Азаматтықты дәлелдеу жасанды немесе бұрмаланған құжаттардың негiзiнде анықтала алмайды;
2) Осы Хаттамаға 2-қосымшада санамаланған құжаттардың кез келгенi негiзiнде олардың әрекет ету мерзiмi өтiп кетсе де анықталуы мүмкiн. Егер осындай құжаттар ұсынылатын болса, онда Сұрау салынатын Тарап егер оны керiсiнше дәлелдей алмайтын болса, азаматтық анықталған болып есептеледi.
Азаматтықты дәлелдеу жалған немесе бұрмаланған құжаттардың негiзiнде анықтала алмайды.

3-бап
Үшiншi мемлекеттердiң азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау

1. Келiсiмнiң 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үшiншi мемлекеттердiң азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшiн негiздердiң бар болуы:
1) осы Хаттамаға 3-қосымшаның А бөлiгiнде санамаланған құжаттардың кез келгенiмен дәлелденуi мүмкiн. Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса, онда Сұрау салынатын тарап одан әрi тексермей, адамды реадмиссиялау үшiн шарттардың бар екенiн мойындайды;
2) осы Хаттамаға 3-қосымшаның В бөлiгiнде санамаланған құжаттардың кез келгенi негiзiнде анықталуы мүмкiн. Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса және Сұрау салынатын тарап керiсiнше дәлелдей алмаса, онда ол адамды реадмиссиялау үшiн шарттардың бар екенiн мойындайды.
2. Келiсiмнiң 3-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес үшiншi мемлекеттердiң азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшiн шарттардың бар екенi:
1) осы Хаттамаға 4-қосымшаның А бөлiгiнде санамаланған құжаттардың кез келгенiмен немесе басқа да дәлелдемелермен дәлелденуi мүмкiн Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса және Сұрау салынатын тарап керiсiнше дәлелдей алмаса, онда ол адамды реадмиссиялау үшiн шарттардың бар екенiн мойындайды.
2) осы Хаттамаға 4-қосымшаның В бөлiгiнде санамаланған құжаттардың кез келгенi немесе басқа да дәлелдемелердiң негiзiнде анықталуы мүмкiн. Егер осындай дәлелдемелер ұсынылса және Сұрау салынатын тарап керiсiнше дәлелдей алмаса, онда ол адамды реадмиссиялау үшiн шарттардың бар екенiн мойындайды.
3. Үшiншi мемлекеттердiң азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшiн шарттардың бар екенiн дәлелдеу қолдан жасалған немесе бұрмаланған құжаттардың негiзiнде анықтала алмайды.

4-бап
Реадмиссия туралы қолдаухат

1. Реадмиссия туралы қолдаухат Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес осы Хаттамаға 5-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша жасалады. Реадмиссия туралы қолдаухат және оған жауап алдын ала факсимильдiк байланыс арқылы жолданады.
2. Егер Келiсiмнiң 6-бабының 2-тармағына сәйкес әңгiмелесу жүргiзу қажеттiлiгi туындаған жағдайда, онда әңгiмелесу туралы сұрау салу реадмиссия туралы қолдаухаттың F бөлiмiнде көрсетiледi.
3. Қолдаухатқа оларға сәйкес Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң азаматтығы дәлелденген болса немесе оның негiзiнде үшiншi мемлекеттердiң азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар үшiн жағдайлардың болуы белгiленген болса, құжаттардың көшiрмелерi тiркеледi.
4. Уағдаласушы тараптар Келiсiм мен осы Хаттама күшiне енген соң он төрт жұмыс күнiнен кешiктiрмей оларға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының азаматтығы дәлелденетiн үлгi құжат нысандарымен, сондай-ақ Келiсiмнiң 3-бабының 3-тармағына сәйкес жүру құжатының үлгi нысанымен алмасады.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттарға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда Уағдаласушы Тарап бұл туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлайды және оған құжаттың өзгертiлген немесе жаңа нысанын жолдайды.

5-бап
Iлесiп жүрiп беру

1. Егер реадмиссияға жататын адамға көмек көрсету немесе оның денсаулығы жай-күйiне не болмаса жасына байланысты медициналық көмек көрсетуде мұқтаж болса немесе оны қорғау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет болса, онда оған iлесiп жүру ұсынылады.
2. Реадмиссияға жататын адамға iлесiп жүру қажеттiлiгi реадмиссияға жататын адамды беру есебiнде көрсетiледi, ол осы Хаттамаға 6-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша екi данада жасалады.

6-бап
Транзит туралы қолдаухат

1. Транзит туралы қолдаухат осы Хаттамаға 7-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша Келiсiмнiң 10-бабына сәйкес жасалады.
2. Транзит туралы қолдаухат транзит көзделген уақыттан 14 күнтiзбелiк күн бұрын жолданады. Транзит туралы қолдаухат және оған жауап алдын ала факсимильдiк байланыс арқылы жiберiледi.

7-бап
Құзыреттi органдар

1. Келiсiмдi және осы Хаттаманы iске асыру үшiн құзыреттi органдар:
1) Қазақстан Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:
2) Чех Республикасы үшiн
Чех Республикасының полициясы
Шетелдiктер iсi жөнiндегi полиция қызметiнiң басқармасы.
2. Уағдаласушы тараптар осы Хаттама күшiне енуi алдында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген заңды мекенжайларымен, құзыреттi органдардың телефон нөмiрлерi мен факсимильдiк аппараттардың нөмiрлерiмен алмасады.
Осы тармақта көрсетiлген байланыс мәлiметтерi өзгерген жағдайда Уағдаласушы Тарап бұл туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлайды және оларға өзгертiлген немесе жаңа байланыс мәлiметтерiн жiбередi.

8-бап
Шекарадан өту пункттерi

1. Келiсiмдi және осы Хаттаманы iске асыру үшiн құзыреттi органдар осы Хаттаманың 7-бабына сәйкес мемлекеттiк шекарадан өтудiң мынадай пункттерiн пайдаланады:
1) Қазақстан Республикасы үшiн
- Астананың халықаралық әуежайы,
- Алматының халықаралық әуежай;
2) Чех Республикасы үшiн:
Прага қаласының Ruzynе әуежайы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк шекаралардан өту пункттерiнiң тiзiмiнде өзгерiстер болған жағдайда Уағдаласушы Тарап бұл туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлайды және оларға өзгертiлген мәлiметтердi жiбередi.

9-бап
Шығыстарды өтеу

1. Келiсiмнiң 11-бабына сәйкес Сұрау салатын тараптың мемлекетi Сұрау салынатын Тараптың мемлекетiне шотты алған соң, 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң шотына банктiк аударым арқылы барлық келген шығыстардың орнын толтырады. Жоғарыда аталған шығыстар мыналарға қатысты:
1) тасымалдау
2) отырғызу,
3) тұру,
4) жедел медициналық қызмет көрсету,
5) қажет болған жағдайда аудармашымен қамтамасыз ету,
6) осы Хаттаманың 7-бабына сәйкес алдын ала құзыреттi органдар келiскен басқа да шығыстар.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өтелетiн шығыстардың сомасы Сұрау салатын Тараптың заңнамасымен реттеледi және нақты шығындарды дәлелдейтiн құжаттардың негiзiнде белгiленедi.
3. Тасымалдау шығыстары дегенiмiз қызмет көрсету автомашинасын немесе қоғамдық көлiктi пайдалану арқылы жол жүру шығындарын бiлдiредi; таксидi пайдалануға арналған шығындар болмайды. Басқа негiзгi шығыстар барынша көп тиiмдiлiк қағидатын негiзделген шығындарды ғана қамту қажет.
4. Сұрау салынатын тарап мемлекетi осы баптың 1-тармағына сәйкес алдағы күнтiзбелiк айы iшiнде шығыстарды өтеу шотын ұсынуы тиiс.
5. Шығындарды өтеу шотына нақты шығындарды растайтын құжаттар қоса берiледi.
6. Осы баптың 1-тармағының ережелерi iлесiп жүретiн адамдарға да қолданылады.

10-бап
Тiлдер

Келiсiмдi және осы Хаттаманы iске асыру үшiн құзыреттi органдар ағылшын және орыс тiлдерiн пайдаланады.

11-бап
Дауларды шешу

Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты ықтимал даулар Уағдаласушы Тараптар арасындағы келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

12-бап
Өзгертулер мен толықтырулар

Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттамаға хаттамамен ресiмделетiн, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

13-бап
Қорытынды ережелер

1. Осы Хаттама Келiсiм күшiне енген күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Хаттама Келiсiмнiң қолданылуы тоқтауымен бiр уақытта өз әрекетiн тоқтатады.
3. Осы Хаттаманың ережелерi Келiсiм тоқтата тұрылған кезең iшiнде қолданылмайды.

________________ қаласында 20___жылғы «___» ________ екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, чех, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей заңды күшi бар. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

Қазақстан Республикасы Чех Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi үшiн Iшкi iстер министрлiгi үшiн

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
1-қосымша

АЗАМАТТЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕУ ТIЗIМI
(осы Хаттаманың 2-бабының 1-тармағы)

1. Қазақстан Республикасы үшiн:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi;
тұруға рұқсаты;
азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгi;
Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты;
Қазақстан Республикасы азаматының қызметтiк паспорты;
туу туралы куәлiгi;
оралуы құжаты.
2. Чех Республикасы үшiн
кез келген жол жүру құжатының түрi (ұлттық паспорт, дипломаттық паспорт, қызметтiк паспорт, төтенше паспорт);
Чех Республикасының жеке куәлiгi;
азаматтық куәлiгi.

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
2-қосымша

АЗАМАТТЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕУДIҢ ЖАЛПЫ ТIЗIМI
(осы хаттаманың 2-бабының 2-тармағы)

Осы Хаттамаға 1-қосымшада санамаланған кез келген құжаттардың фотокөшiрмелерi;
азаматтығы көрсетiлген немесе айтылған кез келген ресми құжат немесе оның фотокөшiрмесi;
әскери билет, тiркеу куәлiгi, әскери қызмет кiтапшасы, әскери жеке куәлiк немесе оның фотокөшiрмелерi;
теңiзшiнiң тiркеу кiтапшасы немесе оның фотокөшiрмесi;
жүргiзушi куәлiгi немесе оның фотокөшiрмесi;
туу туралы куәлiк немесе оның фотокөшiрмесi;
қызметтiк куәлiк немесе оның фотокөшiрмесi;
куәлардың дәлелдi сөздерi;
адамның өзiнiң дәлелдi сөздерi;
Чехия Республикасы азаматтарының жағдайында қосымша мыналар ұсынылады: Чехия Республикасының азаматтығын көрсететiн Чехословакия Республикасының, Чехословакия Социалистiк Республикасының, Чех және Словакия Федеративтiк Республикаларының жеке куәлiгi;
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтығын анықтауға көмектесе алуы мүмкiн кез келген құжат.

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
3-қосымша

ҮШIНШI МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ
АЗАМАТТЫҒЫН ДӘЛЕЛДЕУ ТIЗIМI
(осы Хаттаманың 3-бабының 1-тармағы)

A

- жеделдетiлген рәсiм мақсатында, атап айтқанда қаралатын адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң аумағынан тiкелей Сұрау салатын Тарап мемлекетiнiң аумағына кiргенiн куәландыра алатын Сұрау салатын Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi шекаралық органының қызметкерi жасаған ресми арызы;
- қаралып отырған адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң аумағынан тiкелей Сұрау салатын Тарап мемлекетiнiң аумағына кiргенiн куәландыратын халықаралық тасымалдардың әуе рейстерiне, пойыздарына, автобустарына арналған атаулы билеттер;
- қаралып отырған адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң аумағынан тiкелей Сұрау салатын Тарап мемлекетiнiң аумағына кiргенiн куәландыратын әуе, темiржол және автобуспен жүрген жолаушылардың тiзiмi.

B

- атап айтқанда қаралатын адамның Сұрау салынатын тарап мемлекетiнiң аумағынан тiкелей Сұрау салушы тарап мемлекетiнiң аумағына кiргенiн куәландыра алатын Сұрау салушы тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi шекаралық органының қызметкерi және басқа да куәлар жасаған ресми арыздары;
- қаралып отырған адамның Сұрау салатын мемлекеттiң аумағында анық қалғанын көрсететiн құжаттар, куәлiктер, кез келген түрдегi шоттар (мысалы қонақ үй шоты, дәрiгерлер/дантисттер үшiн тағайындау карталары, қоғамдық/жеке ұйымдар үшiн кiру карталары, автомобильдердi жалға алу туралы келiсiмдер, кредиттiк карталары бойынша қолхаттар және т.б.);
- қаралып отырған адамның курьердiң немесе туристiк агенттiктiң қызметтерiн пайдаланғанын көрсететiн ақпарат;
- қаралып отырған адамның сот немесе әкiмшiлiк сот iс жүргiзуiнде жазған ресми арызы.

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
4-қосымша

ҮШIНШI МЕМЛЕКЕТТЕР АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ
АДАМДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТIЗIМI
(осы Хаттаманың 3-бабының 2-тармағы)

А

Сұрау салынатын Тараптың мемлекетi берген жарамды виза және/немесе тұруға рұқсаты;
Қаралып отырған адамның жүру құжатындағы Сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң кiру/шығу мөрi немесе басқа кiру/шығу куәлiгi.

B

осы қосымшаның А бөлiгiнде санамаланған құжаттардың кез келгенiнiң фотокөшiрмелерi;
қаралып отырған адамның сот немесе әкiмшiлiк сот iс жүргiзуiнде жасалған ресми арызы.

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
5-қосымша

[эмблема ….]

........................... ...........................
........................... (орны және күнi)
(Сұрау салатын мемлекеттiң
уәкiлеттi органының атауы)
_
Reference: .................. |_| жеделдетiлген рәсiмдер

...........................
...........................
...........................
(Сұрау салынатын мемлекеттiң
құзыреттi органының атауы)

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех
Республикасының Үкiметi арасындағы Заңсыз келетiн адамдардың
реадмиссиясы туралы келiсiмнiң 5-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ ҚОЛДАУХАТ

A. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРI
1. Толық аты (тегiн сызу қажет): ____________
......................................... | |
2. Бұрынғы тегi / туған кезiндегi тегi: | |
......................................... | Photograph|
3. Туған күнi және орны: | |
......................................... |___________|
4. Шығу мемлекетiнде тұру немесе тұрақты тұратын жердiң мекенжайы:
...................................................................
...................................................................
5. Ұлты және тiлi:
...................................................................
...................................................................
6. отбасы жағдайы: __ үйленген/тұрмыста __ бойдақ __ ажырасқан
__ тұл еркек
7. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсi,
ерекше белгiлерi және т.б..):
...................................................................
................................

8. Сонымен бiрге мыналар бойынша белгiлi (бұрынғы аты, басқа да бұрын
қолданған белгiлi аттары немесе лақап аттары):
...................................................................
................................

Егер үйленген/тұрмыста болса: жұбайының аты
...................................................................

балалардың аты және жасы (егер бар болса)
....................................................
....................................................
....................................................
....................................................

9. Сұрау салатын мемлекеттегi соңғы мекенжайы:
..................................................................

B. ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРI (ЕГЕР БАР БОЛСА)
1. Толық аты (тегiн сызу қажет):
..............................................................
2. Бұрынғы тегi / туған кезiндегi тегi:
..............................................................
3. Туған күнi және орны:
..............................................................
4. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсi,
ерекше белгiлерi және т.б..):
..............................................................
........................
5. Сонымен бiрге мыналар бойынша белгiлi (бұрынғы аты, басқа да бұрын
қолданған белгiлi аттары немесе лақап аттары):
...................................................................
6. Ұлты және тiлi:
...................................................................

C. ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРI (ЕГЕР БАР БОЛСА)
1. Толық аты (тегiн сызу қажет):
..............................................................
2. Туған күнi және орны: ..............................................................
3. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсi,
ерекше белгiлерi және т.б..):
..............................................................
4. Ұлты және тiлi:
.................................................................
..........................................................
D. ҚОСА БЕРIЛЕТIН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ТҮРЛЕРI
1........................... ............................
(Паспорт нөмiрi.) (берген күнi және орны)
............................ ............................
(берген орган) (жарамдылық күнi)
2........................... ............................
(жеке куәлiгiнiң нөмiрi.) (берген күнi және орны)
............................ ............................
(берген орган) (жарамдылық күнi)
3........................... ............................
(жүргiзушi куәлiгiнiң нөмiрi.) (берген күнi және орны)
............................ ............................
(берген орган) (жарамдылық күнi)
4........................... ............................
(басқа да ресми құжаттың нөмiрi) (берген күнi және орны)
............................ ............................
(берген орган) (жарамдылық датасы)

E. ТАСЫМАЛДАУҒА ЖАТАТЫН ЕРЕКШЕ МӘН-ЖАЙЛАР
1. Денсаулық жағдайы
(e.g. арнайы медициналық жүгiну бойынша ықтимал сiлтемелер;
аурудың латын тiлiндегi атауы):
..................................................................
..................................................................
2. қауiптi адамдарды бөлек көрсету
(e.g. suspected of offence; агрессиялық мiнез):
.................................................................
.................................................................
F. ЕСКЕРТУЛЕР:
.................................................................
.................................................................
.................................................................

...................................................
(Сұрау салатын мемлекеттiң құзыреттi органының қолы) (мөрi)

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
6-қосымша

.......................................
Сұрау салатын мемлекеттiң құзыреттi органы

сiлтеме №:
.......................................
Сұрау салынатын мемлекеттiң құзыреттi органы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз келетiн адамдардың реадмиссиясы туралы
келiсiмдi iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы IIМ мен Чех
Республикасы IIМ арасындағы хаттаманың 5 (2)-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯҒА ЖАТАТЫН АДАМДЫ БЕРУ ЕСЕБI

А. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРI
1. Толық аты (тегiн сызу қажет): .................................
2. Туған күнi және орны:..........................................
3. Ұлты:
..................................................................
4. Жынысы
..................................................................
B. IЛЕСIП ЖҮРЕТIН ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРI
1. Толық аты (тегiн сызу қажет):..................................
2. Туған күнi және орны: .........................................
3. Жынысы:........................................................
4. Ұлты:
C. Iлесiп жүретiн балалардың жеке деректерi
1. Толық аты (тегiн сызу қажет): ................................
2. Туған күнi және орны: ........................................
3. Жынысы: ......................................................
4. Ұлты: ........................................................

D. РЕАДМИССИЯҒА ЖАТАТЫН АДАМҒА ТИЕСIЛI ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛМА ҚОЛ
АҚШАСЫ
1. .............................
2. .............................
3. .............................

Ескерту: .......................................

(Күнi) ...............
(Орны) ...............

Сұрау салатын мемлекеттiң Сұрау салынатын мемлекеттiң
құзыреттi органы үшiн құзыреттi органы үшiн
Аты: Аты:
Тегi: Тегi:
Лауазымы: Лауазымы:
Қолы: Қолы:

Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз
келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмдi iске асыру
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
IIМ мен Чех Республикасы IIМ
арасындағы хаттамаға
7-қосымша

[эмблема ….]

........................... ...........................
........................... (орны және күнi)
(Сұрау салатын мемлекеттiң
уәкiлеттi органының атауы)

Сiлтеме: ..................

...........................
.........
...........................
.........
...........................
.........
(Сұрау салынатын мемлекеттiң
құзыреттi органының атауы)

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының
Үкiметi арасындағы Заңсыз келетiн адамдардың реадмиссиясы
туралы келiсiмнiң 10-бабына сәйкес
ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ ҚОЛДАУХАТ

A. ЖҰБАЙЫНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРI (егер бар болса)

1. Толық аты (тегiн сызу қажет): ____________
......................................... | |
2. Бұрынғы тегi / туған кезiндегi тегi: | |
......................................... | Photograph|
3. Туған күнi және орны: | |
......................................... |___________|
4. Жынысы және физикалық сипаттамасы (бойы, көз қарашығының түсi,
ерекше белгiлерi және т.б..):
.........................................
5. Сонымен бiрге мыналар бойынша белгiлi (бұрынғы аты, басқа да бұрын
қолданған белгiлi аттары немесе лақап аттары):
.........................................................
.........................................................
6. Ұлты және тiлi:
.........................................................
.........................................................

B. ТРАНЗИТ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯ
1. Транзит түрi
әуе бойынша жермен
2. Баратын мемлекет
.........................................................

3. Транзиттiң басқа да ықтимал мемлекеттерi
.........................................................
4. Шекарадан өтудiң болжамды пункттерi, тасымалдау күнi, уақыты
және ықтимал iлесiп жүрудiң детальдары (iлесiп жүрушi мүшелерiнiң
аттарын қамти отырып)
.........................................................
.........................................................
.........................................................
5. Кез келген транзит мемлекетке және баратын мемлекетке кепiлденген
кiруi Келiсiмнiң 9 (2)-бабы
иә Жоқ
6. транзитте бас тарту үшiн қандай да бiр себептердiң болуы
Келiсiмнiң 9 (4)-бабы
иә Жоқ
C. ЕСКЕРТУЛЕР
.........................................................
.........................................................
.........................................................
(Сұрау салатын мемлекеттiң құзыреттi органының қолы) (мөрi)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina