Қазақстан Респудликасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабы туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабы (бұдан әрi - Даңқ Кiтабы) тағайындалсын. 2. Қоса берiлiп отырған: Даңқ Кiтабын жүргiзу және сақтау ережесi; Даңқ Кiтабының сипаттамасы бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Даңқ Кiтабын дайындауды, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiне берудi және қажеттiлiгiне қарай оны кейiннен дайындауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi Мәдениет комитетiнiң «Президенттiк мәдениет орталығы» мемлекеттiк мекемесi Даңқ Кiтабын жүргiзу және сақтау үшiн жауапты болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрлiктерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|