Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы № 176 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 Қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 318-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабын жүргiзу және сақтау ережесiнде: 4 және 5-тармақтардағы «Тұңғыш Президентi» деген сөздер «Тұңғыш Президентi - Елбасы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|