ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы № 179 Қаулысы
"Биоэтанол қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Биоэтанол қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 179 қаулысымен
бекiтiлген

«Биоэтанол қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»
техникалық регламентi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ БТН) сәйкес «80 (көл.) % немесе одан көп болатын денатуратталмаған этил спиртi; денатуратталмаған кез келген концентрациядағы этил спиртi және өзге де спирттер» 22-тобының 2207-кiшi тобына кiретiн өндiрiлетiн (әзiрленетiн) және әкелiнетiн (импортталатын) биоэтанол қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Биоэтанол өндiрiсi және айналымы кезiнде:
1) химиялық препараттарды және реактивтердi абайсыз қолдану;
2) биоэтанолды өндiру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезiнде отты абайсыз қолдану;
3) орамның герметикалық еместiгi және төгiлуi;
4) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстiңгi бетiнiң жоғары немесе төмен температурасы;
5) жылудың артық мөлшерi бөлiнетiн, қауiптi пайдалану процестерi;
6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру;
7) биоэтанолдың ауыз суға түсуi;
8) көзге, iшек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терiсiне түсуi қауiптi факторлар болып табылады.
3. Биоэтанолды сәйкестендiру жиынтығында сәйкестендiруге жеткiлiктi болатын таңбалау және iлеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткiштер мен талаптар бойынша жүргiзiледi.
Сәйкестендiрудi биоэтанолға қойылатын талаптарды белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды пайдалану арқылы мынадай әдiстердiң бiрiмен немесе олардың үйлесiмiмен:
1) биоэтанол партиясын сипаттайтын құжаттарды талдаумен;
2) биоэтанолды зерттеумен және (немесе) сынаумен жүргiзiледi.

2. Терминдер мен анықтамалар

4. Осы Техникалық регламентте мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнамаларда белгiленген, сондай-ақ осы Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) биоотын - биомассадан өндiрiлген көлiкке немесе өзге техникаға арналған сұйық немесе газ тәрiздес отын;
2) биомасса - ауыл шаруашылығы өндiрiсi (өсiмдiктер мен жануарлар субстанцияларын қоса алғанда), орман және онымен байланысты өнеркәсiп салалары өнiмдерiнiң, қалдықтарының және қалғандарының биоыдырайтын фракциясы, сондай-ақ индустриялдық және муниципалдық қалдықтардың биоыдырайтын фракциясы;
3) биоэтанол - денатурацияға ұшыраған, биоотын ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктен алынатын шикiзатты қайта өңдеу процесiнде алынатын этил спиртi;
4) денатурация - биоэтанол құрамында денатураттаушы қосымшалардың, яғни ағзаға зиянды әсер ететiн, дәмi немесе иiсi жағымсыз, спиртте толық еритiн және қарапайым физикалық-химиялық әдiстермен (айдаумен, мұздатумен) бөлiнбейтiн қосымшалардың болуын қамтамасыз ету;
5) өлi қалдық - ыдыс конструкциясының ерекшелiгiне байланысты одан тастауға болмайтын отын қалдығының деңгейi;
6) үйме жасау — жер үстi суларының деңгейi өзгерген кезде (су басу, су тасу, судың көтерiлуi және судың желмен айдалуы) су басып қалуы мүмкiн аумақтарды қорғауға, сондай-ақ резервуарлы парктердiң айналасында мұнай өнiмдердiң төгiлу алаңын шектеуге арналған қоршау құрылыстарының немесе жер дуандарының жүйесi.

3. Биоэтанолдың нарықтағы айналымының шарттары

5. Қазақстан Республикасы нарығындағы айналымдағы биоэтанол осы Техникалық регламентпен белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс және биоэтанол паспорты және сәйкестiк сертификатымен қоса берiлуi тиiс.
6. Жанармай құю станцияларында таза биоэтанолды сатуға жол берiлмейдi. Құрамында 5 пайыздан кем емес, бiрақ 10 пайыздан аспайтын биоэтанолы бар бензиндi сатуға рұқсат етiледi.
7. Биоэтанол паспорты төменде келтiрiлген мәлiметтердi:
1) биоэтанолдың атауын, оның нысаналы мақсатын;
2) әзiрлеушiнiң және оның уәкiлеттi өкiлiнiң атауын, биоэтанолдың шығарылған елiн, сатуды жүзеге асыратын субъектiнiң атауы мен орналасқан жерiн (мекенжайы, телефоны);
3) биоэтанол сәйкес келетiн нормаларды қамтитын құжаттар туралы ақпаратты;
4) дайындалған күнiн және партиясының нөмiрiн;
5) ыдыстағы таза салмағын;
6) оған арналған техниканың экологиялық сыныбын;
7) жүк қауiптiлiгiнiң сыныптау шифрi;
8) осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келетiн нормаларды, сынақтардың нәтижелерi бойынша белгiленген сол сипаттамалардың нақты мәндерiн, сынама алынған күндi, сол сынама алынған резервуар нөмiрiн (партия нөмiрiн);
9) биоэтанолға талдау жүргiзiлетiн күндi;
10) биоэтанолға қосылған телiмдердiң бары және атауы туралы, немесе телiмдердiң жоқтығы туралы мәлiметтердi;
11) биоэтанолды сақтау шарттарын;
12) манипуляциялық белгiлер туралы мәлiметтердi;
13) сәйкестiк сертификаты туралы мәлiметтердi;
14) биоэтанолды қауiпсiз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Дайындаушы беретiн биоэтанол паспортына кәсiпорынның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.
8. Егер кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен ұштасқан қалдықтардың пайда болуына немесе экономикалық жөнсiздiкке әкелетiн болса, биоэтанолды әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады.

4. Биоэтанол қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

9. Биоэтанол осы Техникалық регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
10. Биоэтанолда бояғыштардың (жасыл және көгiлдiр түстен басқа) және белгiлегiш заттардың болуына рұқсат етiледi.
11. Биоэтанолдың пайдалану сапасын жақсарту үшiн зиянды жанама әсерiн тигiзбейтiн бүлiнуге қарсы, жуғыш және көп функционалды телiмдердi қолдануға рұқсат етiледi.

5. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы талаптар

12. Ректификациялық қондырғыларды пайдалану процесiнде:
1) сальниктерде, құбырларда, фланецтi қосылыстарда және қондырғының басқа да элементтерiнде биоэтанолдың ағуы болған кезде жұмыс iстеуге;
2) ашық от қолдануға;
3) қызып тұрған металды заттармен (дәнекерлеуiштермен), ұшқын бере алатын жабдықтармен және құрал-саймандармен жұмыс iстеуге;
4) ректификациялық бөлiмдерде өздiгiнен тұтанатын материалдарды сақтауға;
5) қондырғы бағаналарында артық қысымды 0,05 МПа-дан асырмай жоғарылатуға;
6) ректификациялық қондырғылардың жекелеген аппараттарында олар жұмыс iстеп тұрған кезiнде тазарту жүргiзуге тыйым салынады.
13. Өрттi болдырмау мақсатында:
1) аппараттар мен құбыржолдар iшiнде ауа сорылу нәтижесiнде жарылу қаупi бар қоспалардың түзiлуiне;
2) технологиялық жабдықтың герметикалығының бұзылуы нәтижесiнде атмосфераға жарылыс қауiптi газдардың (этиленнiң, отынды газдың), биоэтанол буларының шығарылуына;
3) жарылудың төменгi шегiнен жоғары ауада биоэтанолдың жарылыс қауiптi концентрациясының түзiлуiне;
4) аппараттар мен құбырлардың қабырғаларында түзiлетiн көмiрсутектi полимерлердiң өздiгiнен тұтануына;
5) сұйықтық соққыларына (яғни құламалы ағыспен өнiм беру соққыларына) жол берiлмейдi.
14. Жабдықтың сыртқы бетiнiң және жылу оқшаулағыш жабын қаптамаларының температурасы өнiмдердiң өздiгiнен тұтану температурасынан жоғары болмауы тиiс.
15. Жөндеу жұмыстары кезiнде биоэтанол қалдықтары, оның буы жарылыс және (немесе) өрттiң түзiлу қаупiн тудырмауы тиiс.
16. Электр жабдығы және жарықтандыру жарылыстан қауiпсiз орындалған, жабдықтар мен құбырлар - жерге тұйықталған болуы тиiс.

6. Өндiрiстiк процестер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

17. Биоэтанолға арналған әрбiр резервуарға резервуар нөмiрi, оның мақсаты, құйылудың ең жоғарғы деңгейi, ең төменгi қалдық, толтыру және босату жылдамдығы көрсетiлетiн технологиялық карта жасалуы тиiс.
Резервуар люктерiнiң қақпақтары герметикалы жабылуы тиiс.
18. Биоэтанолды компаундирлеу оның айналымы процесiнде биоэтанолдың жанармайдан бөлiну мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс.
19. Резервуарлы парктiң сорғыш үй-жайларында: еден, қабырғалар, табалдырық темiрлеп цементтелген болуы тиiс. Еден шұңқыры бар есiкке қарама-қарсы жаққа еңiсiн болуы тиiс. Биоэтанол төгiлген жағдайда шұңқырдан, кәдеге жаратуға сорғымен айдап шығарылуы немесе қайта өңдеуге қайтарылуы тиiс.
20. Резервуарлардың әр тобы немесе жекелеген резервуарлар топырақты немесе бетонды дуалмен үйiлуi тиiс.
21. Үйменiң iшiндегi бос көлем мыналарға:
1) бөлек тұрған резервуарлар үшiн - резервуарлардың толық сыйымдылығына;
2) резервуарлар топтары үшiн - резервуарлардың үлкен сыйымдылығына тең болуы тиiс.
Үйменiң биiктiгi құйылған биоэтанолдың есептелген деңгейiнен 0,2 м жоғары болуы қажет.
22. Биоэтанолды сақтауға арналған резервуарлар iргетасқа берiк бекiтiлген болуы тиiс.
23. Резервуар түбiнiң ең төменгi нүктесiн iлмектi құрылғысы бар үлестiретiн келтеқұбыр бекiтiледi.
24. Резервуарлардағы биоэтанол деңгейiн бақылау үшiн резервуарлардың толып кетуiн ескертетiн, шектi деңгей дабылы бар жарылыс қаупi жоқ деңгей өлшегiш орнатылуы тиiс.
25. Әрбiр резервуар оттан сақтандырғышы бар желдету клапанымен жабдықталуы тиiс.
26. Технологиялық жабдықтарға, құбырларға және басқа орындарға орнатылған ұшқын өшiргiш, ұшқын ұстағыш, от тұтқыш, от бөгегiш, шаң және металл ұстағыш және жарылысқа қарсы құралдар, статикалық электрден қорғану жүйелерi жұмыс қалпында ұсталуы тиiс.
Резервуарлы парк қоршалуы және күзет дабылымен жабдықталуы тиiс. Дабыл үнемi қосылып тұруы тиiс.
27. Барлық жарылыс қаупi бар және өрт қаупi бар учаскелер екiжақты телефондық байланыспен, ал өзара байланысқан учаскелер (резервуарлы парк, дайын өнiмдi қабылдайтын және жiберетiн бөлiмшелер, биоэтанол құюға және төгуге арналған эстакадалар) - байланысты агрегаттардың жұмысы туралы дабылдармен қамтамасыз етiлуi тиiс.

7. Буып-түюге, сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар

28. Сақтау үшiн осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетiн және тауар тiзбегiнiң қадағалануын қамтамасыз ететiн құжаттары бар биоэтанол қабылданады.
29. Биоэтанолды сақтауға арналған үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндiру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндiру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет.
30. Биоэтанол бар көлiктiк ыдыс тығыз жабылған, пломбаланған, мөрленген, өнiмнiң ағып кетуiн және тозаңдатуын толық болдырмайтын болу тиiс. Биоэтанолды тасымалдау кезде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жазық тұғырықпен пакеттеу пайдаланылуы қажет.
31. Биоэтанолды сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстар мен құбырлар статикалық тоқтан қорғалуы тиiс.
32. Биоэтанолмен байланыста болатын цистерналар мен ыдыстардың үстiңгi бетi онымен реакцияға түспеуi және оның ластану көзi болмауы тиiс.
33. Ыдысты отынмен толтыру дәрежесi көлемнiң 95 пайызынан аспауы тиiс.
34. Құюға дайындау үшiн берiлетiн цистерналар құйылған өнiмнiң атауын қамтитын құжатпен бiрге берiлуi тиiс. Көрсетiлген құжат болмаған кезде құйылған өнiмнiң атауы цистернадан алынған қалдықты талдаумен белгiленедi.
35. Биоэтанолды цистернаға еркiн құлайтын ағыспен құюға тыйым салынады. Биоэтанолды айдау мiндеттi түрде цистернадағы сұйықтық деңгейiмен жүргiзiледi, яғни өнiм ағатын құбырды орнату өнiмнiң «өлi» қалдығы деңгейiнен төмен болуы тиiс.
Бос цистерналарды толтырған кезде, яғни «өлi» қалдық, ерекше сақтық шаралары қолданылуы тиiс (баяу толтыру, күшейтiлген бақылау).
36. Цистерналарды олардың сыйымдылығын толық пайдалану, сондай-ақ жол кезiнде жүккөтерiмдiлiгiнен аспайтын температура өзгерiсiнен өнiмнiң көлемдiк кеңей есебiмен, бiрақ көлiк құралдарының жүк көтерерлiк шамасынан артық емес толтырады.
37. Цистерналардан биоэтанол толық ағызып алынуы тиiс. Бұл ретте, төменгi ағызу құрылғысы жоқ цистерналарда биiктiгi 1 см-ден аспайтын қалдыққа жол берiледi.
38. Толтырылғаннан кейiн ыдыс сүртiлуi тиiс.
39. Биоэтанолды сақтау және тасымалдау өнiмнiң төгiлуiн болдырмайтын саңылаусыз жабылған ыдыста жүзеге асырылуы тиiс.
40. Ыдыстағы отынды сөрелерде, тұғырықтарда немесе жабық қойма үй-жайлардағы штабельдерде қалқаның астында немесе тiкелей күн сәулесiнiң әсерiнен қорғалып жоспарланған алаңда сақтау керек.
41. Мыналарға:
1) саңылаусыз емес жабдықтарды және тиектi арматураны пайдалануға;
2) жобалау нормаларымен белгiленген үймелеу биiктiгiн азайтуға;
3) қисық және жарығы бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, жеткiзушi құбырларды және өртке қарсы стационарлық құрылғыларды пайдалануға;
4) үймелеу аймағында ағаштардың және бұталардың болуына тыйым салынады.
42. Биоэтанолды жанатын ыдыстарда, түтiн шығатын терезелерi жоқ жертөлелер мен цокольдық қабаттардағы үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттың жалпы ортақ баспалдақтар торларының осы қабаттармен байланысқан жерлерде сақтауға рұқсат етiлмейдi.
43. Ыдыс мөлшерiне қарамастан, тиеу кезiнде өнiмдердi қызу араластыруға жол берiлмейдi. Биоэтанол бетiнде ешқандай бөтен жүзетiн заттар болмауы тиiс.
44. Жаңадан дайындалатын метал ыдыстарда электростатикалық ұшқын қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратын май-бензинге төзiмдi және буға төзiмдi қорғаныс қабаты болуы тиiс.
45. Биоэтанолды тасымалдау арнайы жабдықталған және тиiстi көлiк түрiн қолданылатын қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы жүзеге асырылады.
46. Отыны бар көлiктiк ыдыс пломбаланған болуы тиiс.

8. Кәдеге жарату және жою кезiнде қойылатын талаптар

47. Биоэтанол осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалған жағдайда (бұдан әрi - Сәйкес келмейтiн биоэтанол) биоэтанол кәдеге жаратуға немесе жоюға жатады.
48. Биоэтанол өндiрiсiне немесе айналымына тыйым салу туралы шешiмдi құзыретiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қауiптi өнiмдi анықтаған мемлекеттiк орган қабылдайды.
Сәйкес келмейтiн биоэтанолды өндiрушi, сатушы (бұдан әрi — Иесi) өз бетiнше немесе мемлекеттiк органдардың нұсқамасы негiзiнде кәдеге жарату немесе жою үшiн оны өндiрiстен немесе айналымнан шығарады.
49. Сәйкес келмейтiн биоэтанол сараптама жүргiзу, оны одан әрi кәдеге жарату немесе жою туралы шешiм қабылдау және оны орындау үшiн қажеттi кезең iшiнде Иесiнiң арнайы бөлiнген орындарында оған қол жеткiзудi болдырмайтын шарттар сақтала отырып, уақытша сақтауда болады. Уақытша сақтауға қойылған Сәйкес келмейтiн биоэтанолды Иесi қатаң есепке алуы тиiс.
50. Қайта өңделген Сәйкес келмейтiн биоэтанолды сәйкестiктi растау рәсiмiн өткiзгеннен кейiн ғана одан әрi пайдалануға болады.
51. Жою қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың мiндеттi талаптарын сақтай отырып, техникалық қол жетiмдi тәсiлмен (термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету арқылы) жүзеге асырылады, оның нәтижесiнде Сәйкес келмейтiн биоэтанол толық жойылады.
52. Сәйкес келмейтiн биоэтанолды жою үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен оның жұмыс мерзiмдерiн көрсете отырып, Өнiмдi жою жөнiндегi комиссия құрылады.
53. Өнiмдi жою жөнiндегi комиссияға биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның, биоотын айналымы, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, үкiметтiк емес ұйымдар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қауымдастықтарының (одақтарының) өкiлдерi кiредi.
Сәйкес келмейтiн деп танылған биоэтанол бойынша Иесi өз бастамасы бойынша және қаражаты есебiнен комиссия шешiм қабылдағанға дейiн аккредиттелген зертханаларда қосымша зертханалық сараптама өткiзе алады.
54. Комиссия жою актiсiн жасайды, онда актiнiң жасалған күнi мен орны, қажет болған жағдайда өнiмнiң иесi болып табылатын құқық бұзушының атауы, жойылуға жататын өнiмнiң атауы мен саны; жою тәсiлi, жоюдың уақыты мен орны; комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымдары көрсетiледi.
Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Егер, комиссия шешiммен келiспеген немесе қол болмаған жағдайда, актiге келiспеген немесе қол болмаған себептерiн негiздей отырып, анықтама қоса берiледi.
55. Радиациялық қауiп төндiретiн биоэтанол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көмiлуi тиiс.

9. Таңбалауға қойылатын талаптар

56. Биоэтанолды таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiмен бекiтiлген талаптарға, сондай-ақ осы бөлiмнiң талаптарына сәйкес келуi тиiс.
57. Тұтыну ыдысын таңбалау мынадай мәлiметтердi:
1) биоотынның атауын, нысаналы мақсатын;
2) осы Техникалық регламенттiң атауын;
3) дайындаушы кәсiпорынның тауарлық белгiсiн;
4) таза салмағын немесе көлемiн;
5) биоотынды дайындау күнi - айы және жылын;
6) партия нөмiрiн;
7) жүк қауiптiлiгiнiң сыныптау шифрiн;
8) «Өртке қауiптi» деген жазуды қамтуы тиiс.
58. Отыны бар көлiктiк ыдыстың әр бiрлiгiнде сумен немесе мұнай өнiмдерiмен, биоэтанолмен шайылып кетпейтiн трафарет немесе мөр таңбаның көмегiмен басылған мыналарды:
1) биооэтанол атауын;
2) дайындаушы кәсiпорынның тауарлық белгiсiн;
3) брутто және таза салмағын;
4) отынды дайындау күнi — айы және жылын;
5) партия нөмiрiн;
6) Техникалық регламент атауын;
7) жүк қауiптiлiгiнiң сыныптамалық шифрiн қамтитын жазу болуы тиiс.
Егер отыны бар көлiктiк ыдыста көрсетiлген жазуды түсiру мүмкiн болмаса, онда ыдысқа жапсырма бекiтiледi және осы жазу жазылған затбелгi жапсырылады, ал ыдыстың өзiне мөртаңбамен немесе трафаретпен биодизель атауы және оның дайындалған күнi бар шайылып кетпейтiн жазу түсiрiледi.
59. Көлiктiк ыдысқа көлiктiк таңбалау мен манипуляциялық белгiлер және жүктiң көлiктiк қауiптiлiгiн сипаттайтын таңба түсiрiледi.

10. Сәйкестiктi растау

60. Биоэтанол мiндеттi сертификаттау объектiсi болып табылады.
61. Биоэтанол сәйкестiгiн растау тәртiбi және схемасы «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген.

11. Қолданысқа енгiзу мерзiмдерi мен шарттары

62. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
63. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сәйкестiктi растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн қолданыста деп саналады.
64. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк-техникалық құжаттама осы Техникалық регламентке сәйкестендiрiлгенге дейiн осы Техникалық регламентке қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
65. Осы Техникалық регламент күшiне енгенге дейiн шығарылған биоэтанол жарамдылық мерзiмi аяқталғанға дейiн сатылады.

«Биоэтанол қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
1-қосымша

Биоэтанолдың физикалық және химиялық қасиеттерi

1-кесте

Көрсеткiш атауы

Көрсеткiш

Қайнау температурасы, оС-дан кем емес

78,8

Балқу температурасы, оС-дан кем емес

минус 117

20оС температурада үлес салмағы, кг/дм3

0,79-дан кем емес және
0,81-ден артық емес

20оС температурада суда ерiгiштегi, мг/дм3

шексiз

Араласуы (этил спиртi-су), 20оС

шексiз

Реакциялық қабiлетi

дегидрирленедi, қышқылданады, дегидратталады

Тұтану температурасы, кем емес

жабық тигельде 13,3оС
ашық тигельде 16оС

Жалындау температурасы, кем емес

18оС

Өздiгiнен жалындау, температурасы кем емес

400оС

этил спиртiнiң көлемдiк үлесi %, кем емес

92,1

метил спиртiнiң көлемдiк үлесi %, артық емес

0,5

Судың көлемдiк үлесi %, артық емес

1

Бос қышқылдың массалық үлесi, мг/дм3, артық емес

50

Мыстың болуы, мг/кг, артық емес

0,1

Күкiрттiң массалық үлесi, %, артық емес

0,003

Сутегi иондары белсендiлiгiнiң көрсеткiшi, рН, шегiнде

6,5-тен кем емес және
9,0-ден артық емес

Денатураттаушы қоспалардың көлемдiк үлесi, %, артық емес

1,0-ден кем емес және
5,0-ден артық емес

Биоэтанолдағы ерiткiшпен жуылған шайырдың массалық шоғырлануы, мг/дм3 (мг/100 см3), артық емес

50(5)

Хлор-иондардың массалық шоғырлануы, мг/дм3, артық емес

32

«Биоэтанол қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
2-қосымша

Биоотынды белгiлейтiн таңба


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina