Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 ақпандағы № 186 Қаулысы
Ауғанстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы Ауғанстан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Ауғанстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк материалдық резервтен 4897 (төрт мың сегiз жүз тоқсан жетi) тонна мөлшерiндегi күрiш жармасы броньнан шығарылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Ауғанстан Ислам Республикасына күрiш жармасын баратын жерiне дейiн тасымалдау және жеткiзу үшiн жылжымалы құрамды уақтылы берудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлiк және коммуникация министрлiктерi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|