ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 11 сәуiрде № 6877 тiркелдi
Банктiк заем шартының мiндеттi талаптарының тiзбесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 12-тармақтан қараңыз.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi – Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде - 4602 нөмiрiмен тiркелген) 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысында айқындалған ұғымдар пайдаланылады деп бекiтiлсiн.
2. Екiншi деңгейдегi банктер, оның iшiнде ислам банкi және «Қазақстанның Даму Банкi» акционерлiк қоғамы, банктiк заем операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, банктiң жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - банк) жасасатын банктiк заем шарты (бұдан әрi – шарт) шарттардың тиiстi түрiне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген талаптардан, тараптардың келiсуi бойынша айқындалған талаптардан, сондай-ақ мынадай тiзбеге сәйкес мiндеттi талаптардан тұрады:
1) шарттың жалпы талаптары;
2) заемшының құқықтары;
3) банктiң құқықтары;
4) банктiң мiндеттерi;
5) банк үшiн шектеулер;
6) мiндеттемелердi орындамағаны үшiн тараптардың жауаптылығы;
7) шарт талаптарына өзгерiстер енгiзудiң тәртiбi;
8) синдицилденген банктiк займ беру кезiнде - әр қатысушы синдикат-банктiң заемда қатысу сомасы мен үлесi, оның iшiнде заемшының төлем қабiлетсiздiгi жағдайында синдикаттың әр қатысушысы үшiн ықтимал шығындардың үлесiн бөле отырып;
9) ислам банкiнiң банктiк займ беру кезiнде - Банктер туралы Заңның 52-8, 52-9, 52-10-баптарында көрсетiлген талаптар;
10) ипотекалық тұрғын үй займы бойынша жеке тұлға болып табылатын кепiл берушiнiң құқы туралы талаптар, мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарламаны қолға берген немесе тапсырысты хатпен жiберген күннен бастап күнтiзбелiк жиырма бес күннiң iшiнде ипотекалық шарт тiркелген органда тiркелген ипотеканы сот тәртiбiнен тыс өткiзуден жазбаша бас тартуды ұсыну.
3. Шарттың жалпы талаптары:
1) шарт жасасқан күн;
2) банктiк заемның мақсаты (бұдан әрi - заем), бiр айдан аспайтын мерзiмге берiлген заемды, кредиттiк желi аясында төлем карточкалары бойынша берiлген шарттарды, овердрафт кредитiн, сондай-ақ оның аясында займ алу үшiн займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттiк желiнi ашу туралы келiсiмдi қоспағанда, бизнес-жоспарға немесе заемның техника-экономикалық негiздемесiне және (немесе) заемшының өтiнiшiне сәйкес келедi;
3) заемның жалпы сомасы және валютасы;
4) заемның мерзiмi;
5) сыйақы ставкасының түрi (тiркелген немесе құбылмалы), сыйақы ставкасының мөлшерi жылдық пайызбен, шартты жасау күнiне Агенттiк Басқармасының «Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегi туралы ақпаратты тарату кезiндегi сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн есептеу ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде - 4444 нөмiрiмен тiркелген) 2006 жылғы 23 қыркүйектегi № 215 қаулысына сәйкес сенiмдi жылдық тиiмдi салыстырмалы есептеудегi сыйақы ставкасының мөлшерi;
6) шартта құбылмалы сыйақы ставкасы көзделген болса, құбылмалы сыйақы ставкасын есептеу тәртiбi;
7) ислам банкiнiң коммерциялық кредиттi беруi кезiндегi үстеме бағасының түрi (тiркелген немесе тауарды сатып алу бағасының пайыздық мәнiмен);
8) өтеу тәсiлi (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз);
9) заемды өтеу әдiсi: аннуитеттiк (теңдей төлемдермен өтеу) немесе сараланған (негiзгi борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы) не банктiң iшкi ережелерiне сәйкес басқа тәсiлмен;
10) заем бойынша берешектi өтеу кезектiлiгi;
11) уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) есептеу тәртiбi және оның мөлшерi. Жеке тұлғаға заем беру кезiнде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) шектi мөлшерi, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртiбi көрсетiледi;
12) комиссиялардың толық тiзбесi және олардың заем беруге байланысты алынуға жататын мөлшерi;
13) заемды өтеудiң және сыйақының тәртiбi (касса арқылы, банктiк шотқа қашықтатылған терминал арқылы және басқалар тараптардың келiсiмi бойынша), кезеңдiлiгi;
14) қамтамасыз етусiз берiлген заемды қоспағанда, қамтамасыз ету (түрi: кепiл, тұрақсыздық айыбы, кепiлдiк, кепiлдеме, ұстап қалу және өзге түрлерi);
15) заемшының шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше тәсiлмен орындамаған жағдайда банк қабылдайтын шаралар;
16) шарттың қолданылу мерзiмi;
17) заемшы - заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебiнiң түрлерi мен мерзiмдерi;
18) заемшының (тең заемшының) ол туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроға беруге және кредиттiк бюроның ол туралы банкке кредиттiк есеп беруге келiсiмiнiң, сондай-ақ тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауына байланысты ақпараттың болуын көрсету;
19) банктiң пошталық мекен-жайы мен электрондық адресi туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет–ресурсы туралы деректер.
4. Мүмкiндiктердi көздейтiн заемшының құқықтары мынадай шарттардан тұрады:
1) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты емес, тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетудi сатып алуға заем алған жеке тұлғаның шарт жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде заемды қайтарғаны үшiн тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлеусiз, банктiң заем берген күннен бастап есептеген сыйақы төлемiн және заемды қайтару;
2) егер негiзгi борышты немесе сыйақыны өтеу күнi демалыс не мереке күнiне түсетiн болса, онда заемшы тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлеусiз, сыйақыны немесе негiзгi борышты төлеудi одан кейiнгi жұмыс күнi жүргiзедi;
3) өтiнiш бойынша үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ақысыз, айына бiр рет шарт бойынша борышты өтеуге түскен кезектi қаражаттың таралуы (негiзгi борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомалар) туралы жазбаша ақпаратты алу;
4) шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе iшiнара мезгiлiнен бұрын банкке қайтару туралы өтiнiш бойынша – ақысыз, үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде негiзгi борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомаларға бөлiнген, мерзiмi өткен төлемдер көрсетiлген қайтарылатын соманың мөлшерi туралы мәлiметтi жазбаша түрде алу;
5) заем алған күннен бастап бiр жыл өткен соң, тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлеусiз, заемды iшiнара немесе толық көлемде мезгiлiнен бұрын өтеу;
6) қызмет көрсету бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде банкке жазбаша өтiнiш жасауға және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында бекiтiлген мерзiмде жауапты алу.
5. Мүмкiндiктердi көздейтiн банктiң құқықтары мынадай шарттардан тұрады:
1) заемшының жағдайын жақсарту мақсатында шарт талаптарын бiр жақты тәртiппен өзгерту;
2) күнтiзбелiк қырық күннен аса заемның кезектi бөлiгi мен (немесе) сыйақы төлемiн қайтару үшiн бекiтiлген мерзiмдi бұзған кезде заем сомасын және ол бойынша сыйақыны мезгiлiнен бұрын қайтаруды талап ету.
6. Талаптарды көздейтiн банктiң мiндеттерi мынадай шарттардан тұрады:
1) тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын ұстап қалмай, заем берген күннен бастап есептелген сыйақыны қоса отырып, осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген заемды шарт жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қабылдау;
2) шарт бойынша борышты өтеуге түскен кезектi ақшаның таралуы (негiзгi борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомалар) туралы ақпаратты жазбаша түрде үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде айына бiр рет ақысыз заемшының өтiнiшi бойынша ұсыну;
3) шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе iшiнара мезгiлiнен бұрын қайтару туралы заемшының өтiнiшi бойынша – негiзгi борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомаларға бөлiнген, мерзiмi өткен төлемдер көрсетiлген қайтарылатын соманың мөлшерi туралы мәлiметтi оған ақысыз, үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, жазбаша нысанда хабарлау;
4) заемшыға мiндеттемелердiң орындалу мерзiмiнiң өткенiн және шарт бойынша төлемдер жасаудың қажеттiгi туралы шартта көзделген мерзiмде және тәсiлмен хабарлауға. Шартта тараптардың келiсуi бойынша кезектi төлем күнiн хабарлаудың мерзiмi мен тәсiлi көзделуi мүмкiн;
5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен бекiтiлген мерзiмде заемшының жазбаша өтiнiшiн қарауға және оған жазбаша жауап әзiрлеу;
6) шарт бойынша (талап ету) құқықтарын үшiншi тұлғаға беру кезiнде (егер құқықты беру шартта көзделген болса) берiлген талап ету құқықтарын толық көлемде, негiзгi борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомаларға бөле отырып, ағымдағы және мерзiмi өткен берешектiң қалдығын, сондай-ақ, талап ету құқы берiлген банкке немесе тұлғаға заемды өтеу бойынша одан арғы төлемдердi тағайындау тәртiбiн үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарлауға.
7. Тыйым салуды көздейтiн банкке қойылған шектеулер мынадай шарттардан тұрады:
1) заемға қызмет көрсету бойынша заемшы – жеке тұлғамен шарт жасасу күнiне бекiтiлген тарифтердi, комиссиялық сыйақылар мен басқа да шығыстардың ставкасын және есептеу тәртiбiн бiр жақты тәртiпте өсiру жағына өзгертуге;
2) жасалған шарт аясында комиссияның жаңа түрлерiн бiр жақты тәртiппен енгiзуге;
3) заем беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргiзуге талаптар көзделген болса заемшыны, кепiл берушiнi сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау кезiнде шектеуге, сондай-ақ заемшыға өзiнiң өмiрi мен денсаулығын сақтандыру мiндетiн жүктеуге;
4) мына жағдайларды қоспағанда, жасалған шарт аясында бiр жақты тәртiппен жаңа заемдарды берудi тоқта тұруға:
банктiң шартта көзделген жаңа заемдар берудi жүзеге асырмау құқы туындаған кезде;
заемшы шарт бойынша банк алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған кезде;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3925 тiркелген) 2005 жылғы 30 қыркүйектегi № 359 қаулысына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4580 тiркелген) 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде - 4602 нөмiрiмен тiркелген) 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына сәйкес банк жүргiзген мониторингтiң нәтижесi бойынша анықталған заемшының қаржылық жағдайының нашарлауы;
5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен шарт жасасу күнiне бекiтiлген сыйақы ставкасын бiр жақты тәртiппен өсiру жағына өзгерту:
шартпен көзделген жағдайларда, заемшының заем алу және заемға қызмет көрсетумен байланысты шынайы ақпараттарды ұсыну бойынша өз мiндеттемелерiн бұзуы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мына жағдайларда банктiң мiндеттемелердi мезгiлiнен бұрын орындауды талап етуге құқының пайда болуы:
банкке алдын ала жазбаша ескертусiз, жиынтығында акционерлiк қоғам (шаруашылық серiктестiк) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесi) иеленетiн заемшының қатысушылары (акционерлерi) құрамының өзгеруi;
заемшымен және (немесе) кепiл берушiмен кепiлге қойылған мүлiктiң мөлшерiн, жай-күйiн және оны сақтау шарттарының орындалуын құжат бойынша және нақты тексеруге, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың заемшы (кепiл берушiнiң) мүлкiне, оның iшiнде банкке кепiлге қойылған мүлiкке талаптар қоюы кепiл ұстаушы болып табылатын банктiң құқын бұзуы;
6) заем алған күннен бастап бiр жылға дейiн негiзгi борыш мезгiлiнен бұрын толық өтелген немесе iшiнара мезгiлiнен бұрын өтелген жағдайларды қоспағанда, заемды мезгiлiнен бұрын өтегенi үшiн тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерiн өндiрiп алу;
7) егер негiзгi борышты немесе сыйақыны өтеу күнi демалыс не мереке күнiне түскен болса және заемшы сыйақыны немесе негiзгi борышты төлеудi одан кейiнгi жұмыс күнi жүргiзген жағдайда тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын өндiрiп алу.
8. Ипотекалық тұрғын үй займы шартын және жеке тұлғамен шартты жасасқанға дейiн банк мiндеттi түрде заемшыға (тең заемшыға) заемды өтеу әдiсiн таңдау үшiн танысуға бiр кезеңдiлiкпен, сараланған төлемдер тәсiлiмен және аннуитеттiк төлемдер тәсiлiмен есептелген заемды өтеу кестелерiнiң жобаларын бередi, бұл ретте банк банктiң iшкi ережелерiне сәйкес сол кезеңдiлiкпен, тәсiлдермен есептелген заемды өтеу кестесiнiң қосымша жобаларын ұсынуы мүмкiн.
9. Шартпен бiрге тараптардың қолдары қойылған займды өтеу кестесi берiледi, онда шарттың нөмiрi мен жасалған күнi, кредит сомасы мен валютасы, өтеу күндерi және негiзгi борышты өтеу, сыйақы сомалары және олардың жиынтық мәнi көрсетiлген кезектi төлемдердiң мөлшерлерi, келесi өтеу күнiндегi негiзгi борыш қалдықтары, сондай-ақ төленуi тиiс кредит пен сыйақының жиынтық сомалары және олардың жиынтық мәнi, кредиттi өтеу кестесi жасалған күн көрсетiледi.
Сыйақы мөлшерлемесi өзгермелi банктiк заем шарты бойынша кредиттi өтеу кестесi кредиттiң берiлу күнiне жасалады және одан кейiн кезектi төлемдердiң мөлшерлерi түзетiледi және кредит беру туралы шартта белгiленген тәртiпте заемшыға (тең заемшыға) мәлiмет үшiн жеткiзiледi.
Егер заемшы (тең заемшы) жеке тұлға болған жағдайда кредит беру күнiне жасалған кредиттi өтеу кестесiнде сондай-ақ заемшының (тең заемшының) таңдаған әдiсi туралы белгiсi бар банк ұсынған өтеу әдiстерiнiң тiзбесi болады.
Кредиттiң кредиттi өтеу кестесiн өзгертуге алып келетiн талаптары өзгерген кезде жаңа талаптар ескерiлген жаңа кесте жасалады.
8-тармақтың және осы тармақтың талаптары бiр айдан аспайтын мерзiмге займ беру туралы шартқа, кредиттiк желi аясында төлем карточкасы бойынша берiлген шартқа, овердрафт кредитiн, сондай-ақ оның аясында займ алу үшiн займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттiк желiнi ашу туралы келiсiмдерге қолданылмайды.
10. Кредит беру туралы шарт қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалады, ал шетелдiк тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда мемлекеттiк және тараптарға қолайлы тiлдерде жасалады, «Тimеs New Rоmаn» шрифтiнiң мөлшерi 12-ден кем емес, жол аралығы жалқы және абзац шегiнiсiн қолдана отырып.
Жеке тұлғалар үшiн осы қаулының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетiлген талаптар шарттың алғашқы екi бетiнде (немесе шарт бiр уақытта екi тiлде ресiмделетiн болса парақты екi бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 13), 14), 15), 16) тармақшалары және 2-тармағының 6) тармақшасы тiкелей олардан кейiн көрсетiледi.
Заңды тұлғалар үшiн осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетiлген талаптар шарттың алғашқы екi бетiнде (немесе шарт бiр уақытта екi тiлде ресiмделетiн болса парақты екi бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 2), 13), 14), 15), 16) тармақшалары және 2-тармағының 6) тармақшасы тiкелей олардан кейiн көрсетiледi.
11. Агенттiк Басқармасының «Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде - 4602 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2007 жылғы наурыз – сәуiр, «Заң газетi» газетiнiң 2007 жылғы 25 сәуiрдегi № 62 (1265) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiнде:
1-тармақтың 3) тармақшасында «кредит беру туралы шарт» деген сөздер «(банктiк заем шарт)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредит беру, кепiл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың түпнұсқаларына, оларға қосымша келiсiмдерге және банк банктiң уәкiлеттi органы бекiткен шарттың үлгiлiк нысанын қолданусыз не банктiң уәкiлеттi органы бекiтусiз осындай үлгiлiк нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаумен байланысты жасасатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрi – шарттардың түпнұсқалары) банктiң заң қызметi басшысының (банктiң филиалында – банк филиалының заңгерiнiң) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және заемшы - заңды тұлғаның және банктiң мөрiмен расталады.»;
3-1 және 3-2-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттiк бюроға беруге келiсiмiнiң көшiрмесi (оның түпнұсқасы банктiң iшкi құжаттарында бекiтiлген тәртiпте және шарттармен банк қоймасында сақталуы тиiс);
10) кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi алушыға кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң көшiрмесi (оның түпнұсқасы банктiң iшкi құжаттарында бекiтiлген тәртiпте және шарттармен банк қоймасында сақталуы тиiс).».
12. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
13. Қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң директоры (Л.Е. Үсенбекова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап, он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» және «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бiрлестiктерiне және мәлiмет үшiн жеткiзсiн.
14. Агенттiк Төрайымының Қызметi (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
15. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсiн.

Төрайым Е. Бахмутова


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina