ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 28 наурызда тiркелдi. Тiркеу N 4148
Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемелерi мен нормативтiк мәнiн, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудiң нысандары мен мерзiмiн белгiлеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2, 42-баптарының ережелерiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Банк конгломераттарына сақтауға мiндеттi мынадай пруденциалдық нормативтердi белгiлесiн:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшерiн;
меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентiн;
бiр қарыз алушы тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiн.

2. Осы қаулыда көзделген банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мақсатында:
банк конгломератының қатысушылары ретiнде банк конгломератының сабақтас ұйымдарын, банк конгломератының сабақтас ұйымының еншiлес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларын, активтерi сабақтас ұйымның активтерiнiң бiр процентiнен кем құралатын бағалы қағаздар тiзiлiмi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргiзудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларын, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесi) оларды өткiзу сәтiне дейiн кепiл шартының талаптарына сәйкес сабақтас ұйымның меншiгiне өткен заңды тұлғаларды қоспағанда, капиталда қомақты үлесi бар банк конгломератының сабақтас ұйымы және (немесе) оның еншiлес ұйымдарын түсiнуге болады. Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерiнiң есептеуiне банк конгломератының бас ұйымы және инвестициялар банк конгломераты қатысушыларының меншiктi қаражаты есебiнен берiлген банк конгломератының қатысушылары туралы мәлiметтер енгiзiледi;
тәуекелдер деп екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтердi есептеудi, нормативтiк мәндi белгiлейтiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес есептелген банк конгломераты қатысушыларының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттемелерiн түсiнуге болады;
банк конгломератының бiр қарыз алушысы деп банк конгломераты қатысушысының тәуекелдерi бар немесе болуы мүмкiн, олар бойынша үшiншi тұлғаның пайдасына борышкер үшiн өзiне мiндеттеме алған банк конгломераты қатысушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге негiздемелер бойынша әрбiр жеке немесе заңды тұлғаны түсiнуге болады.
Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мақсаттары үшiн Standard & Poor,s агенттiгiнiң рейтингтiк бағасынан басқа уәкiлеттi органмен Moody"s Investors Service және Fitch агенттiктерiнiң рейтингттiк бағалары да танылады (бұдан әрi - басқа рейтинг агенттiктерi).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010.04.30 N 58, 2011.02.28 № 21 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

3. Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мақсатында пруденциалдық реттеу мақсатында банк конгломератының қатысушысы тұрған елдiң уәкiлеттi органы пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеушi есеп берудiң стандартына сәйкес сәйкес жасалған банк конгломераты қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есебi пайдаланылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2009.05.26 N 106 (2009 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

4. Банк конгломератының сабақтас ұйымы тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнiнен кешiктiрмей осы қаулының 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiктi ұсынбайтын банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептiлiгiн қоса отырып, банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есептi ұсынады.
Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есепке:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдiң дәрежесi бойынша мөлшерлеген банк конгломераты қатысушыларының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттерi бойынша мәлiметтер;
Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысанда банктiң банк конгломераты қатысушыларына көрсететiн есеп айырысу-касса қызметiнен басқа банк конгломераты қатысушыларының арасындағы қомақты операциялар (ол атқарылған күнi жасалған және банк конгломератының меншiктi капиталының бес және одан артық процентi болатын операциялар танылады) жөнiндегi мәлiметтер сондай-ақ уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктiң олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекiту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4298 тiркелген) сәйкес ұсынылатын мәлiметтердi қоспағанда; .V106423
оның тұрған елiндегi қызметiн реттейтiн тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушыларының нормативтiк мәндерi, пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi туралы мәлiметтер қоса берiледi.
Өткен жылдың төртiншi тоқсанындағы банк конгломератының пруденциалдық нормативтерiнiң орындалуы туралы есептi уәкiлеттi органға есеп берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей ұсынады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен.

5. Банк конгломератының жарғылық капиталының мөлшерi төленген акциялар шегiнде (қатысу үлесi) алынған, сатып алынған меншiктi акцияны (алынған капиталды) шегергендегi сабақтас ұйымның жарғылық капиталының мөлшерiн бiлдiредi.

6. Банк конгломератының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi жүз миллион теңгеден кем болмауы тиiс.

7. Банк конгломератының меншiктi капиталы банк конгломераты қатысушыларының меншiктi капиталының нақты мөлшерiнiң сомасын бiлдiредi.
Банк конгломератының меншiктi капиталын есептеу мақсатында банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншiктi капиталының өзге де салымдары алынып тасталады.
Банк конгломераты қатысушысының төлем қабiлеттiлiгiне (меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiгiне) уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерiнен алып тасталынған инвестиция сомасы осы тармақтың екiншi абзацында көрсетiлген инвестицияларға енгiзiлмейдi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010.07.15 N 109 қаулысымен.

8. Банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерi банк конгломераты қатысушысының төлем қабiлеттiлiгiне (меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiгiне) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған шаманы бiлдiредi. Банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерiн есептеу тәртiбi оның қызметiн реттейтiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Егер, банк конгломераты қатысушысына қатысты меншiктi капиталдың нақты мөлшерiн есептеудiң ерекше тәртiбi белгiленбеген жағдайда, онда меншiктi капиталдың нақты мөлшерi қаржылық есеп берудiң негiзiнде қатысушысының активтерi мен мiндеттемелерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

9. Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерi тұрған елiндегi оның қызметiн реттейтiн тиiсiнше мемлекеттiң уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушысына қатысты оның тұрған елiндегi меншiктi капиталдың нақты мөлшерiн есептеудiң ерекше тәртiбi белгiленбеген жағдайда, онда меншiктi капиталдың нақты мөлшерi 8-тармақтың екiншi абзацына сәйкес айқындалады.

10. Банк конгломераты меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi мынадай тәсiлмен есептеледi:
К = МК/А, мұнда:
К - меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентi;
МК - банк конгломератының меншiктi капиталы;
А - тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк конгломераты қатысушыларының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң сомасы.
Банк конгломераты қатысушысының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттемелерi екiншi деңгейлi банктер үшiн пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесiн, нормативтiк мәндi белгiлейтiн уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес салымдар (банк үшiн - тәуекел дәрежесi бойынша) кредиттiк тәуекелiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленедi.
Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушысының активтерiн, шартты және ықтимал мiндеттемелерiн мөлшерлеу кезiнде банк конгломератының қатысушысы тұрған елде орналасқан тұлғаларға талаптар резидент тұлғаларға талаптар ретiнде салымдар тәуекелiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленедi.
Тәуекел дәрежесi бойынша активтердi, шартты және ықтимал мiндеттемелердi мөлшерлеу мақсатында активтердi, шартты және ықтимал мiндеттемелер олар бойынша құрастырылған арнаулы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.
Тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленетiн банк конгломераты қатысушыларының активтерiнiң, шартты және мүмкiн мiндеттемелер сомаларының есебiне банк конгломераты қатысушыларының бiр-бiрiне қоятын талаптары енгiзiлмейдi.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006.08.12 N 157, 2008.10.02 N 147 Қаулыларымен .

11. Банк конгломератының меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффицентi 0,14-тен кем болмайды.
Банк конгломератының меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффицентi банк конгломератының құрамына кiретiн банктiң:
1) iрi қатысушы-жеке тұлғасы бар болған кезде 0,12-ден кем болмайды;
2) бас банкi не банк холдингi бар болған кезде 0,10-нан кем болмайды.
Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2008.10.02 N 147, өзгерту енгiзiлдi - 2010.04.30 N 58 Қаулыларымен.

11-1. Банк конгломератының меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффицентi оның құрамындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртiпте Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдингi акцияларын сатып алған банк немесе орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi банк бар болған кезде 0.10-нан кем болмайды.
Ескерту. Қаулы 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2009.05.26 N 106 (2009 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

12. Банк конгломератының бiр қарыз алушысына тәуекелдiң ең жоғары мөлшерi мынадай формула бойынша айқындалады:
ЖМ = Т/МК мұнда:
ЖМ - банк конгломератының бiр қарыз алушысына тәуекелдiң ең жоғары мөлшерi;
Т - банк конгломератының бiр қарыз алушысына тәуекел мөлшерi;
МК - банк конгломератының меншiктi капиталы;

13. Бiр қарыз алушыға тәуекел мөлшерi екiншi деңгейлi банктер үшiн пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесiн, нормативтiк мәнiн белгiлейтiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң белгiленген талаптарымен ұқсас есептеледi.
Бiр заемшының тәуекел мөлшерiне банк конгломераты қатысушыларының бiр-бiрiне қоятын талаптары енгiзiлмейдi.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .

14. Бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерi мынадан:
1) лауазымды тұлға немесе банк конгломераты қатысушысының басшы қызметкерi, сондай-ақ олардың жақын туысқандары;
2) банк конгломераты қатысушысының iрi қатысушысы, сондай-ақ iрi қатысушының - жеке тұлғаның жақын туысқаны, немесе iрi қатысушының бiрiншi басшысы - заңды тұлғаның жақын туысқандары;
3) осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көрсетiлген тiкелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын тұлғалар не дауыс берушi акциялардың (қатысу үлесiнiң) жиырма бес және одан астам процентiне ие көрсетiлген тұлғалар;
4) банк конгломератының қатысушысы тiкелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банк конгломератының қатысушысы дауыс берушi акциялардың (қатысу үлесiнiң) жиырма бес және одан астам процентiне ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туысқандары болып табылатын тұлғалар бойынша банк конгломераты меншiктi капиталының он процентiнен;
басқа да заемшылар үшiн банк конгломераты меншiктi капиталының жиырма бес процентi (оның iшiнде, заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелердiң бланктiк заемдары бойынша не заемшыға банк конгломератының ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard&Poor"s агенттiгiнiң рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын осы деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерiне және Standard&Poor"s агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еместерiне қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты меншiктi капиталының 0,10-нан астам емес).
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010.04.30 N 58 қаулысымен.

15. Әрқайсысының мөлшерi банк конгломераты меншiктi капиталының он процентiнен асатын бiр қарыз алушыға банк конгломераты қатысушысы тәуекелдерiнiң сомасы банк конгломераты меншiктi капиталының мөлшерiнен сегiз еседен астам аспауы тиiс.

16. Қарыз алушыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемi олардың пайда болған күнiнде осы қаулымен белгiленген шектеулер шегiнде табылған, бiрақ банк конгломераты меншiктi капиталының деңгейi соңғы үш айдың iшiнде бес проценттен аспайтын төмендеуiне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрiнген, соңғы үш айдың iшiнде он проценттен аспайтын, шетел валютасына теңгенiң орташа алынған биржалық бағамының өсуiнен қарыз алушыға банк конгломераты талаптарының өсуiне байланысты соңында көрсетiлген шектеулерден асып кеткен жағдайда, бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiнiң нормативi орындалған болып саналады.
Егер осының алдындағы есептi күнде заемшыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемi осы қаулымен белгiленген шектеулер шегiнде болған жағдайда, бiрақ нәтижесiнде банк конгломератының меншiктi капиталы деңгейiнiң осының алдындағы есептi күннен кейiнгi кезең iшiнде заемшыға деген талап бес проценттен артық төмендеуiне байланысты, не заемшыға деген талап осының алдындағы есептi күннен кейiнгi кезең iшiнде он проценттен артық көрсетiлген шетел валюталарына теңгенiң орташа алынған биржалық бағамының өсуiнен заемшыға банк конгломераты талаптарының өсуiне байланысты аталған шектеулердi көтерген жағдайда бiр заемшыға деген тәуекелдiң барынша жоғары мөлшерiнiң нормативi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк конгломератының сабақтас ұйымы шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органға жоғарыда көрсетiлген асып кету туындағанда күннен кейiнгi күн iшiнде хабар бередi және келесi есептi күнге дейiнгi кезең iшiнде шектен асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету жағдайы аталған мерзiмде жойылмаған жағдайда, бiр заемшыға деген тәуекелдiң барынша жоғары мөлшерiнiң нормативiнен асып кету аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы ретiнде қаралады.
Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .

17. Банк конгломератының сабақтас ұйымына осы қаулымен белгiленген пруденциалдық нормативтердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес шектеулi ықпал ету шаралары, мәжбүрлi шаралары, сондай-ақ санкциялар қолданылуы мүмкiн.

18. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мағыналарын және есептеу әдiстемелерiн, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептердi беру нысандары мен мерзiмiн белгiлеу жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325 қаулысының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3334 тiркелген, "Заң газетi" N 204-205 (938-939) газетiнде, 2005 жылғы 4 қарашада жарияланған).

20. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

21. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

22. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына 1-қосымшасы

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006.08.12 N 157, өзгерту енгiзiлдi - 2010.07.15 N 109 қаулыларымен.

БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНЫҢ ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ НОРМАТИВТЕРДI
ОРЫНДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП ___________________________________________________________
(банк конгломераты сабақтас ұйымының атауы)

Банк конгломераты жарғылық капиталының есебi
Банк конгломератының жарғылық (төленген) капиталы ______ тең
(мың теңгемен)
Алынған капитал ________________ тең
(мың теңгемен)
Банк конгломератының жарғылық капиталы ________________ тең
(мың теңгемен)

1-кесте

Банк конгломераты меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк
коэффициентiнiң есебi

Ескерту. 1-кестеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010.07.15 N 109 қаулыcымен.

мың теңгемен

№N


Банк конгломераты қатысушыларының атауы

Жиынтығы

1.

Меншiктi капиталдың
нақты мөлшерi



2.

Инвестициялар



3.

Инвестицияларды шегергендегi меншiктi капиталдың нақты мөлшерi



4.

Банк конгломератының қатысушылары тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерлеген активтерiнiң, шартты және ықтимал мiндеттемелерi сомасы


5.

Банк конгломераты меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi


1-кестенi толтыру жөнiндегi ереже:
"Банк конгломераты қатысушыларының атауы" атты баған олардың қысқаша атауы көрсетiлетiн банк конгломераты қатысушыларына тиiстi санына қосалқы бағандарға бөлiнедi.

2-кесте

Бiр заемшының тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiнiң есебi

Коэффициенттiң атауы


Тәуекел мөлшерi

Тәуекелдiң банк конгломераты меншiктi капиталының мөлшерiне қатынасы

Борышкер және банк конгломераты тәуекелiнiң түрi туралы мәлiметтер


1

2

3

Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға банк конгломераты тәуекелiнiң ең жоғары мөлшерi




Банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға банк конгломераты тәуекелiнiң ең жоғары мөлшерi




Мөлшерi банк конгломераты меншiктi капиталының он процентiнен асатын банк конломераты тәуекелiнiң сомасы




Төраға ____________________________
(фамилиясы, аты-жөнi және қолы)

[мөрi]

Бас бухгалтер __________________________
(фамилиясы, аты-жөнi және қолы)

күнi _______

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына 2 қосымша

Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .

1 кесте

Салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша
мөлшерленген активтер, шартты және мүмкiн
мiндеттемелер кестесi

______________________________________________
(банк конгломераты қатысушыларының атауы)

мың теңгемен

N №

Салымдардың кредит тәуе келiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленген банк конгломераты қатысушыларының актив терiнiң, шартты және мүмкiн мiндеттемелерi баптарының атауы

Процентпен тәуекел дәрежесi

Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер сомасы

Элиминирлеу

Жиынтық

Салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер сомасы

Дебет

Кредит


Активтер:








I-топ:







1


0






2








...









II-топ







1


20






2








...









III -топ







1


50






2








...


75






...









IV -топ







1


100






2








...









V-топ







1


100






2








...








...


150






...









Жиынтық:

Х







Салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер сомасы

Х







Салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелердiң жиынтық сомасы

Х






Кестенi толтыру жөнiндегi ережелер:
"Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер сомасы (мың теңгемен)" бағаны олардың қысқаша атаулары көрсетiлген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетiн қосалқы бағандарға бөлiнедi.
Шартты және мүмкiн мiндеттемелер екiншi деңгейдегi банктердiң пруденциалдық нормативтер есебiн, нормативтiк мәнiн белгiлейтiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмiне сәйкес салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленедi.

2 кесте

Рыноктық тәуекелдi және операциялық тәуекелдi
ескерiп мөлшерленген активтердiң, шартты және мүмкiн
талаптар мен мiндеттемелер кестесi

______________________________________________
(банк конгломераты атауы)

мың теңгемен

Тәуекел атауы

Банк конгломераты қатысушысының атауы

Жиынтық

Рыноктық тәуекел



Операциялық тәуекел



Төраға __________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және қолы)

[мөр]

Бас бухгалтер ________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және қолы)

күнi _______

Кестенi толтыру жөнiндегi ережелер:

"Банк конгломераты қатысушысының атауы" бағаны рыноктық және операциялық тәуекелдерге маңыз беретiн, сондай-ақ олардың қысқаша атаулары көрсетiлген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетiн шағын бағандарға бөлiнедi.

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысының 2-қосымшасы

Салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi
бойынша өлшенген активтердiң кестесi
______________________________________________
(банк конгломераты қатысушыларының атауы)

N

Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнiн, есептеуiн белгiлейтiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенетiн активтер бабының атауы

Тәуекелдiң дәрежесi процентпен

Баланс бойынша активтердiң сомасы (мың теңгемен)

Салымдардың кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген активтердiң сомасы


I топ:




1


0



2





...






II топ




1


20



2





...






III топ




1


50



2





...


75



...






IV топ




1


100



2





...






V топ




1


100



2





...





...


150



...






Жиынтығы:

х



Кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген шартты және
ықтимал сомасы ______________
(мың теңгемен)

Шартты және ықтималы мiндеттемелер екiншi деңгейдегi
банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнiн,
есептеуiн белгiлейтiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiсiнiң талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелiнiң
дәрежесi бойынша өлшенедi.

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына 3 қосымша

Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .

Банк конгломераты қатысушылары арасындағы
қомақты операциялар бойынша мәлiметтер

№N

Қарсы агент атауы

Операциялар түрi

Валюта түрлерi

Сомасы (мың теңгемен)

Шарт жасалған күн (талаптарды орындау басталған күн)

Шарттың iс-қимылы аяқталған күн (талаптарды орындау аяқталған күн)

1.








Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina