ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 17 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылы 11 сәуiрде № 6885 болып тiркелдi
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне бағалы қағаздар нарығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын iске асыру және бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi – Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Агенттiк Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту» 2005 жылғы 30 шiлдедегi № 268 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3832 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiнде:
кiрiспе «Акционерлiк қоғамдар туралы» деген сөзден кейiн «(бұдан әрi - Заң)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
2) тармақшадағы «, iшкi аудит қызметiнiң (егер ол бар болса) басшысы» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшаның үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесiн сайлау (директорлар кеңесiнiң жаңа мүшесiн сайлау) жөнiндегi мәселенi қарау кезiнде қоғамның жалпы жиналысының хаттамасынан үзiндi көшiрмесiнде директорлар кеңесiнiң сайланған мүшесi қай акционердiң өкiлi және (немесе) директорлар кеңесiнiң сайланған мүшелерiнен кiм тәуелсiз директоры болатыны көрсетiледi. Егер директорлар кеңесi мүшелiгiне кандидат «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 3-тармағында көрсетiлген акционер не жеке тұлға болып табылса, онда бұл мәлiметтер де акционерлер тiзiмiн қалыптастыру күнiне акционердiң қоғамның дауыс беретiн акцияларын иелену үлесi туралы деректердi қоса алғанда қоғамның жалпы жиналысының хаттамасынан үзiндi көшiрмесiнде көрсетiледi;»;
1-қосымшада:
51-тармақтағы «iшкi аудит қызметiнiң басшысы (егер ол бар болса)» деген сөздер алып тасталсын.
2. Агенттiк Басқармасының «Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ереженi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шiлдедегi № 269 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3822 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнде:
1-тармақтың алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады. Инфрақұрылымдық облигациялар, төленуi осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигациялар, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылымы проспектiсiмен облигациялар ұстаушылар өкiлiмен жасалған шарттардың көшiрмелерi қоса берiледi.»;
1-4-тармақта «(оның бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде)» сөздерден кейiн «төленуi алдында эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигацияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «банк кепiлдiгiн қамтамасыз еткен облигациялар» деген сөздер «ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мақсатында уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш.
Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көзделген облигациялар шығарылымы талаптарына өзгерiстер енгiзген жағдайда өтiнiште мынадай ақпарат көрсетiледi:
бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткенi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялаған күнi туралы;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткенi туралы (облигациялар ұстаушылардың саны елуден аспаған жағдайда) жазбаша хабарламаны жiберген күнi туралы;
бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмiн жариялаған күнi туралы;
2) бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитент мөрiнiң бедерiмен расталған облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер мен толықтырулар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қағаз тасымалдауышта екi данада жасалған. Бұл ретте екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) жасалған өзгерiстер мен толықтырулар бар;
3) қаржылық есеп берусiз Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдауышта енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулары бар (мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi) облигациялар шығарылымы проспектiсi (облигациялық бағдарлама);
4) облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) соның негiзiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесi;
5) эмитенттiң атауы, оның тұрғылықты орны, облигация түрiнiң өзгеруi, облигациялардың саны және (немесе) олардың айналыс мерзiмi кемiген жағдайдағы облигациялар шығарылымы проспектiсiн (облигациялық бағдарлама) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы;
6) облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу нәтижесiнде облигацияның меншiк иелерi құқықтарының бұзылмайтындығы туралы эмитенттiң жазбаша мiндеттемесi;
7) эмитенттiң атауы өзгерген, шаруашылық серiктестiктердегi қатысушылардың құрамы өзгерген жағдайда (шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары тiзiлiмiн жүргiзу бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен жүзеге асырылатын шаруашылық серiктестiктердi қоспағанда) – заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркелу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi мен жарғыға өзгерiстердiң көшiрмесi;
8) эмитенттiң тұрғылықты орны өзгерген жағдайда - әдiлет органының заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмге (заңды тұлғалардың электронды тiркелiмiне) жаңа мәлiметтердi енгiзуiн растайтын құжаттың көшiрмесi және жарғыға енгiзген өзгерiстердiң көшiрмесi;
9) облигациялар саны азайған жағдайда тiркеушi берген облигациялар саны азайғаны жөнiндегi шешiм қабылданған күннiң алдындағы күнiне бағалы қағаздарды есепке алу үшiн эмитенттiң жеке шотының жай-күйi туралы үзiндiнiң көшiрмесi.
Эмитенттiң соттың құрылымды қайта қарау жөнiндегi шешiмiне сәйкес құрылымды қайта қарауы жүргiзiлген жағдайда осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 5), 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
сот бекiткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшiрмесi және оның iшiнде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерiстерiн қоса бере отырып, эмитенттiң құрылымын қайта қарауды өткiзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
мiндеттемелерiнiң құрылымын қайта қарау жорамалданып отырған эмитент кредиторларының жиналысы өтетiн күнi тiркеушi берген облигацияларды ұстаушылар тiзiлiмiнiң көшiрмесi;
Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетiлген талаптардың орындалуын растайтын мерзiмдi баспасөз басылымы беттерiнiң көшiрмесi.
Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетiлген облигациялар шығарылымының проспектiсiндегi (облигациялық бағдарлама) мәлiметтер өзгерген жағдайда осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1)–3), 5), 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардан басқа, облигация ұстаушылардың (сот шешiмiне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайлардағы қайта құрылымдау жүргiзетiн эмитенттердiң қоспағанда) жалпы жиналысы шешiмiнiң көшiрмесi қосымша берiледi.
Облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
эмитенттiң атауы, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткiзiлетiн облигациялар шығарылымының мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткiзу күнi, уақыты және жерi;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында қатысқан ұстаушылардың облигациялар саны туралы мәлiметтер;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртiбi;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында облигациялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген негiзiндегi мәселе бойынша дауыс беру тәртiбi;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы төрағасының және хатшысының аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi облигациялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген негiзiндегi дауыс беруге салынған әр мәселесi бойынша облигациялар ұстаушылар дауыстарының жалпы саны;
облигациялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген негiзiндегi мәселе бойынша күн тәртiбiнiң әр тармағы бойынша эмитенттiң облигациялар ұстаушыларының жалпы жиналысымен қабылданған шешiмi;
облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысымен қабылданған шешiмдер.»;
5-4-тармақта «мемлекеттiк тiркелуi» деген сөзден кейiн «төленуi осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигацияларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын»;
12-1, 12-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Облигациялар шығарылымының күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органмен Заңның 30-1-бабында көзделген негiздемелер бойынша қабылданады.
12-2. Облигациялар шығарылымының күшiн жою үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ерiктi нысанда жазылған өтiнiш;
2) облигациялар шығарылымының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған эмитенттiң шешiмiнiң көшiрмесi;
3) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң, облигациялар шығарылымының проспектiсiнiң уәкiлеттi органның тiркеу туралы белгiсiмен түпнұсқалары;
4) егер осы шығарылымның бiр де бiр облигациясы орналастырылмаса немесе эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын қайталама бағалы қағаздардың нарығында сатып алған жағдайда жою туралы шешiмдi қабылданған күнге тiркеушiнiң облигациялар ұстаушыларының жоғы туралы хабарламасы;
5) қолданыс мерзiмi аяқталған жағдайда осы шығарылымның барлық облигациялары бойынша талап ету құқықтарының сатып алынғанын растайтын құжат.
Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде эмитент осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарға қосымша сотпен бекiтiлген қайта құрылымдау жоспарының көшiрмесiн қоса бере отырып, эмитенттiң қайта құрылымдауын жүргiзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады.
Мәжбүрлеп таратылатын эмитенттiң тарату комиссиясы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарға қосымша тарату процесiнiң аяқталғанын растайтын құжаттарды (тарату балансының көшiрмесiн) ұсынады.»;
14-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi «эмитент» деген сөз «банк» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-3-тармақта:
5) тармақшада «облигациялар шығарылымы эмитент кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген» деген сөздер «ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «, оның iшiнде облигациялар шығарылымы талаптарын» деген сөздер алып тасталсын;
16-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16-3. Эмитент облигациялар бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған күннен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде және тоқсан сайын айдың 10 (оныншы) күнiнен аспайтын мерзiмде уәкiлеттi органға облигациялар бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған кезең iшiнде осы Ереженiң 10-қосымшасына сәйкес мәлiметтердi ұсынады.»;
1-қосымшада:
33-1-тармақ «сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген» деген сөздерден кейiн «, жалпы активтерi көлемiнiң кем дегенде он пайызын құрайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
38-тармақта:
5-1) тармақша «облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртiбi» деген сөздерден кейiн «(осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигацияларды қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-9) тармақшамен толықтырылсын:
«5-9) төленуi осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигациялар шығарылған кезде осы облигациялардың мемлекеттiк тiркелу күнi мен нөмiрi, олардың түрi және саны қосымша көрсетiледi;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) облигациялық заемның нысаналы мақсаты;»;
2-қосымшада:
21-1-тармақ «сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген» деген сөздерден кейiн «, жалпы активтерi көлемiнiң кем дегенде он пайызын құрайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
23-тармақта:
7) тармақшадағы «.» деген тыныс белгiсi «;» деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) облигациялық заемның нысаналы мақсаты;»;
3-қосымшаның 7-тармағындағы «, iшкi аудит қызметi басшысының (болған жағдайда)» деген сөздер алып тасталсын;
5-қосымшаның 5-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) облигациялар шығарылымының мемлекеттiк тiркелу күнiн және нөмiрiн, осы облигациялар түрiн, санын көрсете отырып, төленуi осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын орналастырылған облигациялар туралы ақпарат;»;
9-қосымшада:
«Облигациялар шығарылымының күшiн жою туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша бiр де бiр акция орналастырылмаған.» деген сөздер алып тасталсын;
«Акциялар шығарылымы ______________________күннен бастап күшiн жойды.» деген сөйлемнiң алдынан «____________________ байланысты» деген сөздермен толықтырылып, «Акциялар» деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
10-қосымшада:
«

Берешектi толық төлеу үшiн жетiспейтiн сомасы

9


»

деген бағаннан кейiн мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын
«

Негiзгi берешектiң сомасы

9-1


».

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
5. Лицензиялау департаментi (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап, он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiктерiне мәлiмет үшiн жеткiзсiн.
6. Агенттiк Төрайымының Қызметi (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсiн.

Төрайым Е. Бахмутова


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina