Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 қазандағы № 1133 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiкменстан Үкiметi арасындағы Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасы арқылы халықаралық темiр жол өткiзу пунктi туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 714 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiкменстан Үкiметi арасындағы Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасы арқылы халықаралық темiр жол өткiзу пунктi туралы келiсiмге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 714 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi Берiк Сайлауұлы Камалиевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiкменстан Үкiметi арасындағы Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасы арқылы халықаралық темiр жол өткiзу пунктi туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.». 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|