Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 наурыздағы № 268 Қаулысы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 наурыздағы N 340 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнiм берушiнi таңдауды және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнiм берушiнi таңдауды және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 91-жолмен толықтырылсын: « 91. | «Ұлттық инновациялық қор акционерлiк" қоғамы | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi | » 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|