ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 271 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 271 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1. «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiнде:
бүкiл мәтiн бойынша:
«жеткiзушiде (дайындаушыда, сатушыда)», «жеткiзушiнiң (дайындаушының, сатушының)», «жеткiзушi (дайындаушы, сатушы)» деген сөздер тиiсiнше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзеу iс-шараларын», «түзеу iс-шаралары» деген сөздер тиiсiнше «түзеу әрекеттерiн», «түзеу әрекеттерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дайындаушы, сатушы» деген сөз «дайындаушы (орындаушы)» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тарауда:
1-тармақтағы «(бұдан әрi нормативтiк құжаттар)» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақта:
«басқа да нормативтiк құжаттың» деген сөздер «басқа да нормативтiк құжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«сынақтарды» деген сөз «сәйкестiктi растау саласындағы жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өнiмнiң сәйкестендiрiлуiн жүргiзуге, оның iшiнде жiктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестiгiн, шыққан жерiн, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламентке және нормативтiк құжатқа, тауарға iлеспе құжатқа, жеткiзуге арналған шартқа (келiсiмшартқа), ерекшелiкке, затбелгiне, заттаңбаға және өнiмдi сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестiктi растау үшiн жиынтығында жеткiлiктi белгiлердi, параметрлерi, көрсеткiштерi және талаптары бойынша сәйкестiгiн тексеруге. Сәйкестендiру кезiнде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарын өнiмдi таңбалауға қажеттi ақпарат бөлiгiнде сақталуы ескертiлуге тиiс;»;
11-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәйкестiктi растау схемасын өтiнiш берушi сәйкестiктi растау органымен бiрлесiп анықтайды.»;
26-тармақтағы «осы өнiмге арналған нормативтiк құжаттарда және зертхана құжаттарында белгiленедi» деген сөздер «зертхана белгiлейдi» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндiрiстiң жай-күйiн талдау кезiнде мыналар тексерiледi:»;
48-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «көлемi, мазмұны мен жүргiзу тәртiбi осы өнiмге арналған нормативтiк құжаттарда белгiленедi» деген сөздер «көлемiн, мазмұны мен жүргiзу тәртiбiн орган белгiлейдi» деген сөздермен ауыстырылсын;
85-тармақта:
1) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы «немесе кәсiпорын өндiрiсiнiң» деген сөздер алынып тасталсын;
90-тармақтың 2) тармақшасында «89» деген сандар «85» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген Техникалық регламентке 2-қосымшада:
«инспекциялық тексеруге» деген сөздер «инспекциялық бақылаумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
тақырыбындағы «200__ жылғы «____»___________ » деген сөздердiң алдынан «20___ж. «____» ________ №______ өтiнiм бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Техникалық регламентке 6-қосымшада:
«Қызметтердi сертификаттау схемаларын қолдану» деген бөлiмнiң екiншi абзацында «Кәсiпкер-азаматтар» деген сөздер «жеке кәсiпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 159 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 8, 88-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
1-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын
«Осы Техникалық регламенттiң талаптары белгiленетiн ПК өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 9-қосымшада келтiрiлген.»;
13-тармақтың 7) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
«ПК өнiмдердiң қауiпсiздiк талаптары» деген 4-бөлiмнiң «Сәйкестiк презумпциясы» деген кiшi бөлiмi алынып тасталсын;
«Үйлестiрiлген стандарттар тiзбесi» деген 6-бөлiм алынып тасталсын;
көрсетiлген техникалық регламентке 6-қосымшада:
ескертпедегi тоғызыншы және оныншы абзацтарда «қатты сабындар; ерiнге, қасқа, көзге арналған құрғақ қарындаштар;» деген сөздер алынып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
3. «Жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 8 қарашадағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 478-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
6-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өндiру кезiнде қосылатын шикiзат пен материалдардың, технологиялық үдерiсiнiң және дайын өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Өнiмдi таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiне сәйкес келуi тиiс, анық, тексерiлетiн, жеңiл оқылатын, сондай-ақ осы Техникалық регламенттiң 2-қосымшасында көзделген оның түрiне қарай өнiмнiң таңбалануына (затбелгi қойылуына) қойылатын қосымша талаптарды қамтуы тиiс.
Экологиялық таза материалдардан дайындалған өнiмге экологиялық таза өнiмге арналған нормативтiк құжаттамаға сәйкес белгi қойылуы тиiс.
Импорттық өнiмдер үшiн: елi, өнiмнiң қайда дайындалғаны, фирмалық атауы және латын әлiпбиiн пайдалана отырып, шетелдiк дайындаушының мекенжайын көрсетуге рұқсат етiледi.»;
17-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
42-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) талшықтың барлық түрлерiнен жасалған маталар және трикотаж жаймалар; тоқыма және трикотаж материалдарынан жасалған киiмдер (үшiншi қабат киiмдерiнен басқа), iш киiм, асханалық, төсек, шомылу керек-жарақтар, шұлық-ұйық бұйымдары;»;
көрсетiлген Техникалық регламентке 1-қосымшада:
«ҚР СЭҚ ТН Коды» деген бағандағы «ҚР» деген аббревиатура «КО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетiлген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
«Тоқыма және трикотаж материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» деген 1-кестеде:

«

Көйлек жейде тiгiн бұйымдары, тоқыма материалдардан жасалған жейденiң барлық түрi

-

60

1014

300

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Көйлек жейде тiгiн бұйымдары мен жейденiң түрлерi

2

60

1014

300

»;

«Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалған бұйымдардың бояуға берiктiк көрсеткiштерi» деген 4-кестеде:

«

Тоқыма көрпе
Басқа тартатын орамалдар және соған ұқсас бұйымдар

Құрғақ жағдайда үйкеу

4

4

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Тоқыма көрпе, басқа тартатын орамалдар және соған ұқсас бұйымдар

Құрғақ жағдайда үйкеу

4

4

».

көрсетiлген Техникалық регламенттiң 6-қосымшасы алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 271 қаулысына
қосымша

«Парфюмерлiк-косметикалық
өнiмдердiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентiне
9-қосымша

Оларға қатысты осы Техникалық регламенттiң талаптары белгiленетiн өнiм тiзiмi

Позицияның атауы

КО СЭҚ ТН коды

Конкреттердi және абсолюттердi қоса алғанда, эфир майлары (құрамында терпендер бар немесе жоқ); резиноидтер; экстрагирленген эфир майлары; майлардағы, ұшпайтын майлардағы, балауыздағы немесе анфлераж немесе мацераций әдiсiмен алынатын ұқсас өнiмдердегi концентраттар; эфир майлары детерпенизациясының терпендiк жанама өнiмдерi; су дистиляттары және эфир майларының су ерiтiндiлерi:

3301

- цитрус жемiстерiнiң эфир майлары:


- - апельсиндiк:

3301 12

- - - құрамында терпендер бар

3301 12 100 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 12 900 0

- - лимондық:

3301 13

- - - құрамында терпендер бар

3301 13 100 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 13 900 0

- - өзгелерi:

3301 19

- - - құрамында терпендер бар

3301 19 200 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 19 800 0

- эфир майлары, цитрус жемiстерiнiң эфир майларынан басқа:


- - бұрыштық жалбыздық (Mentha piperita):

3301 24

- - - кұрамында терпендер бар

3301 24 100 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 24 900 0

- - жалбыздың басқа түрлерiнiң:

3301 25

- - - құрамында терпендер бар

3301 25 100 0

- - - құрамында терпендер жок

3301 25 900 0

- - өзгелерi:

3301 29

- - - қалампырлық, неролийлiк және иланг-иланговалық:


- - - - құрамында терпендер бар

3301 29 110 0

- - - - құрамында терпендер жоқ

3301 29 310 0

- - - өзгелерi


- - - - құрамында терпендер бар

3301 29 410 0

- - - - құрамында терпендер жоқ


- - - - - геранийлi; ветерийлi; жасминдi

3301 29 710 0

- - - - - лавандалы немесе лавандиндi

3301 29 790 0

- - - - - өзгелерi

3301 29 910 0

- резиноидтар

3301 30 000 0

- өзгелерi:

3301 90

- - эфир майлары детерпенизациясының терпендiк жанама өнiмдерi

3301 90 100 0

- - экстрактелген эфир майлары


- - - лакрица мен хмельден

3301 90 210 0

- - - өзгелерi

3301 90 300 0

- - өзгелерi

3301 90 900 0

Әтiр және иiс сулар:

3303 00

- әтiр

3303 00 100 0

- иiс сулар

3303 00 900 0

Косметикалық құралдар және макияжға арналған заттар, терi күтiмiне арналған заттар (дәрiлiктерден басқа), күнге күю және күнге күюге қарсы заттарды, маникюр мен педикюр заттарын қoca алғанда:

3304

- ерiнге макияж жасауға арналған заттар

3304 10 000 0

- көзге макияж жасауға арналған заттар

3304 20 000 0

- маникюрге немесе педикюрге арналған заттар

3304 30 000 0

- өзгелерi:


- - жинақысын қоса алғанда, опа

3304 91 000 0

- - өзгелерi:

3304 99 000 0

Шашқа арналған заттар:

3305

- су сабындар

3305 10 000 0

- перманенттiк бұйралауға немесе шашты тiктеуге арналған заттар

3305 20 000 0

- шаш лактары

3305 30 000 0

- өзгелерi:

3305 90

- - шаш лосьондары

3305 90 100 0

- - өзгелерi

3305 90 900 0

Tic протездерiн бекiтетiн ұнтақтар мен пасталарды коса алғанда, ауыз қуысы немесе тiстердiң тазалығына арналған заттар:

3306

- тiс тазалайтын заттар

3306 10 000 0

- өзгелерi

3306 90 000 0

Қырынардан бұрын, қырыну кезiнде немесе қырынғаннан кейiн пайдаланылатын құралдар, жеке мақсаттағы дезодоранттар, ванна қабылдауға арналған құрамдар, шаш алатын құралдар және басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген өзге де парфюмерлiк, косметикалық және иiс заттары, ароматтандырылған немесе ароматтандырылмаған, дезинфекциялық қасиеттерi бар немесе жоқ үй-жайларға арналған дезодоранттар:

3307

- қырынардан бұрын, қырыну кезiнде немесе қырынғаннан кейiн пайдаланылатын құралдар

3307 10 000 0

- жеке мақсаттағы дезодоранттар мен антиперспиранттар

3307 20 000 0

- ароматтандырылған тұздар мен ванна қабылдауға арналған өзге де құрамдар

3307 30 000 0

Сабын, сабын құрамында бар немесе жоқ қалыпты бұйымдар түрiнде немесе тiлiмдер, кесек қалпында сабын сапасына пайдаланылатын жоғары-активтi органикалық заттар мен құралдар; сабын құрамында бар немесе жоқ бөлшек сату үшiн бөлiнген және сұйық немесе крем түрiнде терiнi жууға арналған жоғары-активтi органикалық заттар мен құралдар; қағаз, мақта, киiз немесе фетр және сабынмен немесе жуу құралы сiңдiрiлген немесе жағылған мата емес материалдар:

3401

- сабын және қағаз, мақта, киiз немесе фетр және сабынмен немесе жуу құралы сiңдiрiлген немесе жағылған мата емес материалдар және қалыпты бұйымдар түрiнде немесе тiлiмдер, кесек қалпында жоғары-активтi органикалық заттар мен құралдар:


- - иiс сабын (дәрiлiк бұйымдар қосылған сабынды қоса)

3401 11 000 0

- - өзгелерi

3401 19 000 0

- өзге қалыптардағы сабындар:

3401 20

- - жапалақ қауыз, вафли, түйiршiк немесе ұнтақ

3401 20 100 0

- - өзгелерi

3401 20 900 0

- сабын құрамында бар немесе жоқ бөлшек сату үшiн бөлiнген және сұйық немесе крем түрiнде терiнi жууға арналған жоғары-активтi органикалық заттар мен құралдар; қағаз

3401 30 000 0


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina