ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890 Қаулысы
Жер учаскелерiне төлемақының базалық ставкаларын бекiту туралы

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.10 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Мыналар белгiленсiн:
1) 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары;
1-1) мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiне жеке сервитут белгiлеу үшiн жер салығы мөлшерiнiң елу пайызы мөлшерiнде төлемақы;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы.
Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;
3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
31 жылдан 49 жылға дейiн - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.05.22. N 408 (алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.10 № 1154(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

2. Жер учаскелерi үшiн төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық ставкаларының жоғарыда көрсетiлген мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге қойған кезде жердi бағалау үшiн, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестердiң жарғылық қорларына жарна ретiнде не өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда, меншiк иесiн (жер пайдаланушыны) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерiн немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активтерiне енгiзген кезде және жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылсын.

3. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган инфляцияның жалпы деңгейi туралы мемлекеттiк статистика деректерiнiң және жер нарығының мониторингi нәтижелерiнiң негiзiнде қажеттiлiгiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларының өзгеруi туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.10 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдары жергiлiктi талаптарға және ерекшелiктерге орай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi қоспағанда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде және ауылдық елдi мекендерде жеке меншiкке беру кезiнде жер учаскелерiнiң базалық ставкаларын бекiтсiн.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.10 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 20, 174-құжат);
2) "Жекелеген отандық өндiрушiлердi қолдау мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763 қаулысының 9-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 28, 236-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 194-құжат).

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегi
N 890 қаулысына
1-қосымша

Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.10 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегi
N 890 қаулысына
2-қосымша

Жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке
меншiкке берген кезде олар үшiн төлемақының
БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ

Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.07.13. N 666 (алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22. N 408 (алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

гектарына мың теңгемен
(таблицаның жалғасы бар)
____________________________________________________________________
| Ауыл | Топырақтың типтерi мен шағын типтерi
Облыстар | шаруашы. |_____________________________________________
| лығы | қара топырақты| қою |қызыл|ашық |қоңыр| сұр
| алқапта. |_______________|қызыл|қоңыр|қызыл| |қоңыр
| рының |шайыл.|оңтүстiк|қоңыр| |қоңыр| |
| түрлерi |ған, | | | | | |
| |қара. | | | | | |
| |пайым | | | | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егiстiк 49,4 34,4 24,4 18,1 11,9
суармалы
егiстiк 71,9 63,1 53,1 46,9 43,1
шабындық 14,4 13,1 10,6 10,6 6,9
жайылым 9,2 8,1 6,9 5,6 4,4

Ақтөбе суарылмайтын
егiстiк 33,1 23,1 16,9 11,9
суармалы
егiстiк 65,6 56,9 49,3 43,1 39,4
шабындық 11,9 10,6 9,4 6,9 4,4 4,4
жайылым 8,1 5,6 4,4 4,4 2,3 1,9

Алматы суарылмайтын
егiстiк
суармалы
егiстiк 40,2
шабындық 5,6
жайылым 2,0

Атырау суармалы
егiстiк 41,9 38,2 31,7
шабындық 5,6 4,4 4,4
жайылым 3,1 2,2 1,9

Шығыс суарылмайтын
Қазақстан егiстiк 59,5 39,4 25,6 18,1 14,4 7,8
суармалы
егiстiк 68,4 63,3 55,6 45,6 44,4 30,7
шабындық 18,2 14,5 11,9 10,6 6,9 4,4 4,4
жайылым 13,5 11,7 8,1 5,6 3,1 1,9 1,9

Жамбыл суарылмайтын
егiстiк 40,2
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 2,0

Батыс суарылмайтын
Қазақстан егiстiк 33,1 24,4 18,1 10,6
суармалы
егiстiк 65,6 56,9 49,3 45,6
шабындық 13,1 10,6 9,4 6,9 3,1
жайылым 9,4 6,9 4,4 4,4 1,9

Қарағанды суарылмайтын
егiстiк 34,4 21,9 18,1 11,9 7,8
суармалы
егiстiк 63,1 54,4 44,4 43,1 38,1 31,7
шабындық 11,9 8,1 8,1 6,9 4,4 3,1
жайылым 6,9 5,6 4,4 3,1 1,9 1,7

Қызылорда суармалы
егiстiк 39,4 50,1
шабындық 5,6
жайылым 2,0 2,0

Қостанай суарылмайтын
егiстiк 51,9 35,6 26,9 19,4 11,9
суармалы
егiстiк 73,1 63,1 51,9 46,9 43,1
шабындық 14,4 13,4 11,6 10,6 5,6 5,6
жайылым 7,9 7,6 6,9 5,6 3,1 1,9

Маңғыстау суармалы
егiстiк 39,4 32,7
жайылым 1,8 1,7

Павлодар суарылмайтын
егiстiк 29,4 21,9 16,9 10,6
суармалы
егiстiк 56,9 46,9 43,1 41,9
шабындық 18,1 15,6 13,1 6,9
жайылым 8,1 6,9 5,6 3,1

Солтүстiк суарылмайтын
Қазақстан егiстiк 55,6 38,1 29,4
суармалы
егiстiк 71,9 63,1 54,9
шабындық 15,6 14,4 11,9
жайылым 12,8 10,6 8,1

Оңтүстiк суарылмайтын
Қазақстан егiстiк
суармалы
егiстiк 51,6
шабындық 4,4
жайылым 2,0
____________________________________________________________________

(таблицаның жалғасы)
____________________________________________________________________
| Ауыл | сұр |құм.| сұр |сұр |тауға |тауға |суб.
Облыстар | шаруашы. |қоңыр |дар |топы.|топы.|жапсар.|жапсар.|алпi.
| лығы |(күрiш| |рақты|рақ. | лас | лас |лiк
| алқапта. | себу | |ашық |ты | және | және |және
| рының |айма. | |және |(мақ.|таулық |таулық |алпi.
| түрлерi | ғы) | |қара.|та | ашық | қара |лiк
| | | |пайым|шару.| қызыл | топы. |
| | | | |аш. | қоңыр |рақты |
| | | | |айма.| | және |
| | | | |ғы) | |қызыл |
| | | | | | |қоңыр |
____________________________________________________________________
1 2 10 11 12 13 14 15 16
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,8

Ақтөбе суарылмайтын
егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,9

Алматы суарылмайтын
егiстiк 14,4 25,6 30,6
суармалы
егiстiк 89,6 82,4 126,9
шабындық 11,9 11,9 13,1 11,9
жайылым 2,0 5,6 8,1 9,4 8,1

Атырау суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,8

Шығыс суарылмайтын
Қазақстан егiстiк 14,5 26,8 49,4
суармалы
егiстiк 66,0
шабындық 10,6 11,9 14,4 10,6
жайылым 1,9 5,6 8,1 9,4 8,1

Жамбыл суарылмайтын
егiстiк 15,6 24,4 26,9
суармалы
егiстiк 74,5 114,1
шабындық 10,6 10,6 11,9 9,4
жайылым 1,9 5,6 6,9 8,6 6,9

Батыс суарылмайтын
Қазақстан егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,9

Қарағанды суарылмайтын
егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,9

Қызылорда суармалы
егiстiк 99,2
шабындық 10,6
жайылым 1,9 4,4

Қостанай суарылмайтын
егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,9

Маңғыстау суармалы
егiстiк
жайылым 1,8

Павлодар суарылмайтын
егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым 1,9

Солтүстiк суарылмайтын
Қазақстан егiстiк
суармалы
егiстiк
шабындық
жайылым

Оңтүстiк суарылмайтын
Қазақстан егiстiк 16,9 24,4 26,9
суармалы
егiстiк 99,2 87,8 137,7 130,5
шабындық 11,9 10,6 11,9
жайылым 2,0 4,4 6,9 8,8 6,8
____________________________________________________________________

Ескертпе: көп жылдық екпелер егiлген жер учаскелерi егiстiкке белгiленген базалық төлем ставкалары бойынша бағаланады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына берiлетiн жер учаскесiнiң құрамындағы басқа да алқаптар (сортаң топырақтар, құмдар, тақыр жерлер және ауыл шаруашылығы алқаптары массивтерiне араласқан басқа да алқаптар) топырақтың тиiстi типi мен кiшi типi бойынша жайылымға белгiленген базалық төлем ставкасының 50 пайызы мөлшерiнде бағаланады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina