ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысы
Техникалық реттеу және метрология мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу және метрология мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Миниcтрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 12 маусымдағы
№ 558 қаулысымен
бекiтiлген

Техникалық реттеу және метрология мәселелерi
жөнiндегi комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. Техникалық реттеу және метрология мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) техникалық реттеу және метрология жүйелерiн жетiлдiру;
2) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерiн қарау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
1) мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу және метрология жүйелерiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
2) әзiрлеуге ұсынылатын техникалық регламенттердiң тұжырымдамаларын алдын ала қарау қорытындылары бойынша техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
3) салалардағы техникалық реттеу және метрология жүйелерiн дамыту жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

5. Комиссия өз құзыретiнiң шегiнде:
1) мемлекеттiк органдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттiлiгiне қарай тартуға;
3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарында тыңдауға;
4) техникалық реттеу және метрология саласындағы жұмыстарды одан әрi жетiлдiру жөнiнде мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзуге құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарда төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды және шешiмдердiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке және Комиссия әзiрлеген шешiмдерге дербес жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлiгiне жүктеледi.
8. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық, қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
9. Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыс өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
10. Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
11. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келiсiлгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей Комиссияның әрбiр мүшесiне жеткiзiледi.
12. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр рет қана өткiзiледi және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.
13. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төраға берген дауыс шешушi болып табылады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрлерiн бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
14. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
15. Комиссияның отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

16. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Комиссияның қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 12 маусымдағы
№ 558 қаулысына
1-қосымша

Техникалық реттеу және метрология мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 қазандағы № 1156, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.13 N 41, 2012.02.02 № 194, 2012.03.15 № 334 Қаулыларымен.
Ахметов - Қазақстан Республикасы
Серiк Нығметұлы Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары, төраға енгiзiлсiн
Төлеушин - Қазақстан Республикасының
Қаныш Аманбайұлы Индустрия және жаңа технологиялар
вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Сәтбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия
Рыскелдi Ахметқалиұлы және жаңа технологиялар
министрлiгi Техникалық реттеу және
метрология комитетiнiң төрағасы,
хатшы

Байжүнiсов - Қазақстан Республикасының
Ерiк Әбенұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Ескендiров - Қазақстан Республикасының
Абай Мұқашұлы Экономикалық даму және сауда
вице-министрi
Тыныбеков - Қазақстан Республикасы Iшкi
Қайрат Сағатханұлы iстер министрiнiң орынбасары
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Бiржан Бидайбекұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi
Орынханов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Мұрат Қадесұлы және ғылым вице-министрi
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Сәрсенов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Сәкен Сейiтжаппарұлы және коммуникация вице-министрi
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай
Берiк Зиябекұлы және газ, вице-министрi
Өмiрияев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслiм Тайырұлы шаруашылығы вице-министрi
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мирлан Бегежанұлы ортаны қорғау вице-министрi
Омаров - Қазақстан Республикасы Спорт
Мұрат Ескелдiұлы және дене шынықтыру iстерi
агенттiгi төрағасының орынбасары
Әкiмжанов - Қазақстан Республикасы Құрылыс
Жандос Әбiлханұлы және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық iстерi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Жарқынбаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзiмханұлы агенттiгi төрағасының орынбасары
Молдабеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мейiрбек Молдабекұлы ғарыш агенттiгi төрағасының
орынбасары
Радаев - «Атамекен» Қазақстан ұлттық
Сергей Юрьевич экономикалық палатасы» заңды
тұлғалар бiрлестiгiнiң басқарушы
директоры (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 12 маусымдағы
№ 558 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1. «Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыру үшiн ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 тамыздағы № 790 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 17 ақпандағы № 174 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2244 қаулысы.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina