ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 наурыздағы № 420-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180- құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):

1) 9-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi «жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

2) 10-бапта:
4-тармақ «жер учаскелерi бойынша,» деген сөздерден кейiн «осы баптың 4-1-тармағында көрсетiлген жерлердi қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан, осы Кодекстiң 97-бабына сәйкес ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуi үшiн қажеттi үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған, шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерi бойынша, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн жеке меншiкке берген кезде оларға төлемақының базалық ставкаларының мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.»;

3) 12-баптың 22), 24) және 40) тармақшалары «жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

4) 19-1-бап «жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

5) 33-баптың 1-тармағының бесiншi бөлiгi, алтыншы бөлiгiнiң бiрiншi абзацы және 2-тармағының 6) тармақшасы «Жер пайдалану», «жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

6) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн.»;

7) 37-бапта:
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi «ұзақ мерзiмдi жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы:
1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн:
Қазақстан Республикасының азаматтарына – 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге;
оралмандарға – 10 жылға дейiнгi мерзiмге;
2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына – 49 жылға дейiнгi мерзiмге;
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.»;

8) 43-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасы және 9-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы «жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;

9) 46-баптың 2-тармағы «Оралмандарға» деген сөзден кейiн «шаруа немесе фермер қожалығын және» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 97-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берiледi.
Пайдалануға беру мерзiмi кемiнде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiн көрсетiлген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетiлген мерзiмдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi;
3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi.»;

11) 101-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «өтеулi уақытша жер пайдалану құқығымен» деген сөздер «уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қызметiн кемiнде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметiн тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiн сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiн сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстiң 10-бабының 4-1-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығы өзiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесiлi, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскелерiн, оларды пайдалану және оларға қызмет көрсету үшiн қажеттi жерiмен қоса сатып алуға құқылы.
Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскелерiн, оларды пайдалану және оларға қызмет көрсету үшiн қажеттi жерiмен қоса сатқан немесе сыйға тартқан кезде сатушының бүкiл жер учаскесiне тиiстi құқығын алуға сатып алушының басым құқығы болады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтың өтiнiшi және осы өтiнiшке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учаскесiне құқықты ресiмдеу үшiн жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi.».

2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
22-1-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат, 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

1) тақырыптағы және бүкiл мәтiн бойынша «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) бүкiл мәтiн бойынша «қолданылып жүрген заңдарға», «қолданылып жүрген заңдарда» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының заңнамасына», «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 1-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «отбасылық-еңбек» деген сөздер «еңбек» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
«және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда» деген сөздер алып тасталсын;
«жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары туралы осы Заңның ережелерi оралмандарға қолданылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) және басқа да адамдар болып табылады.»;
3-тармақтың төртiншi абзацындағы «шаруашылық қызметi» деген сөздер «қызмет» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының iс-әрекетке қабiлеттi азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.»;
5-тармақ алып тасталсын;

4) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

«1-1-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен
мүшелерiнiң құқықтары және мiндеттерi

1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерiн бiлдiруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерiнiң бiреуiне өзiнiң функцияларын орындауға уәкiлеттiк беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындауға;
5) iшкi қағидаларды, оларды қабылдау рәсiмдерiн және шаруа немесе фермер қожалығының iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды бекiтуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне қатысуы туралы мәселенi шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерi жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебi мен есептiлiгiн жүргiзудi ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн шешiмдерiн өз құзыретi шегiнде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi үшiн еңбек жағдайын жасауға;
4) жалдамалы қызметкерлердi жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң жалпы жиналысында белгiленген тәртiппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркiмен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлiк есебiнiң, есептiлiгiнiң деректерiмен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттiк органдарға басшының және басқа мүшелердiң заңсыз iс-әрекеттерiне шағым жасап жүгiнуге;
4) өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмдерiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының iшкi құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тiркеген органға ортақ өтiнiш берiп хабарлауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.»;

5) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру

1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерiктi негiзде құрылады және жер учаскесiне құқық мемлекеттiк тiркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жағдайларда, дара кәсiпкер ретiнде тiркелгеннен кейiн құрылды деп есептеледi.
2. Бiрлескен кәсiпкерлiкке негiзделген шаруа немесе фермер қожалығын тiркеген кезде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк шаруа немесе фермер қожалығының басшысына берiледi. Куәлiкке салық органының тиiстi аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.»;

6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi

1. Шаруа қожалығының мүлкi, егер оның мүшелерiнiң арасындағы шартпен өзгеше белгiленбесе, оларға бiрлескен меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкi оның мүшелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Жеке кәсiпкерлiкке негiзделген фермер қожалығының мүлкi оған жеке меншiк құқығымен тиесiлi болады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелерi, жер учаскесiндегi екпелер, оның iшiнде жеке орман қорының екпелерi, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкiн.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiмдер және табыстар шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.»;

7) 6-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «49 жылға дейiнгi» деген сөздер «10 жылдан 49 жылға дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылып, «жер пайдалану» деген сөздерден кейiн «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын;
үшiншi бөлiк «сомасын төлеу» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қызметiн кемiнде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметiн тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiн сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiн сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.»;
4-тармақта:
екiншi бөлiктегi «және шаруашылық серiктестiктiң немесе өндiрiстiк кооперативтiң келiсiмiмен» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiк «жер учаскесi» деген сөздерден кейiн «, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Азаматтың өтiнiшi және осы өтiнiшке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учаскесiне құқықты ресiмдеу үшiн жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi.»;

8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер
учаскесiн беру тәртiбi

1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн өздерiне арнайы жер қорының жерi мен босалқы жер құрамынан жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығы берiлуiне мүдделi азаматтар жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң халыққа қызмет көрсету орталықтарына, олар болмаған жағдайда, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш бередi.
2. Өтiнiште:
1) жер учаскесiн пайдалану мақсаты;
2) оның болжамды көлемi;
3) орналасқан жерi;
4) сұралып отырған пайдалану құқығы;
5) басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы);
6) шаруа немесе фермер қожалығының құрамы көрсетiлуге тиiс.
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiшке шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерi қол қояды.
Өтiнiшке:
1) ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң қысқаша бағдарламасы;
2) өтiнiш берушi азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
3) тиiстi бiлiмi немесе арнайы дайындықтан өткенi туралы құжаттар (олар болған кезде);
4) еңбек қызметiн растайтын құжаттар (олар болған кезде) қоса берiледi.
Қосымша құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.
3. Ауыл шаруашылығы ұйымдары жерiнiң және ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы жердiң құрамынан шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алатын азаматтар (осы Заңның 6-бабының 3, 4 және 5-тармақтары) өтiнiшке осы баптың 2-тармағында көрсетiлгендерден басқа, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдарды қоса бередi.
Азаматтардың ауыл шаруашылығы ұйымына немесе ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларға беретiн, шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiштерiн олар бiр айдың iшiнде қарауға тиiс. Бұл ретте жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы егiс жұмыстары басталғанға дейiн не аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Басқа жағдайларда жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншiкке (ортақ жep пайдалануға) қатысушылардың келiсiмiмен жүргiзiледi.
4. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық меншiк иелерi (жер пайдаланушылар) көрсетiле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерiне ресiмделедi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.»;

9) 9-баптың 3-тармағында:
үшiншi бөлiктегi «мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он жылдан кейiн» деген сөздер «жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының төмендеген әрбiр он пайызы үшiн екi жылды құрайтын, жер учаскесiмен мәмiле жасасуға шек қою мерзiмi өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы осындай құқықты сатып алмастан, кепiлге, шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде берiлуi мүмкiн.»;

10) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
«мемлекеттiк қажеттiктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алып қойылған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иелiктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 11-бапта:
5) тармақшадағы «қолданылып жүрген» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы «жер туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 12-бапта:
1-тармақта:
бесiншi абзацта:
орыс тiлiндегi мәтiнiне түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;
«алынғанда (сатып алынғанда)» деген сөздер «мәжбүрлеп иелiктен шығарылғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацтағы «заңдарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн берiлген және мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесi Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес алып қойылуы мүмкiн.»;

13) 18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 20-баптың 4-тармағындағы «азаматтық заңдармен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы
туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.».

4. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
31-баптың 2-тармағындағы «(фермерлiк)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. «Өсiмдiктер карантинi туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
7-баптың 1-тармағының 21) тармақшасындағы және 12-баптың 5) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

6. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Ауыл шаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне медиация мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
35-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар):

1) 10-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы «ауыл шаруашылығы» деген сөздердiң алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «республикалық» деген сөздiң алдынан «ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

10. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» 2003 жылғы 8 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
12-баптың 3-тармағындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
1-баптың 12) тармақшасының екiншi абзацындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат):
9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

13. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №7, 29- құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.

14. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы «жою үшiн,» деген сөздерден кейiн «жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар үшiн,» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina