Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 Қаулысы
Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi ұлттық кеңестi құру туралы
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi ұлттық кеңес (бұдан әрi - Ұлттық кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Ұлттық кеңес туралы ереже; 2) Ұлттық кеңестiң құрамы бекiтiлсiн. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiнде республикалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 қазандағы № 1124 қаулысы. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов