Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1159 Қаулысы
Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 892 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 922 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|