Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 Қаулысы
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов