Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы
Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекiту туралы«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 188-бабы 4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Стратегиялық объектiнi сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 2 сәуiрдегi № 312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат); 2) «Стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иелiктен шығару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 сәуiрдегi № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне стратегиялық объектiлер мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 270-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|