Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2003 жылғы 5 ақпан N 131
Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңын және аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысының 4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi: Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2004.10.15. N 1058 қаулысымен. 1. Қосымшаға сәйкес Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейiн жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктарының қызметiн жоғарыда аталған Ережеге сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi